Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
9/23/13, 09:30
Нурсипат
Сәлеметсіз бе? Кұрметті ректор мырза! Мен сіз басқарып отырған аталмыш университеттің 2 курс студентімін. Осы университетте откізген уакыт аралығын , өмірімнің ең жарқын сәттері деп білемін. Елордаға келдім ,орасан зор өркениетті көрдім,және осы университетті таңдап, дурыс шешім қабылдағаныма көзім жетті. Алдағы уақытта арманыма карай университеттімен бірге адымдап , аяк баса бермекпін!Осы орайда білімнің бастамашысы болған ұстаздар кауымына және университет басшылығына жүрекжарды ризашылығымды білдіргім келеді.Университет қабырғасында жинаган білім және тәжірибелерім өмірлік азығым болады деп сенемін! Университетім менің мақтанышым!
Рахмет.
9/19/13, 14:25
Мерей
Ассалаумағалейкум Ақылбек Қажығұлұлы Мен технологиялық машиналар және жабдықтар мамандығы бойынша білім алып жатырмын 1 курс студентімін Сізге қояр сұрағым Әскери кафедраға іріктеу қашан болады?
Құрметті Мерей! Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 ақпандағы № 118 «Азаматтарды әскери қызметке даярлау, оны ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ алғашқы әскери дайындықтың оқу-материалдық базасын құру туралы ережесінің» 6-тарауының 78 тармағында көрсетілгендей студенттердің әскери дайындығы 2-курстан, ал мерзімі 5 жыл оқытылатын мамандықтар үшін 3-курстан, бірақ барлық жағдайда ЖОО бітіруден 1 жыл бұрын оқу жиынынан өтумен аяқталады. Әскери кафедраға іріктеу 1 курстың аяғында басталады.
9/18/13, 18:27
белгисиз
Салеметсиз бе?менин танысым осы жылы Сатбаев атындагы техникалык университетинде мемлекеттик грантпен окып жатыр,1 курс.машина жасау мамандыгы.ол 2 семестрден кейин осы казатуга ауыскысы келеди.ауысу мумкин бе?ол ушин кандай кедергилер бар жане осы университетте машина жасау мамандыгы бар ма?алде баска мамандык тандау керек пе?алдын ала рахмет
Құрметті Саят ! Бір оқу орнынан екінші оқу орнына ауысу қысқы және жазғы демалыс уақыты аралығында жүргізіледі. Мемлекеттік білім беру гранты мамандығы және курсы сәйкес келген жағдайда ғана сақталады. Басқа сұрақтарыңыз бойынша техникалық факультетінің деканатынан толық ақпарат ала аласыз. Мына байланыс нөмеріне хабарласуыңызды сұраймын: 39-73-99.
9/15/13, 21:00
Айгерім
Сәлеметсіз бе кұрметті Ақылбек Қажығұлұлы!Мен Геодезия және картография мамандағының бірінші курсында оқимын.Сізге қояр сұрағым,менің әкем жоқ қайтыс болған,соған байланысты маған жеңілдектер бар ма?Бар болса менің не істеуім керек?Рахмет.
Құрметті Айгерім ! Сіздің сұрағыңыз бойынша оқу ақысын төлеуде жеңілдіктер қарастырылмаған. Өзіңіз оқитын деканатқа оқу ақысын бөліп төлеу туралы жеке кесте беруге өтініш білдіруіңізге болады. Осы мәселеңіз барысымен жерге орналастыру факультетінің деканатына хабарласуыңызды сұраймын. Байланыс нөмері: 39-78-49.
9/15/13, 00:33
2 курс студенті!
Саламатсызба Ректор мырза! Мен, энергетикалық факультетінде, электроэнергетика мамандығы бойынша мобильділікпен Ресей мемлекетіне баруға боладыма?
Құрметті Әділхан! Сіз басқа оқу орындарында академиялық ұтқырлық бойынша білім алу туралы толық ақпаратты университетіміздің Бас ғимаратында орналасқан №2 «а» кабинетінен біле аласыз.
9/13/13, 22:55
Хабидолда Айгерим
сәлеметсіз бе! менің айтаын дегенім биылғы асхананың қызмет көрсетуі көңілімізден шықпады. Себебі біз үдкен үзілісте кезекте жарты сағаттан астам уақыт тұрып ештеңе ала алмай кетемиз. Осы жағдайды қадағаласыңыз екен.
Құрметті Әйгерім! Былтырғы оқу жылында университеттің кейбір асханаларының қызмет көрсетуіне ескертулер айтылған. Сондықтан, қазіргі кезде бас ғимараттың, биологиялық ғимараттың асханалары жаңа жалға алушыларға берілді. Бұл бағытта тиісті жұмыстар тұрақты жүргізілуде және студенттердің өтініштері бойынша сапалы қызмет көрсету мәселесі қадағаланады.