Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/31/12, 19:46
ЕРКЕТАЙ АМАНТАЙ
салеметсиз бе агрономия факулътетнде сырттай оку 1ЖЫЛГА КАНША ТУРАДЫ
Құрметті Амантай! «Агрономия» мамандығы бойынша 1 курсты сырттай оқу бөлімінің бір жылдық оқу ақысы – 124 700 тг.
8/29/12, 23:42
Сейтбаев Серик
Салеметсиз бе. Мен Алматыда Каз ҰТУ ды техникалык физика мамандыгын битирдим. Енди Астана каласынан осы мамандык бойынша магистратура сырттай окысам деп ол мумкин бе? Мумкин болса канша жылдык багасы?
Құрметті Серік! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінде Сіз бітірген мамандық бойынша магистратура мамандығы жоқ. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы «17» маусымдағы № 261 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистратура. Негізгі ережелер. (ҚР МЖМБС 5.04.033-2011)» ережесінің 4,6 тармағына сәйкес магистратурада білім алу тек қана күндізгі оқу түрінде жүргізіледі.
8/28/12, 14:30
Шабденова Жулдызайым
Салеметсиз бе!Мен 2 курс студентимин 1 курстын 2 семестрында жатахана алуга отиниш жазгам.Бирак,али алган жокпын.патер жалдап туруга жагдайым жетпейди.казир каланын сыртында таныстарыммен жатаканада турудамын.отинем,жатахана берулеринизди сураймын!
Құрметті Жұлдызайым! Студенттік жатақханаға орналастыру кезеңі тамыздың 27-28 аралығында өтті. Уақытында жатақхана алмаған жағдайда, кезекке тұруға болады.
8/26/12, 01:44
Айдос
Салеметсизбе! Менин койар сурагым биыл электрэнергетикасы мамандыгына 2 курстарга оку akisi канша болды?жане жатакхана алуга 29-wi тамыз куни отиниш бере аламынба жане кай уакытка дейин? алдын ала рахмет!
Айдос «Электроэнергетика» мамандығы бойынша 3 курс оқу ақысы – 364 608 тг.
8/25/12, 01:17
Тышқанбаева Шолпан
Құрметті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы жартылай жетім балдарға университет тарапынан қандай көмектер бар сол туралы ақпарат билейн деп едім. Рахмет!
Құрметті Шолпан! Толық емес отбасынан шыққан студенттерге деген арнайы көмек көздері қарастырылмаған. Бірақ жатақханадан орын бөлген кезде бұл жағдайдар ескеріледі.
8/24/12, 12:49
Ешенгазиева Макпал
Салеметсіз бе? Университет сайтынан қашықтықтан оқыту бөлімі ашылғанын оқыдым, қашықтықтан оқыту бағдарламыс бойынша 5В071100 – «Геодезия және картография» мамандығы бойынша құжат тапсыруға бола ма? Менің бакалавр мамандығым - география, егер мүмкін болса қай уақытқа дейін, оқу ақысы қандай?
Құрметті Мақпал! Жерге орналастыру факультетіндегі «Геодезия және картография» мамандығының күндізгі оқу бөліміне 25.08.2012 ж. дейін студенттер қабылдадық. Күндізгі бөлімдегі оқу ақысы 1 жылға - 321 000 теңге. Сырттай қашықтықтан оқыту жөнінде 31-75-22 телефоны арқылы біле аласыз.