Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/13/14, 11:34
Әмірхан Айдын Амангелдіұлы
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев. Менім қояр сұрағым орман ресурстары және орман шаруашылығы манандығы бойынша және геодезия, катография, кадастр, мамандықтары бойынша қанша гранд бөлінді қазақ топтарына.
Құрметті Айдын! Сіз қойған сұрағынызға жауабын edu.gov.kz сайттан алуға болады. Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің география пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 79-94 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/12/14, 03:49
Жолдыбаева Әйгерім Жамбылқызы
Сәлеметсізб?!Менің 5 пәнім:химия.ҰБТның қорытындысы бойынша 86,орыс тілін қоспағанда 71бал.Осы балға ауылдық квота мен көп балалы деген жеңілдіктер болады ма грантқа түсу үшін?Ауылдық квота қосылған жағдайда қанша бал қосылады?Химиия пәні бойынша қандай факультеттер бар?Стандарттау, метрология және сертификаттау кафедрасы тандау пәні химия ма?
Құрметті Әйгерім! Таңдау пәні химия болып табылатын мамандықтар: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу технологиясы». Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-73 балл жинаған (қалалық мектеп бітірген) және 51-61 балл жинаған (ауылдық мектеп бітірген) талапкерлер грант иегері атанды. Ал биылғы жылғы балл мөлшері тек қана конкурс нәтижесінде анықталатын болады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/12/14, 02:26
Насырқожа Есбол Бидоллаұлы
Салематсыз ба? ҰБТ қорытындысы бойынша 99 ұпай жинадым. Орыс тілінсіз 81 үпай. Таңдай пәнім-физика. Бұл пән бойынша 20 үпай.Астана қаласындағы ЕҰУ немес ҚазАТУ физика пәніне байланысты қандай мамандықтар бар? Гранқа түсе аламын ба? Инженер энергетик, архитектура, темир жол саласы бойынша мамандықтар бар ма???
Құрметті Есбол! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Мамандықтарға гранттар мемлекет тарапынан мемлекеттік тапсырыс беру арқылы, яғни мемлекеттік білім гранттарды тағайындау арқылы бөлінеді. Ол үшін жыл сайын талапкерлер арасында мемлекеттік білім гранттарын тағайындау бойынша конкурс өткізіледі, аталған конкурсқа Ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қатыса алады. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/11/14, 14:04
Муханова Айгерим Оралбай кызы
Сәләматсыз ба? ! Егер мен буйырса конкурстан кейин грантка тусип жатсам(ИншАллаh) сосын не истеймин.. кашанга дейин жане кандай дакументтер тапсыруым керек? Толыкырак малимет берсениз?! Рахмет. .
Құрметті Айгерим! Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш 23 шілдеден 31 шілдеге дейін қабылданады. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау нәтижелері 10-ші және 12-ші тамыз аралығында белгілі болады. Оқудың барлық түрлері бойынша талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау 10-ші және 25-ші тамыз аралығында жүзеге асырылады. Студенттер қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін қажетті ең төменгі балдар деңгейі ҚР Білім және ғылым министрлігімен белгіленеді, оның ішінде бейіндік және қалған пәндер бойынша мөлшер қойылады. Қажетті құжаттар тізімі: • аттестат (диплом) түпнұсқа, • 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, • 086-У нысанындағы медициналық анықтама, флюорография • жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, • тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531, 532 кабинеттері: қабылдау комиссиясы. Анықтама телефондары: 8-(7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru.
7/10/14, 10:30
Галымжан Индира Нyрболаткызы
Салеметсиз бе! Мен 2014 жылгы тулекпин.УБТдан жалпы 92 балл жинадым,орыс тилин алып тастаганда 76 балл.тандау паним-биология.осы балмен биотеxнологияга грантка тyсе аламын ба? Ауыл квотасы косылама? Алдын- ала раxмет!
Құрметті Индира! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. 2013 жылғы конкурс нәтижесінде «Биотехнология» мамандығы бойынша мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 87 баллдан жоғары жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады, талапкер өтінішті таңдау пәні бірдей 4 мамандыққа бере алады. Сонымен қатар жыл сайын мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл мөлшері жоғарылап отыратындығын ескертеміз. Ауылдық квота арқылы ауылдық мектептерді бітірген түлектер мемлекеттік білім гранттарына ие бола алады. Ауылдық квота шеңберінде мамандыққа бөлінген жалпы гранттар санының 30 % ауылдық мектеп түлектеріне беріледі, ондай мамандықтар тізімі ҚР БжәнеҒМ бекітіледі. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/9/14, 01:00
Димухаметова Акмарал Мейрамбековна
Сәлеметсіз бе.. мен ҰБТ дан 104 , ал орыс тілінсіз 83 бал алдым. Осы балмен биотехнология факультетіне грантқа түсе алам ба?
Құрметті Акмарал! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. 2013 жылғы конкурс нәтижесінде «Биотехнология» мамандығы бойынша мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 87 баллдан жоғары жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады, талапкер өтінішті таңдау пәні бірдей 4 мамандыққа бере алады. Сонымен қатар жыл сайын мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл мөлшері жоғарылап отыратындығын ескертеміз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru