Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
9/13/13, 14:02
Турманов Мадияр
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы менің сізге деген сұрағым ҚазАТУ-нің студенттері спорттық және т.б қоғамдық жұмыстарға араласса, жеңілдіктер беріледі ме? Оқу барысынан босатылады ма? Алдын ала алғысымды білдіремін..
Құрметті Мадияр! Студенттердің қоғамдық жұмыстарына қатысуы білім алу барысына өз кедергісін келтірмеуі керек. Сондықтан жеңілдік беру мәселесі қарастырылмаған. Ал оқу барысынан босату болатын спорттық жарыстар мен мерекелік шараның деңгейіне қарай қарастырылады.
9/6/13, 15:22
Қанат
Ассалаумағалейкум кұрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен аңшылықтану және аң шаруашылығыда оқимын, бірінші курс студентімін. Сізге қояр сұрағым, менің және топтағы ұлдардың Әскери Дайындық(Военный Кафедра) сабағын оқығымыз келеді. Бізге не істеу керек? Жауабыңызды асыға күтеміз! РАХМЕТ!
Құрметті Қанат! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011ж.5.09 № 363 бұйрығы негізінде 5В080300 «Аңшылықтану және аң шаруашылығы» мамандығы әскери кафедраға іріктеуде қатыстырылмайды. Сізге екі нұсқада кеңес бере аламыз: 1. ЖОО бітіргеннен ке йін сіз 1 жыл бойы жедел қызмет өткересіз. 2. ЖОО бітіргеннен кейін сіздің Қорғаныс министрлігінің арнайы ұйымдарында қайтару негізінде 1 айдан тұратын дайындықтан өтуге құқығыңыз бар. Кейін оқуды аяқтау жөнінде сертификат алғаннан соң әскери билет аласыз.
9/5/13, 17:20
Manas Daulet
Сәлеметсізбе Ректор мырза! Мен энергетикалық факультеттың 2-курс студентімін.Сізге өтінішім бар еді,биыл негізгі корпустын асханасына мүлдем көңілім толмады.Ас-мәзірінде тамақтар өте аз және қызмет көрсету сапасы өте нашар.Сізден өтініш асхананы қадағалап қойынызшы! Алдын ала сізге Рахмет!
Құрметті Манас! Қазіргі кезде асханалардың жұмысы, тамақ сапасы жөнінде университет басшылығы асханаларды жалға алушыларға ескерту жасап, кемшіліктерді жоюға мерзім берді.
9/3/13, 14:41
Әбілдаева Қызғалдақ
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Мен 2011 жылы Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Өсімдік шаруашылығы технологиясы факультетіне, Агрономия мамандығы бойынша грантқа оқуға түстім. Қазір 3-ші курс студентімін. Менің сұрайын дегенім, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қалай ауысуға болады. Егер ауысқан жағдайда грант сақталады ма? Сіздің жауабыңызды асыға күтемін.
Құрметті Қызғалдақ! Ауысу барысында мамандығыңыз және курсыңыз сәйкес келсе грант сақталатындығын хабарлаймын. Сіздің мәселеңізбен агрономиялық факультетіне хабарласуыңызды сұраймын. Байланыс телефоны: 8(7172) 39-38-47.
9/1/13, 18:42
Жандос Есжанов
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен аталмыш университетте 2 курста оқимын. Былтырғы жылы жатақханада тұрдым. Ал екінші курста мені тізімнен алып тастапты. Шығарған себептерін былай түсіндірді. 1 курстың басында ешқандай тамағымыз болмай, қыздар кешке шәйға шақырған болатын. Ең басты себеп сол болып отыр. Сабаққа үлгерімім жақсы барлығы 5. Ата-анам туыстардың жанына Алматыға бар деген болатын. Дегенмен арарман қуып Астанаға келдім. Менде сол жатақхана мәселесі. Пәтер жалдап тұрайын десем қаржы жетіспейді. Анам үйде отырады, әкем зейнеткер. Алатын стипендия тамағыма кетеді. Алдын ала алғысымды білдіремін.
Сәлеметсіз бе, Жандос! Егер де сіз былтыр университеттің жатақханасында тұрып, «ҚазАТУ студенттерінің жатақханада тұру Ережесін» өрескел бұзсаңыз, онда сізге 2 курста орын берілмейді. Өйткені, сіз университеттің бекітілген нормативтік құжат талаптарын орындамағансыз.
8/28/13, 09:51
Казакпаева Зада Тукышевна
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Менің балам Казакпаев Абылай энергетикалық факультетінде (РЭТ) 2-ші курсына көшті. Грантта оқиды, сабағы жаман емес. Осы жылы қызым да Астанаға ЕҰУ-ға 125 балмен гранқа оқуға түсіп отыр. Екі баламды жалғыз тәрбиелеп отырмын, Костанай қаласында тұрамын, Астанада жақын туыс-туғандарымыз жоқ. Жағдайымда айта отырып, Сізге айтарым: былтырғы оқу жылында балам №2б жатақханасында тұрды, енді биыл екі рет, 23-і және 26 тамызда Астанаға барып жатаханаға құжаттарын тапсырып жатахана сұрап еді, ішкі ережелерін бұздың деп жатахана бермей отыр. Оның себебі: негізінде ішкі ережені бұзып бұзақылық жасаған комнатасында бірге тұрған Думан деген бала, сол үшін менің балам мен екінші баланы жаза тартты, олар 2 ай бойы еден жуып, кезекшішік жасады, ал әлгі Думан деген баланы жыл ортасында жатақанадан шығарып жібергеннен кейін, олар тып-тыныш жақсы тұрыды. Сізден өтінішім: қаржылық жағдайыма байланысты (екі балам студент) баламның осы жылы жатақханаға орналасуына бір ықпал көрсетуіңізді өтініп сұраймын. Жауабыңызды асыға күтеміз. Үлкен рахмет.
Сәлеметсіз бе, Зада! Егер сіздің балаңыз университеттің жатақханасында былтыр тұрып, «ҚазАТУ студенттерінің жатақханада тұру Ережесін» сақтамаса, ол Студеттік кеңестің шешімі бойынша биылғы жылы орын ала алмайды. Бұл жөнінде жазда тәртібі төмен студенттерге алдын ала ескертілген. Сондықтан балаңыз университет жатақханасынан биыл орын ала алмайды.