Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/27/13, 22:34
Садықова Айнұр Шайұзаққызы
Cәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! техника Менің қызым Амандық Инабат Мақсатқызы техника бөлімінің С.М.С мамандығын оқып игеру үшін ақылы бөліміне толық төлем ақысын толеп қабылданды,мен мектепте мүғалім боп,жолдасым жұмысшы болып жұмыс жасайды.Төрт бала тарбиелеп,өсіріп жатырмыз,жатахана алу үшін 22-24аралығында кезекке тұрып деканның рұқсатын ала-алмай,қызымды Астанада қалдырып,Қызылордаға қайта кеттім,себебі жұмыстың уақыты келіп қалды.Менің көпбалалы екенімді растайтын құжатын тапсырсам да сіз олардын қатарына жатпайсыз деп шығарып салды,өйткені сіздің үлкеніңіз 19ға толып кеткен дейді.Менін түсінбей отырғаным күміс алқа,алтын алқа иегерлерінің балалары үйлі-баранды емес пе,бірақ үкімет алқа тағып,жағдай жасап отыр,сол сияқты бізге де 6500теңге жәрдем ақы төлеп отыр.Сонда менің қызым сіздердің түсініктеріңізше көп балалыға жатпайды,бұл қалай?Сізден өтініп сұрайтыным,жатахана алуына көмек бере аласыз ба,құрған комиссияңыз өзі ештеңе шеше алмайды.Қызым тәрбиелі,сауатты,оны сіздерге әлі дәлелдейді.Рахмет,менің өтінішім жерде қалмайды деп ойлаймын.
Сәлеметсіз бе, Айнұр! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің жатақханаларына студенттерді орналастыруда, бірінші кезекте толық емес отбасынан, мүгедек, көп балалы, әлеуметтік жағынан төмен студенттердің, грант иегерлерінің өтініштері қарастырылады. Ал ақылы негізде оқитын студенттердің өтініші Тұрғын-үй комиссиясында қаралады. Ол үшін балаңыз бас ғимараттың 613-кабинетіне келіп, өтінішін беруі керек.
8/27/13, 15:03
студент
сиздин университетинизде жемкорлык оте кушти орын алган,3курс студенттерине орын жок деп таныс аркылы кирип жаткан студенттер коп. 2б жатакханасынын коменданты студенттермен мулдем жумыс жасай алмайды,бакырып жекирип урсады унеми. студенттерди боле-жара карай ким жаксы сойлессе,ким жаксы сыйлык берсе сол адамды жакын тартатын адам екенине бирнеше рет куа болдык.бул деген барып турган адилетсиздик кой. осыларды ескере отырып комендатты ауыстыруынызды сураймыз
Сәлеметсіз бе! Университетімізде жемқорлықтың алдын алу бағытында үздіксіз жұмыстар жүргізіледі. Жастар ісі жөніндегі комитет, студенттік Парламент, кәсіподақ ұйымдары жемқорлыққа қарсы өз деңгейінде іс-шаралар атқаруда. Егер сіздің 2 «Б» жатақхана комендантының жемқорлыққа қатысты дәлелді фактілеріңіз болса, менің қабылдауыма келіп, баяндауыңызға болады. Бірақ студенттің атын жамылып хат жазып, біреуді сыртынан қаралау дұрыс болмайды. Келесі жолы жасырын атпен хат жолдамай, менің қабылдауыма келуіңізді сұраймын. Коменданттың жеке мінез-құлқына қатысты өтінішіңізді ескереміз.
8/26/13, 19:47
Қабдолла Ниязбек Канатұлы
Сәлеметсіз бе,Ақылбек Қажығұлұлы? Мен экономика факультеттің 2 курс студентімін. Былтыр ӘМС мамандығына түстім договор бойынша. 2012 жылы жатақғанаға орналастырылдым. Бырақ 2013 жылға өтініш білдірібедім маған деканата болмайды деп айты, себебі комната бойынша докладной жызылған \\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\"санитарлық нормаларды сақтамағандықтан\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\\" Әлеметтік жағдайым қыйың оны растайтын құжаттар бар. Быйыл ұй ішімде қыйын жағдай туындады. Ауылда түрғандықтан күз жақындағап кележаткан соң коп каражат керек. Ондай каражатты жалғыз Анама өте қыйың табу. Өтініш мені жатақғанаға кабылдауынызды өте катты сүраймын! бүл менім сонғы мүнкүндігім.
Сәлеметсіз бе, Ниязбек! Егер де сіз былтырғы оқу жылында университеттің жатақханасында тұрып, «ҚазАТУ студенттерінің жатақханада тұру Ережесін» өрескел бұзсаңыз, биылғы оқу жылында орын берілмейді. Өйткені, сіз университеттің бекітілген нормативтік құжат талаптарын орындамай отырсыз.
8/23/13, 12:25
Кылышбаев Шапагат
Салематсиз Ақылбек Қажыгұлұлы.Менин иним Кылышбаев Парасат Жатахнага отиниш жазып еди соган кол койылдыма список бармыба соны кайдан билуге болады екен.
Сәлеметсіз бе, Шапағат! Сіздің мәселеңіз бойынша төмендегідей жауап беріледі. Сіз ініңіздің құжатты тапсырған факультетіне барып, жазылған өтініштің жағдайын, жасалған тізімнің мән-жайын біліп, қойған сұрағыңыздың жауабын біле аласыз.
8/21/13, 01:46
Хамза Аяужан
Сәлеметсіз бе,Ақылбек Қажығұлұлы? Мен техникалық факультеттің 2 курс студентімін. Былтыр ҚӨӨТ мамандығы бойынша грантқа тускенде, жатақханадан орын алуымды өтініп, бірнеще рет құжаттарымды тапсырғам. Бірақ маған жатақхана берілмеді. Сізден сұрайтыным, енді осы жылы жатақханаға орналаса аламын ба?
Сәлеметсіз бе, Аяужан! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 2 курс студенттерін жатақханаға орналастыру мерзімі 26 тамыздан 28 тамыз аралығында комиссия қойған талаптарға сәйкес қарастырылады.
8/20/13, 13:39
Жаркынбекова Аида Муратовна
Саламатсызба құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Қазақстан метрология институтында 4 жыл жумыс істеймін, мемлекеттік эталонның ғылыми қорғаушысы болып табыламын, биыл сіздердің университеттеріңізді таңдап Стандарттау және сертификаттау мамандығы бойынша магистратурага құжаттарымды тапсырдым. Бірінші емтихан ағылшын тілінен сәтті өтті 83 балл алдым. Келесі емтихан мамандық пәнінен болды, билеттің 3 сұрағына толық жауап бердім, комиссиянын қосымша қойған сұрақтарына да жауап бердім, бірақ қорытынды бағам 65 балл бұл деген 3 деген баға. Мен бұл салада 4 жыл жұмыс істеп, шет елде квалификация алып тұрып, сонда менін біліміді жокка шығарғаныма? Емтихан барысында комиссия мүшелері айтып отырған жауабыңды тыңдамайды, сөйтіп тұрып калай мұндай балл шығарады. Мен сол жерде отырып басқа талапкерлердің жауабын тыңдадым көбісі жай стандарт, эталон деген ұғымның не екенін білмей тұрып жоғары балл алады. Бұл не деген әділетсіздік? 31 үміткерлердің ағылшын тілінен 80 нен жоғары балл алғандары өтпей,60 және одан төмен балл алғандар өтеді. Сонда ағылшын тілін тапсырудың не қажеті бар? Содан кейін ауызша емтихан болған жағдайда баллдар сол мезетте койылу керегі тиіс, ал бізге комиссия өзара ақылдасып, жауаптар кешкі сагат 8де берілді. Комиссия бағаны барлық 30 адам тапсырып біткен соң қойды, сонда олар тек өздерінің таныстарына жақсы баға койып, біз сияқты біліп тұрған адамдар естерінде де жоқ боп тұр ғой? Құрметті ректор мырза мұндай келеңсіз жағдайлардың алдын алу керек сияқты. Танысы бардың тынысы бар екенін білеміз, бірақ білімі барлар сонда не істеу керек?
Сәлеметсізбе, Аида! Комиссия құрамына Стандарттау, метрология және сертификаттау кафедрасында көп жылдар жұмыс істеп келе жатқан 3 доктор және 2 ғылым кандидаты кіргізілді. Апелляциялық Комиссия құрамына да аталған бағыттағы жоғары білікті мамандар еңгізілген. Сондықтан олардың құзыреттілігі мен біліктілігі еш күмән тудырмайды. Сондай-ақ аталған Комиссия арнайы пән бойынша емтихан қабылдауда шет тіліне қатысты білім деңгейін емес, нақты аталған пәнге қатысты білімді тексереді. Сонымен қатар, өткізілген апелляция қортындысы бойынша апелляциялық Комиссия емтихан билеттерінде берілген сұрақтардың мәніне қатысты жауаптар сәйкессіздігін анықтаған. Сондықтан Сіздің жемқорлық әрекетте деп Комиссияға келтірген айыптауыңыз негізсіз.