Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/24/12, 10:42
Бердижаров Баубек Ералиевич
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мырза! Мен негізі сұрақ емес, Қазақ агротехикалық университетіне алғысымды білдіргім келеді. 2004 жылы студенттер қатарына қабылданып, 2012 жылы жерге орналастыру факультеті деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметіне дейін істеп, 8 жыл өмірімді арнадым. Осы жыл ішінде Мен - сарқылмас білім, өрге сүйрер өнер, өнеге, келешекте өз жемісін беретін қызметтік тәжірбие жинадым. Сіздей мықты басшы басшылық жасап отырған оқу ордамызды келешекте мықты жоғарғы оқу орны қатарына қосатыныңыз күмәнсіз. Сіздің камандаңызда Айтжан Мұхамеджанұлындай, Базархан Ергешұлындай, Роза Нұрсапақызындай Талғат Толыбайұлындай және де тағы басқа тұлғалардың жұмыс істеуі Сізді жеңіске жетелейтіні анық. Әсіресе, Жерге орналастыру факультетіне және жерге орналастыру факультетінің деканы Рауза Калтайқызына, декан орынбасары Нұргул Абуталіпқызына, Жерге орналастыру кафедрасының меңгерушісі Жақсыгелді Қасымұлына және Төлеген Ермағанбетұлына, Бағалау кафедрасының меңгерушісі Әдия Асқарқызына және Жанабыл Алдабергенұлына, Геодезия кафедра меңгерушісі Е.К.Нуржуминге, Кадастр кафедрасының меңгерушісі Гулнар Кеңесқызына және менің ең жақсы көретін Кадастр кафедрасындағы әріптестеріме алғысымды білдіремін. Сіздерің қызметтеріңіз ел үшін істеліп жатқан ерен еңбек екені белгілі. Сіздерге мол табыс, қызметтеріңізге жеңіс тілеймін.
Сәлеметсіз бе, Баубек Ералиевич! Алғыс білдіргеніңізге, рахмет. Сіздің де алға қойған мақсаттарыңызға жетуіңізге тілектеспін.
8/21/12, 16:20
Абдыкеримов Жарылқасын
Құрметті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы сіздерде \"Аңшылықтану және аң шаруашылығы\" мамандығында жұмысқа бос орын барма?! Негізгі жұмыс өтілім 4жыл,3жыл \"Зоология Институт\" ҚРБҒМ және 1жыл Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті,Осы мамандықтың магистрімін.
Құрметті Жарылқасын Абдыкеримов! Аталмыш мамандық бойынша ассисентік лауазымына 2 орынға конкурс жарияланған. Заңды түрде белгіленген тәртіп бойынша құжаттарыңызды конкурсқа тапсырып, қатысуыңызға болады. 2012 жылғы 25 тамызға дейін құжат тапсыра аласыз.
8/19/12, 22:26
Айтуған Жетебаев
салеметсіздер ме! менің қояр сұрағым, мен ақылай негізге оқиын деп едім,алайда бұған алдын ала 50 пайыз мөлшерде ақшасын төлеу керек екен бір өкініштісі менде ол ақша қыркүйек айында ғана болады не істесем болады?
Құрметті Айтуған! Оқу ақысы екі этаппен төленеді: 25 тамызға дейін – 50%, қысқы сессияда – 50 %.
8/19/12, 17:57
Жазира
Салеметсизбе агай!осы жылы Биотехнология мамандыгынын акылы тури канша болады?Жане мен Коркыт ата атындагы кызылода мемлекеттик университетинин Биология мамандыгы бойынша 2курсстуденти едим.Мен кыскы семестрден кейин Биотехнология мамандыгына алмаса аламын ба?Жане жаксы окыган студенттерге семестр сайын грант болинеди ме жане канша?
Құрметті Жазира! Сіздің сауалыңыз бойынша оқу орнымыздың 5В070100-«Биотехнология» мамандығына қысқы және жазғы сессия демалыс уақыты аралығында ауысуыңызға болатынын хабарлаймыз. Ауысу барысында пән айырмашылығына байланысты кредит сағаты төленеді (1 кредит – 7870 теңге). Сонымен қатар 2012-2013 оқу жылына аталған мамандық бойынша оқу ақысы 2 курс студенттері үшін 260 163 теңгені құрайды. Ал, грант мемлекеттік білім беру иегерлері грантынан бас тартқан жағдайда бөлінеді. Қосымша сұрақтар бойынша Ветеринария және мал шаруашылығы технологиясы факультетінің деканатына хабарласуыңызды сұраймын. Телефон: 8 / 7172/-38-39-01.
8/17/12, 23:36
Венера
Саламатсызба, Ақылбек Қажығұлұлы .Менын кызым бугын 17.08.2012 документын тапсырды .Окудын акшасын Ертен сагат 13 00 ге дейын откызу керек деп звандап жатыр .Мен казыр Украинада Командировкадамын.Киевте банк сагат 10 ашылады .Астанада саг 13 болады (3сагатка озгерыс )Сызден отыныш Окудын акшасын кай уакытка дейын толеуге болады, жане канша пайызын ?Жауабын кутем. Рахмет. Венера Кульбаева
Құрметті Венера! Оқу ақысы екі этаппен төленеді: 25 тамызға дейін – 50%, қысқы сессияда – 50 %.
8/17/12, 13:26
Азат
\"Стандарттау, сертификаттау және метрология\" мамандығы бойынша 1 курстың оқу ақысы каннша? Рахмет.
Құрметті Азат! «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша оқу ақысы – 296 000 тг.