Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/15/12, 11:55
erkezhana
salemetsizbe! sizdin univerynyzda akili bolimde okityn studentter oki akisin jilina birak toleu mindettime, nemese bolip toleuge bolama?
Құрметті Еркежан ! Оқу ақысы екі этаппен төленеді: 25 тамызға дейін – 50%, қысқы сессияда – 50 %.
8/15/12, 11:10
ҚАЛБАЙ АРША
Салеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы!ҚАТУда ректорский грант бар ма?толык мәліметті кайдан алуыма болады?Коп рахмет,алдын ала.
Құрметті Арша! Сіздің сауалыңыз бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2011 жылғы 22 шілдедегі № 19-2/414 бұйрығына сәйкес университеттің таза табысынан бөлініп келген ректор гранты 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап тоқтатылғандығын хабарлаймыз. Сол себепті университет тарапынан ректорлық грант бөлінбейді. Қосымша ақпарат 8 /7172/ -39-75-08 телефоны бойынша
8/14/12, 21:22
Otemesov Marat
Kurmetti rektor myrza. Biylgy 2012 \"texnologialyk mawinalar jane jabdyktar\" mamandygy boiynwa (2 kurs) oku akysy kanwa eken? Raxmet
Марат! Сіз сұраған мамандық бойынша биылғы оқу жылының бағасы төмендегідей: күндізгі оқу бөлімі – 246,6 мың, сырттай оқу бөлімі – 123,3 мың теңге.
8/14/12, 15:55
Ескендир Медина
салеметсиз бе Акылбек Кажыгулович?менин билгим келгени стандартизация сертификация и метрология факультетинин акылы болимине тусем деп едим жылына канша толейди екен?рахмет.
Құрметті Медина! «Стандарттау, сертификаттау және метрология» мамандығы бойынша оқу ақысы – 296 000 тг.
8/14/12, 12:16
Маншук
Құрметті ректор мырза! Мен бүгін грант алдым, енді Өзіңіз басшылық ететін айтулы оқу орынында оқитын болдым. мақтан ететін ЖОО-ында студент болудың өзі бір бақыт. ауылдағы әжеме дейін \"министр бала - танымал ғалым\" деп сізді мақтап жатыр. еңбекте табыс тілеймін! енді сіз сияқты танымал тұлғалардан дәріс алатыныма мақтан етемін! Елбасына рахмет! осындай мүмкіндік туғызған!
Құрметті Мәншүк! Біздің университетті таңдағаныңызға қуаныштымын. Білікті маман, тәрбиелі, отансүйгіш азамат болып қалыптасуыңызға университет оқытушылары өз септігін тигізеді деп сенемін.
8/13/12, 16:29
Исмагулов Әсет
Сәлеметсіз бе? Басқа облыстан келген талапкерлерге жатахана беріле ме? Құжаттарды қашанға дейін қабылдайсыздар?
Құрметті Әсет! Жатақхана алу үшін барлық облыстан келген студенттердің өтініші қабылданады. Дегенмен жатақхана алуда төмендегі әлеуметтік жағдайлар ескеріледі. 1. жетім балалар мен мүгедек студенттер жағдайы; 2. көп балалы отбасынан шыққан және әлеуметтік жақтан аз қамтылған студенттер жағдайы; 3. грант иегерлерінің өтініші.