Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/23/14, 22:24
Аида *** Ғаламбекқызы
саламатсизба.менин агам аграрныйга грантка окуга тусип,аяктамай окудан шигип кетеди.содан ол колледжге тамак онеркасипи мамандигин окип битереди.Кояр сурагим агам каитан кешенди тест тапсирип кыскартилган немесе дистансионный оки алама грантта?Мемлекет екинши грант болема?жауабинизди кутем Ракмет.жумистаринизга саттилик
Құрметті Аида! Колледж бітірген талапкерлер жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеуді келесі 4 пән бойынша тапсырады: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау пәні (мамандыққа сәйкес). Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинауы тиіс, оның ішінде бейінді пән бойынша 7 баллдан, ал қалған пәндер бойынша 4 баллдан кем болмауы тиіс. Колледж бітірген талапкерлер жоғары оқу орындарының күндізгі бөліміне кез келген мамандықтарына оқуға түсе алады, бірақ толық бағдарламаға (оқу мерзімі – 4 жыл), ал егер де колледж мамандығы жоғары білім мамандығына сәйкес болған жағдайда қысқартылған бағдарлама бойынша оқи алады (оқу мерзімі – 3 жыл). Университетіміздің мамандықтары www.kazatu.kz ресми сайтымызда, «Талапкер» бөлімінде көрсетілген, ол жерде мамандықтарға сәйкес таңдау пәндері де нақты айқындалған. Биылдан бастап университет қысқартылған бағдарлама бойынша (күндізгі оқу түрі болсын, сырттай оқу түрі болсын) қабылдауды жүзеге асырмайды. Ал мектепті өткен жылдары бітірген азаматтар тек қана күндізхгі бөлімге толық оқу бағадрламасына түсе алады, ол үшін кешенді тестілеу тапсырады. 2010 жылдан бері Қазақстан Республикасы бойынша орта білім негізінде (мектеп негізінде) сырттай оқу түрі бойынша қабылдау жүргізілмейді (БжәнеҒМ 2010 ж. 8 ақпандағы № 40 бұйрығы). Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/22/14, 17:07
Баймурат Айнур Баймурат
саламатсызба ректор мырза! мен колледжди битиремин енди кояр сурагым сырттаи окуга тусу ушин кешенди тестилеу тапсыру миндеттима? алдын ала рахмет!
Құрметті Айнур! Колледж бітірген талапкерлер жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеуді келесі 4 пән бойынша тапсырады: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау пәні (мамандыққа сәйкес). Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинауы тиіс, оның ішінде бейінді пән бойынша 7 баллдан, ал қалған пәндер бойынша 4 баллдан кем болмауы тиіс. Колледж бітірген талапкерлер жоғары оқу орындарының күндізгі бөліміне кез келген мамандықтарына оқуға түсе алады, бірақ толық бағдарламаға (оқу мерзімі – 4 жыл), ал егер де колледж мамандығы жоғары білім мамандығына сәйкес болған жағдайда қысқартылған бағдарлама бойынша оқи алады (оқу мерзімі – 3 жыл). Университетіміздің мамандықтары www.kazatu.kz ресми сайтымызда, «Талапкер» бөлімінде көрсетілген, ол жерде мамандықтарға сәйкес таңдау пәндері де нақты айқындалған. Биылдан бастап университет қысқартылған бағдарлама бойынша (күндізгі оқу түрі болсын, сырттай оқу түрі болсын) қабылдауды жүзеге асырмайды. Ал мектепті өткен жылдары бітірген азаматтар тек қана күндізхгі бөлімге толық оқу бағадрламасына түсе алады, ол үшін кешенді тестілеу тапсырады. 2010 жылдан бері Қазақстан Республикасы бойынша орта білім негізінде (мектеп негізінде) сырттай оқу түрі бойынша қабылдау жүргізілмейді (БжәнеҒМ 2010 ж. 8 ақпандағы № 40 бұйрығы).
6/19/14, 21:24
Бауенов Канатбай Хожабай
Сәлематсыз ба? Мен осы жылы ҰБТ-дан 82/70 ұпай жинадым. Таңдау пәнім химия. Қандай мамандықтар бар? Және де грантқа мүмкіндік барма? Алдын ала рахмет !!!
Құрметті Қанатбай! Таңдау пәні химия болып табылатын мамандықтар: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу технологиясы». Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-73 балл жинаған (қалалық мектеп бітірген) және 51-61 балл жинаған (ауылдық мектеп бітірген) талапкерлер грант иегері атанды. Ал биылғы жылғы балл мөлшері тек қана конкурс нәтижесінде анықталатын болады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/18/14, 20:18
Өтеген Гүлім Талғатбекқызы
Сәлеметсізбе! Мен Қызылорда қаласының түлегімін! Орыс тілін қосқанда 76,ал орыс тілісіз 63 география панін таңдадым Қазақ тілі 15,Орыс тілі 13,Математика 8,Қазақстан тарихы 19, ал География 21 Финанс мамандығына ақылы бөлімі қанша? Жане География мамандыгына педагокикалық бөлімі барма грантқа түүсуге қандай мүмкіндіктер бар? Рахмет!
Құрметті Гүлім! Таңдау пәні география болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту төмендегі факультеттерде жүзеге асырылады: Экономика факультеті - 5В050600 – «Экономика», - 5В050700 – «Менеджмент», - 5В050800 – «Есеп және аудит», - 5В050900 – «Қаржы», - 5В090400 – «Әлеуметтік-мәдени сервис»; Жерге орналастыру факультеті - 5В071100 – «Геодезия және картография», - 5В090300 – «Жерге орналастыру», - 5В090700 – «Кадастр», - 5В090800 – «Бағалау»; Агрономия факультеті - 5В080700 – «Орман ресурстары және орман шаруашылығы». 2013 жылғы конкурс нәтижесінде экономикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім гранттарын тек қана Алтын белгімен бітірген оқушылар иеленді, ал жерге орналастыру және агрономия факультетінінің мамандықтарына 79-100 балл аралығында жинаған түлектер ие болды. Мемлекеттік білім гранттарына құжаттарды тапсыру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы, олардың барлығы таңдау бойынша пәндері бірдей болуы тиіс, яғни Сіз география тапсырсаңыз – осы пәнге сәйкес мамандықтарға құжат бере аласыз. Бөлінген гранттар саны туралы мәліметті жаңа оқу жылына мемлекеттік тапсырыс бекітілгеннен соң, гранттарды бөлуде құзырлы орган болып таьбылатын ҚР Білім джәне ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/17/14, 20:47
Анархан Жасмин Жарасқызы
Сәлеметсіз бе,мен ҰБТ-ден 70 балл жинадым.Таңдау пәнім физика.Кәсіптік білім факультетін таңдасам,колледждерге мұғалім бола аламынба?
Құрментті Жасмин! Кәсіптік білім мамандығын таңдасаңыз колледждерге мұғалім болып жұмыс істей аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/17/14, 19:10
Муханова Айгерим Оралбай кызы
Ауылдық квота қандай мамандықтарға бөлінеді? Иа ауыл мектебінің түлегімін.. Жане де сурайтыным сіздің универде связьист мамандығы бар екен(оған неше ұпаймен грант.сол мамандықтың связь мамандығының коды қандай? ) сосын конкурсты күткен дұрыс па немесе сіздің универге барып құжжаттарды тапсыра берген дұрыс па? жаңағы связь мамандығы туралы толық мәлімет бересіз ба? Рахмет...
Құрметті Айгерим! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Ауылдық квота арқылы ауылдық мектептерді бітірген түлектер мемлекеттік білім гранттарына ие бола алады. Ауылдық квота шеңберінде мамандыққа бөлінген жалпы гранттар санының 30 % ауылдық мектеп түлектеріне беріледі, ондай мамандықтар тізімі ҚР БжәнеҒМ бекітіледі. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru