Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/8/15, 19:14
Қалман Дарияна Нұрланқызы
Сәлеметсіз бе. Мен ҚазАТУ-ға архитектура мамандығы бойынша шығармашылық экзамендер тапсыратын ойдамын. Олар қалай, қашан өтіледі? Не бойынша мен дайындалуым керек? Сурет пен сызудан қандай тапсырмалар келеді? Осы сұрақтарыма жауап беруіңізді сұранамын.
Құрметті Дарияна! Сәлеметсіз бе! Шығармашылық емтиханда: суреттен - Давидтың мраморлық ескерткіш мүсінін саласыз. Сызудан - жеке тапсырма беріледі. Шығармашылық мамандыққа өтініштер 20 маусымнан 1 шілдеге дейін қабылданады. Арнайы (шығармашылық) емтихандар 2 шілдеден 7 шілдеге дейін жүргізіледі. Қажетті құжаттар тізімі: • аттестат (диплом) түпнұсқа, • 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, • 086-У нысанындағы медициналық анықтама, флюорография • жеке куәлік немесе паспорт көшiрмесi, • тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531, 532 кабинеттері: қабылдау комиссиясы. Анықтама телефондары: 8-(7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru.
6/4/15, 19:06
Муксиева Гульназ Аманжанқызы
Салеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Еңбегіңіз жемісті болсын. Менің қызым биыл мектеп бітіріп жатыр. ҰБТ-дан жалпы балы 93, орыс тілін қоспағанда 78 жинап отыр. Таңдау пәні биология. Қандай мамандыққа грантқа өтуі мүмкін? Алдын-ала рахмет!
Құрметті Гульназ Аманжанқызы! Өткен 2014 жылғы тестілеу нәтижесі бойынша ауылшаруашылық және ветеринарлық мамандықтарға түсу үшін 100 ұпайдың 78-ін жинаған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алса, экономикалық, заң мамандықтары бойынша білім грантына 98 ұпай және одан жоғары жинаған талапкерлер ғана ие болды. Білім гранттарын бөлудегі мұндай заңдылық үстіміздегі жылы да сақталар деген ойдамын. Сіздің 4-ші пән ретінде биология пәнін таңдағаныңызды қолдаймыз және ел астанасының ежелгі оқу орны болып табылатын, өткен оқу жылының рейтингісі бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындары арасында өзінің жоғары беделін тағы да дәлелдеген С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне оқуға шақырамыз. Біздің университетке биология пәні бойынша Сіз «Экология», «Биотехнология», «Агрономия», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «Топырақтану және агрохимия», «Өсімдік қорғау және карантин», «Ветеринарлық медицина», «Ветеринарлық санитария» мамандықтар бойынша оқуға түсуіңізге болады. Жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінген білім гранттарының мөлшері ауылшаруашылық мамандықтарға артып келеді. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018. Біздің сайтымыз: kazatu.kz.
6/4/15, 14:13
Zhadyra Alpamys
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы. Менің сізге қояр сауалым: ҰБТ қорытындысы бойынша 95 балл, орыс тілінсіз 76 балл жинадым. Таңдау пәнім-биология.11 жыл бойы 5пен оқығанмын. Аттестатымдағы барлық пәндер 5. Енді ҰБТ-да жинаған балмен сіздің университетке қандай мамандыққа грантқа түсуге мүмкіндігім бар? Рахмет.
Құрметті Жадыра! Өткен 2014 жылғы тестілеу нәтижесі бойынша ауылшаруашылық және ветеринарлық мамандықтарға түсу үшін 100 ұпайдың 78-ін жинаған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алса, экономикалық, заң мамандықтары бойынша білім грантына 98 ұпай және одан жоғары жинаған талапкерлер ғана ие болды. Білім гранттарын бөлудегі мұндай заңдылық үстіміздегі жылы да сақталар деген ойдамын. Сіздің 4-ші пән ретінде биология пәнін таңдағаныңызды қолдаймыз және ел астанасының ежелгі оқу орны болып табылатын, өткен оқу жылының рейтингісі бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындары арасында өзінің жоғары беделін тағы да дәлелдеген С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне оқуға шақырамыз. Біздің университетке биология пәні бойынша Сіз «Экология», «Биотехнология», «Агрономия», «Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы», «Аңшылықтану және аң шаруашылығы», «Балық шаруашылығы және өнеркәсіптік балық аулау», «Топырақтану және агрохимия», «Өсімдік қорғау және карантин», «Ветеринарлық медицина», «Ветеринарлық санитария» мамандықтар бойынша оқуға түсуіңізге болады. Жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінген білім гранттарының мөлшері ауылшаруашылық мамандықтарға артып келеді. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018. Біздің сайтымыз: kazatu.kz
6/3/15, 19:39
Бейсембеков Данияр Ахатулы
Саламатсызба,мен Семей каласынын тулегимин,сизге кояр деген сурагым : мен УБТ-дан 91 балл орыс тилин коспаганда 77 балл болды аттестаттагы орта балл 5 болады.Мен осы университеттин жерге орналастыру факультетине тусе алам ба Жане менин халыкаралык,республикалык жарыстардан алган мадактамаларым ескерилеме
Құрметті Данияр! Өткен 2014 жылғы тестілеу нәтижесі бойынша таңдау пәне география болып табылатын мамандықтарға түсу үшін 100 ұпайдың 83-ін жинаған талапкерлер мемлекеттік білім беру грантын жеңіп алса, экономикалық, заң мамандықтары бойынша білім грантына 98 ұпай және одан жоғары жинаған талапкерлер ғана ие болды. Білім гранттарын бөлудегі мұндай заңдылық үстіміздегі жылы да сақталар деген ойдамын. Сіздің 4-ші пән ретінде география пәнін таңдағаныңызды қолдаймыз және ел астанасының ежелгі оқу орны болып табылатын, өткен оқу жылының рейтингісі бойынша еліміздің жетекші жоғары оқу орындары арасында өзінің жоғары беделін тағы да дәлелдеген С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне оқуға шақырамыз. Біздің университетке география пәні бойынша Сіз «Геодезия және картография», «Орман ресурстары және орман шаруашылығы», «Жерге орналастыру», «Кадастр», «Бағалау» мамандықтар бойынша оқуға түсуіңізге болады. Жыл сайын мемлекет тарапынан бөлінген білім гранттарының мөлшері осы мамандықтарға артып келеді. Анықтамалар үшін: тел.: 8(7172) 317-556, 398-018. Біздің сайтымыз: kazatu.kz.
5/26/15, 10:00
Нәбиев Абай Жанайұлы
Cәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Техникалық факультетінің Аграрлық техника және Техгология мамандығының 3 курс студентімін.Грантта окимын. Сізден сурар сұрағым мен 3 курсты бітіріп, Коркыт ата атындағы Кызылорда мемлекеттік университетіне грантыммен ауыса аламын ба?
Құрметті Абай Жанайұлы ! Толық курсты аяқтағаннан кейін жазғы демалыс уақытында ауысуға болады.
5/24/15, 08:26
Uzakova Aktolkin Bauirzhan
10сынып окитын кезимде республикалык гылыми жобадан 1орын алдым. Казыр 11сынып окушысымын. жакында тагыда республикалык кашыктыктан тапсыратын олимпиядадан 2орын алып отырмын.убтдан бас тарттым.сиздерде республикалык гылыми жоба женимпаздарына кандай женилдиктер бар?грант болинген бе?
Құрметті Ақтолкын! Республикалық ғылыми жоба жеңімпаздарына гранттарды республикалық комиссия бөледі. Негізі барлық гранттарды республикалық комиссия қарастырады. Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531, 532 кабинеттері: қабылдау комиссиясы. Анықтама телефондары: 8-(7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru