Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/20/13, 12:56
Ердос
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Биылғы жылдың магистратурасына бөлінген гранттарды бөлу сіз басқарып отырған университетте әділетсіз жолмен бөлінуде. 19 тамыз 2013 ж. стандарттау және сертификаттау мамандығына емтихан тапсырдым. Комиссия мүшелерінің сұрақтарына толық жауап бердім. Мен емтихан нәтижесімен келісе алмаймын. Себебі таныс тамыр жайлаған университетте грантка ие болу мүмкін емес. Ағылшын тілінен төмен алған студенттерге 100 баллдық шкаламен бағалап соның ішінде кафедра мұғалімдері де бар. Менің грантқа ие болу мүмкіндігім бар еді. Ағылшыннан 76 балл. Осы орын алған келеңсіздік бойынша жан жақты тексеру жүргізуіңізді сұраймын. Бүгін қалдырған аппеляциялық щағымымды 718 ауд. сағ. 16-00 де қарайды. Сіз басқарып отырған университетте осындай орын алып отырған жағдайларға жол бермейді деп сенемін. Кафедра меңгерушісінің қолында тұрған билікті әділетті жолмен шешіп беруіңізді сұраймын.
Сәлеметсізбе, Ердос! Комиссия құрамына Стандарттау, метрология және сертификаттау кафедрасында көп жылдар жұмыс істеп келе жатқан 3 доктор және 2 ғылым кандидаты кіргізілді. Апелляциялық Комиссия құрамына да аталған бағыттағы жоғары білікті мамандар еңгізілген. Сондықтан олардың құзыреттілігі мен біліктілігі еш күмән тудырмайды. Сондай-ақ аталған Комиссия арнайы пән бойынша емтихан қабылдауда шет тіліне қатысты білім деңгейін емес, нақты аталған пәнге қатысты білімді тексереді. Сонымен қатар, өткізілген апелляция қортындысы бойынша апелляциялық Комиссия емтихан билеттерінде берілген сұрақтардың мәніне қатысты жауаптар сәйкессіздігін анықтаған. Сондықтан Сіздің жемқорлық әрекетте деп Комиссияға келтірген айыптауыңыз негізсіз.
8/20/13, 00:59
2 курс студенті
Сәлеметсізбе! Құрметті Ректор мырза сізден сұрайын дегенім, мен 2 курс студентімін, жанұямда анам,студент ағам , екі қарындасым және өзіммін, жанұясы толық емес және көп балалы отбасыларға оқу акысы бойынша жеңілдік болама? сұрагыма асыға жауап кутемін, РАХМЕТ!
Құрметті Әділхан! Университетте оқу ақысы бойынша жеңілдік қарастырылмайды. Сізге оқу ақысын төлеуге қиынға түссе, екінші деңгейдегі банктерден білім беру несиесін алу мүмкіндігіңіз бар.
8/19/13, 23:22
Ескендір Абылайхан
Сәлеметсіз бе? Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Шымкент қаласы Мирас университеті, 2 курс, ақылы бөлім студентімін. 2 курс Жерге орналастыру факультеті, кадастр кафедрасы, ақылы бөліміне ауысу жолын білсем деп едім. Рахмет!
Құрметті Абылайхан! Біздің университетке ауысу мәселесімен жерге орналастыру факультетінің деканатына хабарласуыңызды сұраймын. Байланыс телефоны: 8(7172) 39-78-49.
8/18/13, 22:36
Aigerim Habidolda
Сәлеметсіздер ме! Мен ветеринария факультетінің 2-курс студентімін былтырғы оқу жылында №6 жатақханада орын алған едім. Биылғы оқу жылында сол жатақханадан орын ала алам ба? Рахмет
Сәлеметсіз бе, Әйгерім! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 2 курс студенттерін жатақханаға орналастыру мерзімі 26 тамыздан 28 тамыз аралығында комиссия қойған талаптарға сәйкес қарастырылады. Сіз жыл бойы жатақхананың Ішкі тәртіп ережесін сақтағаныңыз үшін, жатақхананың студенттік кеңесі ұсынған орын алатын студенттердің тізімінде барсыз.
8/15/13, 16:52
Айнур Шымырбекова
Сәлеметсіз бе? Мен Осы КазАТУдың грант иегері атандым. Енді документті тапсыру нешесіне дейін болатынын білейін деп едім. Және де жатақханаға қабылдау үшін 22 тамыздан бұрын өтініш беру керек пе? Алдын ала алғыс айтамын.
Сәлеметсіз бе, Айнұр! Университетке түскен студенттің құжатын қабылдау мерзімі 25 тамызда аяқталады. Ал жатақханаға орналастыру өтінішіңізді 22 тамызға дейін өз мамандығыңыз бойынша факультет деканатына өткізе аласыз. Әрі қарай сіздің арызыңызды Тұрғын үй комиссиясы қарастырып, тиісті шешім шығарады.
8/15/13, 16:29
Қалбаева Жанар
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Мен сіздің университетке білім грантын жеңіп алып, оқуға түстім. Мамандығым-Топырақтану және агрохимия. Бұл мамандық сіздің университетте қаншалықты дәрежеде оқытылады? Жалпы,профессорлар, ғылым докторлары жеткілікті ме? Осы мамандықты оқып аяқтағаннан соң, міндетті түрде ауылда жұмыс жасау керек пе? Тағы бір сұрағым, ҚазАТУ мемлекеттік университет пе?
Сәлеметсіз бе, Жанар?! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 1 курс студенттерін жатақханаға орналастыру мерзімі 22 тамыздан 24 тамыз аралығында қарастырылады. Мүмкіндік болса, көрсетілген уақыттан кешікпей келуге тырысыңыз.