Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/25/15, 16:03
озганбаева Маржан Смагзамкызы
СӘЛЕМЕТСІЗ БЕ?!Сізге қояр сұрағым.....Мен ҰБТ-дан 94 бал жинадым орыс тілді алғанда 77 бал таңдау пәнім физика ақпараттық жүйе мамандығына тусе алам ба?Былтырғы жылы ең төмен және ең жоғарғы балды айта аласыз ба?Өтініш!!!Алдын ала рахмет!!!Толық ақпарат күтемін...
Құрметті Маржан! «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша өткен жылы алтын белгі иегерлері мемлекеттік грантты ұтқан болатын. Қажетті құжаттар тізімі: • аттестат (диплом) түпнұсқа, • 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, • 086-У нысанындағы медициналық анықтама, ф.063, флюорография • жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, • тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531, 532 кабинеттері: қабылдау комиссиясы. Анықтама телефондары: 8 (7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru.
6/22/15, 10:12
Қанатқалиева Алтын Медиханқызы
Саламатсызба Ақылбек Қажығұлұлы! Балам ҰБТ дан 73ббжинады, орыс тилинен 15бб. КазАту дың энергетика факультеті, электроснабжения мамандығына тапсырғысы келеді. Таңдау пәні физика. Қайсысына өте алады ?Коммерческий немесе грантқа мүмкіншілік барма екен? Қашаннан бастап қабылдайсыздар? Комиссия Атырауға келема екен, әлде Астанаға барып тапсыру керекпа? Рахмет!
Құрметті Алтын Медиханқызы! Мамандықтар тізімін университетіміздің kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2014 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 63-95 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік білім граттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш 23 шілдеден 31 шілдеге дейін қабылданады. Осы кезде құжаттарды Атыраудың өзінде тапсыруға болады. Біздің ЖОО-мыздың кодын көрсетіңіз – 002. Ақылы негізінде қабылдауы тмыз айының 10-ші және 25-ші күндері аралығында жүзеге асырылады. Осы уақытта біздің университетімізге келіп, , оқу ақысының 50 % -ын төлеп, өтініш толтыру керексіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/18/15, 11:18
Ортай Асылай Алматқызы
Саламатсыз ба Ақылбек Қажығұлұлы! Технологиялық машиналар және жабдықтар, қайта өңдеу технологиясы өндірістерінің сала бойынша , аграрлық техника және технология мамандыктары бойынша кай жерде жұмыс жасауға болады
Құрметті Асылай Алматқызы! Сіздің сұрауыңыз бойынша «Аграрлық техника және технология» мамандығын бітіргенде «Инженер-механик», яғни Ауыл шаруашылық бакалавр академиялық дәрежесі беріледі. Ауыл шаруашылық министрлігінде, техникалық қамту орталығында, өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдерін өндіру, сақтау, тасымалдау және өңдеуге арналған машиналық технологиялар мен машиналар кешендері, агротехнологиялық машиналар мен жабдықтарға техникалық қызмет көрсету технологиялары мен құралдары, өсімдік және мал шаруашылықтары қалдықтарын экологиялық таза залалсыздандыру жүйелері, өсімдік және мал шаруашылықтары өнімдерін дайындау және өңдеудің табиғат қорғау талаптарына сай технологиялары, өсімдік, мал шаруашылықтары өнімдерін өндіруге, сақтауға және өңдеуге арналған машиналар, қондырғылар, аппараттар, аспаптар мен құралдар, фермерлік шаруашылықтар және шаруа қожалықтарында жұмыс жасауға болады. «Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығын бітіргенде – элеватор, ұн, жарма, құрама жем зауыттарда, нан, макарон және кондитер фабрикада, қант, крахмал-сірне зауыттарда, ашыту қңдірісінің кәсіпорындарда жұмыс жасауға болады. «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығын бітіргенде – өнеркәсіптік кәсіпорындар, әскери-өнеркәсіптік кешен кәсіпорындарда, мемлекеттік басқару органдарда, жобалық-конструкторлық және ғылыми-зерттеу ұйымдарда, меншік формалары әр түрлі фирмаларда жұмыс жасауға болады.
6/18/15, 10:33
Ортай Асылай Алматқызы
Менің сұрағыма дұрыс жауап берілмепті. Өтпелі балдары көрінбей қалыпты. ҚАТУ - да оқығым келеді. Таңдау пәнім физика. Орыс тілінсіз 76 балл жинадым. Қандай мамандыққа түсу мүмкіндігім бар.
Құрметті Асылай! Төмендегі көрсетілген мамандықтар бойынша 2014 жылы 73-92 балл аралығында грант иегері атанған: 5В012000- Кәсіптік білім, 5В070300- Ақпараттық жүйелер, 5В070400- Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, 5В071300- Көлік, көліктік техника және технологиялар, 5В071700- Жылу энергетикасы, 5В071800- Электр энергетикасы, 5В071900- Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар, 5В072400- Технологиялық машиналар және жабдықтар, 5В073200- Стандарттау, сертификаттау және метрология, 5В080600- Аграрлық техника және технология, 5В081200- Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету, 5В090100- Көлікті пайдалану жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру. Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531, 532 кабинеттері: қабылдау комиссиясы. Анықтама телефондары: 8-(7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru.
6/17/15, 20:46
Мукташева Шырын Кулбай
Саламатсызба Акылбек Кажыгұлұлы. Менің қызым 2011-ші жылы Актобе мемелекеттік оку орнының ақылы бөліміне тапсырып, 2-ші курсті 2013 ші жылы аяктады. 3-ші курс оку кезенінде жанұя жағдайына байланысты окуы калып койды. Осы жылы мемелекеттік н/е басқа жоғарғы оқуларға жалғастыруғу болама, мамандыгы аудармашы, баска мамандыкка ауыстыруга болама.
Құрметті Шырын Кулбай! Біздің ЖОО және Қазақстандағы басқа да ЖОО-дары оқу үрдісін жүргізуде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 сәуірдегі №328 Қаулысымен бекітілген «Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидасын» басшылыққа алады. Қағидаға сәйкес ауысу немесе оқуға қайта қабылдану, егер оқу жоспарындағы айырмашылық бакалавриат үшін міндетті компоненттің бес оқу пәнін құраса, сол курсқа жүзеге асырылады. Бұл ретте білім алушы оқудан шығарылған мерзіміне қарамастан кез келген оқыту нысанына, кез келген мамандыққа және кез келген жоғары оқу орнына ауыса немесе қайта қабылдана алады. Яғни, Сіздің қызыңыз биылғы жылы оқуын қайта жалғастыруға мүмкіндігі бар, егерде айырмашылық міндетті компоненттің бес оқу пәнінен аспаса, ол оқуын 3 курстан жалғастыра алады. Ал пән айырмашылығы көп болса, 2 курсты қайта оқуға тура келеді. Ауысқан кезде келесі құжаттар қажет болады: 1. Оқыған ЖОО лицензия көшірмесі (студент оқитын мамандыққа қосымша қоса беріледі) 2. БҰТ сертификат көшірмесі (бейіндік пән бойынша 7 балдан кем емес) 3. Транскрипт- тұп нұсқа 4. Ауысқалы жатқан ЖОО ректоры атына өтініш 5. Айырмашылық үшін төлем ақы 6. Оқу ақысының көшірмесі.
6/16/15, 18:07
кыдыр турар
Сәлеметсізбе ректор мырза! Мен осы жылғы ҰБТ дан 92/78 жинадым + ауыл квотасы. Мен өсімдікті қорғау және карантин факультетіне түскім келеді. 2014 жылғы нәтижемен есептегенде менде грантқа деген үміт барма? Жауабыңызға алдын-ала рахмет!
Құрметті Тұрар! Сәлеметсіз бе! 2014 жылдың нәтижесі бойынша мемлекеттік білім гранттарына ие болған өтпелі баллдарды біздің сайтымыздан көре аласыз. Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531, 532 кабинеттері: қабылдау комиссиясы. Анықтама телефондары: 8-(7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru.