Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/4/14, 14:12
избасарова жанна маратовна
саламатсызба,меним тандап турган паним биология ентдан жалпы 94 балл, орыс тилсиз 84 балл алдым мен биотехнология мамандыгына грантка тусуге мумкиндигим барма
Құрметті Жанна! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kzресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. 2013 жылғы конкурс нәтижесінде «Биотехнология» мамандығы бойынша мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 87 баллдан жоғары жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады, талапкер өтінішті таңдау пәні бірдей 4 мамандыққа бере алады. Сонымен қатар жыл сайын мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл мөлшері жоғарылап отыратындығын ескертеміз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/29/14, 19:50
Қайырбай Айдана Тарғынқызы
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы мен Қайырбай Айдана Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университетінің \\\" Жаратылыстану және аграрлы технологиялар институтының\\\" биология мамандығы бойынша 3 курсқа өттім,ақылы топта.Осы мамандықтан сіздердегі \\\"Биотехнология\\\" мамандығына ауысуыма болама?Осы мамандық бойынша ақылы топтың төлемі қанша?Жатақхана орын берілема?Егер де сабақ үлгерімім жақсы болса грантқа ауысуыма мүмкіндік бар ма?Рахмет.
Құрметті Айдана! Біздің университетке алмасу туралы өтінішіңіз іс құжаттары талапқа және Ережеге сәйкес болған жағдайда қанағаттандырылады. Ал, биотехнология мамандығына ауысу туралы сұрақтарыңыздың толық жауабын 29 76 43, 38 39 01 телефондары арқылы ала аласыз.
6/29/14, 15:44
Тілеген Зәуреш Дінімханқызы
Сәлеметсіз! Таңдау пәні биология болғандықтан қандай мамандықтарға құжат тапсыра аламын, осы поштаға мамандықтар тізімін жіберсеңіздер екен. Сонымен қатар 2014-2015 оқу жылына орыс тілін алып тастағанда 69 баллмен грантқа түсуге мүмкіншілігім болады ма?
Құрметті Зәуреш! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің таңдау пәні билогия болып табылатын мамандықтарымыз: Биотехнология, Агрономия, Мал шаруашылығ өнімдерін өндіру технологиясы, Топырақтану және агрохимия, Аңшылықтану және аң шаруашлығы, Балық шаруашлығы және өнеркәсіптік балық аулау, Өсімдік қорғау және карантин, Ветеринарлық медицина, Ветеринарлық санитария. 2013 жылғы конкурс нәтижесінде осы көрсетілген мамандықтарымыз бойынша мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 73-87 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады, талапкер өтінішті таңдау пәні бірдей 4 мамандыққа бере алады. Сонымен қатар жыл сайын мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл мөлшері жоғарылап отыратындығын ескертеміз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/28/14, 14:26
Мажитов Еркош Аманкулулы
Салеметсиздерме? мен убтдан жалпы 81 бал жинадым! орыс тилсиз 69 ! осы балмен архитектурага тусе аламын ба? Грантке канша балмен туседи?
Құрметті Еркош! Университетіміздің Сәулет немесе Дизайн (шығармашылық мамандықтар) мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер екі шығармашылық емтихан (Сурет және Сызу) тапсырады. ҰБТ пәндерінен 2 пән алынады: Қазақстан тарихы мен қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі). Барлық пәндерді (Сурет, Сызу, Қазақстан тарихы және тіл) қосқанда мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинауы тиіс. Шығармашылық емтихан бойынша 10-25 балл аралығында жинаса ғана тапсырылған болып есептеледі. Сондықтан талапкер жеткілікті деңгейде дайындықпен келуі тиіс, кез келген талапкер арнайы дайындығы болмаса өте алмайды. Шығармашылық мамандыққа өтініштер 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданады. Арнайы (шығармашылық) емтихандар 2 шілдеден 7 шілдеге дейін жүргізіледі. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/27/14, 14:37
Өтеген Гүлім Талғатбекқызы
Сәлеметсіз бе! мен Геодезия жане Картография мамандығына грантқа түсе аламын ба? орыс тілсіз 63
Құрметті Гүлім! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Геодезия және картография мамандығы бойынша 2013 жылдың нәтижесі бойынша мемлекеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдар - 82 (ауылдық квотамен); - 87 (қалалық мектептер үшін). Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/26/14, 19:10
Бектибаева Асия Ержанкызы
Орыс тілінсіз 92 балл алдым. 5-ші пән физика. Қыздарға қандай мамандықтар бар? Грантқа қанша баллдан бастап түсуге болады? Алматыдағы университеттердің қайсысы жақсы? Алдын ала рахмет!
Құрметті Асия! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru