Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
9/11/12, 20:56
динара
Құрметті ҚазАТУ ректоры Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мырза,сырттай тарихқа тапсырғым келіп еді,жылына канша төлеу керек алдын ала каншасын төлеймін,жане 15 дейн тапсырсам үлгере аламба соны айтып бересізбе ?рахмет
Құрметті Динара! Бiздiң университетте тарих мамандығы жоқ. Құжаттарды қабылдау тамыздын 25 дейін жүзеге асырылды. Қандай мамандықтар дайындалатыны жөнінде және қабылдау ережелері жайлы толық ақпаратты мына сайттан www.agun.kz «АБИТУРИЕНТ» қосымшасынан біле аласыз. Байланыс телефондары: 8(7172)31-75-56, 39-80-18 Студенттерді қабылдау бөлімі; 31-75-22, 39-39-19 Сырттай оқыту факультеті.
9/8/12, 21:41
Молдагалиева Лунара
Саламатсыз ба Ақылбек Қажығұлұлы!Мен Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің Жерге орналастыру мамандығының 3ши курс студенті боламын.Сізге қояр сауалым,академиялық ұтқырлық арқылы 1 семестр ҚазАТУ-да білім алуыма мүмкіндік бар ма?және жатақхана мәселесі калай шешіледі?өзім мемл.тік грант иегері әрі 1ші курстан бастап жоғарғы шәкіртақыға ие болдым!рахмет
Құрметті Лунара! Академиялық ұтқырлық бойынша Сіз ҚазАТУ-да «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша білім ала аласыз. Бірақ 1-ші семестрдің басталып кетуіне байланысты Сіздің тек 2-ші семестрде білім алуға мүмкіндігіңіз бар. Өкінішке орай Сізге жатақхана берілмейді.
9/8/12, 21:33
Жанибек
Құрметті Куришбаев А.К. мырза! Мен ВжМШТ факультетінің Аз-ТТТ мамандығының 2 курс студентімін. Менің білейін дегенім 2курста әскери кафедраға қайта тапсыруға бола ма? Өткен жылы құжаттардың толық болмауына байланысты түсе алмай қалған едім. РАХМЕТ!!!
Құрметті Жанибек! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 24 мамырдағы № 449 «Мемлекеттік органдардың азаматтарды әскери қызметке дайындауды ұйымдастыру және қамтамасыздандыру ережелерін бекіту туралы» Қаулысының 6 тарауының 38 тармағына сәйкес әскери кафедрада оқу үшін студенттерді іріктеу 1 курстың 1-ші семестрінде өткізіледі (сәулет өнері факультетінің мамандықтарында оқитындардан басқа), ал екінші семестрінде оқу басталады. Жоғарыда айтылғанның негізінде, Сіз. келесі оқу жылында әскери кафедраға студенттерді іріктеуде қайтадан қатыса алмайсыз.
9/8/12, 20:28
Садықова Айдана
Сәлеметсіз бе! Мен техникалық факультеттің 1-курс студентімін. Мен коп балалы отбасына тегін проездной билет береді дегенді естігем. Отбасында 4 баламыз. Ағам \"көлік және коммуникация\" колледжінде оқиды және оған проездной билет береді. менің сұрайын дегенім маған да проездной билет береді ме? Берсе қандай құжаттар қажет? Алдын-ала рахмет!!!
Құрметті Айдана! Университетіміздің «Студенттік Кәсіподақ ұйымы» Астана қаласының әкімшілігінің қолдауымен көп балалы отбасынан шыққан студенттерге (соның ішінде 4 бала мектепте, колледжде немесе университетте оқитын болса) ай сайын тегін жолақы билеттерін береді. Ол үшін төменде көрсетілген құжаттарды КҚФ (ФОП) ғимаратының 2 қабатындағы «Студенттік Кәсіподақ ұйымы » кабинетіне өткізіңіз. Қажетті құжаттар тізімі: 1. Жеке куәлік (көшірме) 2. Отбасыдағы барлық балалардың туу туралы куәлігі (көшірме) 3. ГЦВП-дан анықтама (анаңыздың ай сайынғы жәрдемақысының бағасы жазулы анықтама жергілікті жерден, түпнұсқа) 4. Деканат анықтамасы (түпнұсқа) 5. Отбасы құрамы немесе заңды түрде тіркелген үй кітапшасының көшірмесі. Анықтама тел: 8 775 839 20 55.
9/6/12, 21:19
Zhumakhan Akzhamal
Salamatsiz ba? Men energetikalik fakultettin,elektr energetikasi mamandiginda 2 kursta okimin. Men 1 kurstin jazgi emtixaninda barlik sabagimdi 5-ke jauip, grantka otiniw bildirgen bolatinmin. Kop balali otbasinanmin jane universitet iwinde fizika paninen otkizilgen olimpiadadan 3 orindi ielendim. Byil osi mamandikka kanwa grant bosagan jane koritindisi kawan wigadi? Sodan keyin okudin akwasi nege jil otken sayin ose beredi? Nege turakti bolip kalmaidi? Sizden kanagattanarliktai jauap alamin degen umittemin. Nazar audarganinizga raxmet!
Құрметті Ақжамал! ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 бұйрығы негізінде босаған білім гранттарын тағайындау туралы ережесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Осыған сәйкес университет ішінде босаған білім грант орындарына ғана келісім-шарт негізінде оқитын студенттердің құжаттары қарастырылады. 2011-2012 оқу жылының жазғы емтихан сессиясы нәтижесінде Сіздің мамандығыңыз бойынша білім гранты негізінде оқитын студенттер оқудан шығарылған жоқ, яғни конкурс болмады. Шығындардың толық қайтарымымен бакалаврларды мақсатты дайындау келісім-шартына сәйкес, оқу ақысы жыл сайын қайта қаралады және оқу ақысының көлемі жыл сайын Қазақстан Республикасы бойынша ресми түрде белгіленген инфляция деңгейіне сай өзгереді. Оқу ақысының жыл сайынғы өсімі алдыңғы жылдағы оқу ақысынан инфляция коэффициентіне сәйкес жоғарылайды, бірақ 10%-дан аспауы тиіс.
9/3/12, 12:40
Айгерим
Құрметті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы! Негизги сурагым магистрантардын жатакханасында жайлы 4500 тенге тым кымбат емес пе? Ен болмаса тамак писиретин болме де жок жатакханада тумбочкалар да жок сонда не ушин 4500 толеймиз? оте кымбат деп есептеймин студенттерде барлык жагдай бар ари арзан сонда биз адам емеспиз бе немесе магистрант атагымыз ушин акша толеймиз ба? Осы сурагымды карастыруынызды отинемин
Құрметті Айгерім! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 7 тамыздағы №374 бұйрығының 1-тармағы, 3-тармақшасы негізінде «...мемлекеттік жоғары оқу орындарында білім алатындардың жатақханада тұру ақысының ең ақырғы нормасы айлық стипендия көлемінің 15 пайызынан аспайды» (15% - 38931 теңге стипендия көлемінің 5839 теңгесін құрайды). Университет басшылығы магистранттардың әлеуметтік жеңілдік жасау мақсатында университет жатақханасында тұру ақысы 4500 теңге көлемінде белгіленген (2012 жылғы 28 мамырдың №374 бұйрығы). Бірақ, жатақханалардың шығынын бұл төлемдер жаппайды. Сондықтан, олар жылда университтетің басқа қаржы көздерінен қаржыландырылады.