Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/16/15, 11:39
Боранбай Гулзат Кайраткызы
Салеметсиз бе! Мен 2014 жылы оқу битирдим, больницада болғандықтан ЕНТ тапсыра алмадым, справка берді, енди биыл сөздердің Университеттеринизге \"Азық- тулик өнімдерінің техниксы\" факультетіне Окуга тапсыргым келеді, билгим келгени мен кешенді тестлеу тапсырамын ба? Егер тапсырсам қашаннан бастап документ тапсыруга болады? Және кандай? Грантка тусуге мумкиндик бар ма?
Құрметті Гүлзат! Сәлеметсіз бе! Қазақстан Республикасының Білім Басқармасынан университетке кешенді тестілеуге қатыса алатын оқушылардың тізімі беріледі. Егер сол тізімде болсаңыз кешенді тестілеуге қатыса аласыз. Кешенді тестілеу төрт пән бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде өткізіледі. Тестілеудің міндетті пәндері: қазақ тілі, Қазақстан тарихы және математика, ал төртінші пән талапкердің таңдаған мамандығына байланысты анықталады. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады. Кешенді тестілеу 18 шілдеден 23 шілдеге дейін өткізіледі. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш 23 шілдеден 31 шілдеге дейін қабылданады. Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау нәтижелері 10-ші және 12-ші тамыз аралығында белгілі болады. Оқудың барлық түрлері бойынша талапкерлерді студенттер қатарына қабылдау 10-ші және 25-ші тамыз аралығында жүзеге асырылады. Қажетті құжаттар тізімі: • аттестат (диплом) түпнұсқа, • 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, • 086-У нысанындағы медициналық анықтама, флюорография • жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531, 532 кабинеттері: қабылдау комиссиясы. Анықтама телефондары: 8-(7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru.
6/15/15, 15:59
Ортай Асылай Алматқызы
Сұрақ: Салеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Еңбегіңіз жемісті болсын. Мен ҰБТ-дан жалпы балы 93, орыс тілін қоспағанда 76 жинап отырмын. Таңдау пәнім физика. Қандай мамандыққа грантқа өтуі мүмкін? Алдын-ала рахмет!
Құрметті Асылай! Сәлеметсіз бе! Төменде 2014 жылдың нәтижесі бойынша мемлекеттік білім гранттарына ие болуға өтпелі баллдары көрсетілген. Өтпелі баллдары  Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531, 532 кабинеттері: қабылдау комиссиясы.  Анықтама телефондары: 8-(7172) 31-75-56, 39-80-18.  Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru.
6/14/15, 17:54
Сайын Алтынай Боранбайқызы
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қожағұлұлы. Мен ұбт-дан 78 балл жинадым, орыс тілінсіз 68 балл. Таңдау пәнім химиядан 5 алдым. Мен қандай мамандыққа грантқа түсуіме болады? Менің Астана қаласына жоғары оқуға түскім келеді. Сіздің жауабыңызды күтемін.Рахмет.
Құрметті Алтынай! Химия пәні бойынша С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-да 2 мамандық бар: 1) 5В072700 - Азық-түлік өнімдерінің технологиясы 2) 5В072800 - Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы (сала бойынша)  Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531, 532 кабинеттері: қабылдау комиссиясы.  Анықтама телефондары: 8-(7172) 31-75-56, 39-80-18.  Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru.
6/10/15, 22:08
есетбаев муратбек калдығұл
сәлеметсізбе.мен УБТ-дан 97 балл,орыс тілсіз 80 балл алдым, таңдау пәнім физика.Акылбек Кажығұлұлы маған архитектор мамандығына грантка тусуге боладыма?алдын ала рахмет
Құрметті Мұратбек! Сәлеметсіз бе! «Архитектура» мамандығына тапсыру үшін Қазақ тілі мен Қазақстан тарихы пәндерінің баллдары есептеледі, қосымша шығармашылық емтихан тапсырасыз. Шығармашылық мамандыққа өтініштер 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданады. Арнайы (шығармашылық) емтихандар 2 шілдеден 7 шілдеге дейін жүргізіледі. Қажетті құжаттар тізімі: • аттестат (диплом) түпнұсқа, • 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, • 086-У нысанындағы медициналық анықтама, флюорография • жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, • тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531, 532 кабинеттері: қабылдау комиссиясы. Анықтама телефондары: 8-(7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru.
6/9/15, 21:38
Ортай Асылай Алматқызы
Cаламатсыз ба Ректор мырза! Мен биылға тестке қатысып, орыс тілі пәнін алып тастағанда 76 балл алдым. Мен ҚазАТУ - да оқығым келеді. Қандай мамандыққа түсе аламын.
Құрметті Асылай! Өкінішке орай, сіз таңдаған пәнінізді көрсеткен жоқсыз. Сондықтан, сіздің сұрағынызға жауап бере алмаймыз. Біздің телефондарымыз: 8-7172-31-75-56, 39-80-18 Біздің сайтымыз: kazatu.kz
6/9/15, 16:36
Толыбай Айкенже Бектасқызы
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы Сізден сұрайын дегенім Мен осы жылы Қазақ мектебін бітірдім. Мен ЖОО Орыс бөліміне тапсыруға мүмкіндігім барма?
Құрметті Айкенже! Сіз қазақ мектепті бітірсеңіз, тек қана қазақ бөліміне түсе аласыз. Егер ақылы бөлімге тапсырсаңыз орыс тобына түсе аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru