Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/26/14, 13:49
Nauryz Samal Musakyzy
Сәлеметсіз бе? мен 71 балл жинадым таңдау пәнім физика. орыс тілінсіз 54. квота және көп балалы отбасы документпен грантқа түсе аламын ба? нақтырақ түсіндіріп жіберсеңіз осы жайлы. алдын ала рахмет!
Құрметті Самал! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Көп балалы отбасыбойынша жеңілдік қарастырылмаған. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/25/14, 12:51
Сайфетдинова Алтынгуль Руслановна
Сәлеметсізбе!Мен ЕНТ дан орыс тілінсіз 80-балл жинадым,таңдау пәнім биология осы салада кандай мамандықтар бар? білсем болама?грантқа түсуге мүмкіндігім барма,қалай ойлайсыз?
Құрметті Алтынгуль! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің биология пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Биылғы жылдың балл мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/24/14, 19:02
Қыдырова Айдана -
сәлеметсіз бе? менің сұрағым: Сіңілім ұбт-дан 64 балл(орыс тилинсиз)жинады.таңдау пәні - география. қазақ немесе орыс тобына грантка тусуіне мүмкіндік бар ма? конкурстык балл барлық ЖОО-да бірдей бола ма? Алдын-ала рахмет!
Құрметті Айдана! Таңдау пәні география болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту төмендегі факультеттерде жүзеге асырылады: Экономика факультеті - 5В050600 – «Экономика», - 5В050700 – «Менеджмент», - 5В050800 – «Есеп және аудит», - 5В050900 – «Қаржы», - 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени сервис»; Жерге орналастыру факультеті - 5В071100 – «Геодезия және картография», - 5В090300 – «Жерге орналастыру», - 5В090700 – «Кадастр», - 5В090800 – «Бағалау»; Агрономия факультеті - 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы». 2013 жылғы конкурс нәтижесінде экономикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім гранттарын тек қана Алтын белгімен бітірген оқушылар иеленді, ал жерге орналастыру және агрономия факультетінінің мамандықтарына 79-100 балл аралығында жинаған түлектер ие болды. Мемлекеттік білім гранттарына құжаттарды тапсыру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, олардың барлығы таңдау бойынша пәндері бірдей болуы тиіс, яғни Сіз география тапсырсаңыз – осы пәнге сәйкес мамандықтарға құжат бере аласыз. Бөлінген гранттар саны туралы мәліметті жаңа оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бекітілгеннен соң, гранттарды бөлуде құзырлы орган болып таьбылатын ҚР Білім джәне ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/24/14, 18:54
кабдыбеков турлан бакытбек
Сәлеметсізбе! Мен биыл ҰБТ-дан 92 ұпай жинадым. Соның 20 ұпайы орыс тілінен, сонда қалған 72 ұпаймен грантқа түсе алам ба? Таңдаған пәнім география. Сондай-ақ қандай мамандық таңдауыма болады? Астана қаласы.
Құрметті Бакытбек! Таңдау пәні география болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту төмендегі факультеттерде жүзеге асырылады: Экономика факультеті - 5В050600 – «Экономика», - 5В050700 – «Менеджмент», - 5В050800 – «Есеп және аудит», - 5В050900 – «Қаржы», - 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени сервис»; Жерге орналастыру факультеті - 5В071100 – «Геодезия және картография», - 5В090300 – «Жерге орналастыру», - 5В090700 – «Кадастр», - 5В090800 – «Бағалау»; Агрономия факультеті - 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы». 2013 жылғы конкурс нәтижесінде экономикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім гранттарын тек қана Алтын белгімен бітірген оқушылар иеленді, ал жерге орналастыру және агрономия факультетінінің мамандықтарына 79-100 балл аралығында жинаған түлектер ие болды. Мемлекеттік білім гранттарына құжаттарды тапсыру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, олардың барлығы таңдау бойынша пәндері бірдей болуы тиіс, яғни Сіз география тапсырсаңыз – осы пәнге сәйкес мамандықтарға құжат бере аласыз. Бөлінген гранттар саны туралы мәліметті жаңа оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бекітілгеннен соң, гранттарды бөлуде құзырлы орган болып таьбылатын ҚР Білім джәне ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/24/14, 18:27
Ибраева Айгерим Нурбековна
сәлеметсізбе! Мен Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан физика пәнін таңдап, 71 балл алдым (орыс тілі пәнін алып тастағанда 53 балл).осы балмен грантқа түсе аламын ба? Аттестаттын орташа балы 4,6
Құрметті Айгерім! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/24/14, 00:47
Жұман Бауыржан Жұмабайұлы
Салематсыз ба ? военная кафедранын результаттары кашан шыгады ?
Құрметті Бауыржан! ҚР Қорғаныс министрінің 2014 жылғы 20 маусымдағы № 264 бұйрығына сәйкес іріктеу комиссиясының отырысы 2014 жылғы шілденің 2-нен 4-не дейінгі аралықта өтеді. Студенттерді әскери кафедраға іріктеу нәтижелері 2014 жылы 7 шілдеде белгілі болады. Ақпарат әскери кафедраның 1 қабатында ілінеді.