Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/20/15, 18:48
Төлеп Назерке Айбекқызы
Салеметсізбе! Мен ВжМШТ факультетінің биотехнология мамандығының 1курс студенті Төлеп Назерке. Сізге қояр сұрағым: мен ақылы оқуда оқимын . Біздің университеттің грантына өту үшін не істеу керек және грантқа ауысу үшін тек қана GPA-ға қарайды ма ? Льготтың көмегі бар ма?
Құрметті Назерке! Мемлекеттік білім беру гранты бойынша босаған орындарға үміткерлер тек GPA жоғарылығына байланысты қаралады. Жеңілдіктер егер екі үміткердің GPA-сы бірдей болған даулы сәттерде ғана назарға алынады.
5/18/15, 14:52
Баймахан Шынар Бербеккызы
Салеметсізбе? Мен энергетикалық факультет РЭТ мамандығы 3 курс студентімін!Сізге қояр сурағым.Мен 1 сабақтан жазғы семестрге қалып қойдым.Мен 3 ші топтағы мүгедек едім.Жазда ем қабылдау керек.Соған байланысты көмек көрсетілмейді ма? Жеңілдіктер болмайма?
Құрметті Шынар Бербекқызы! «Оқу үрдісін» (процессін) кредиттік технология бойынша ұйымдастыру туралы Ережеге сәйкес жазғы семестрде, 25 мамырдан 6 шілдеге дейін ақылы түрде академиялық қарызды жоюға мүмкіндік беріледі. Сондықтан сізге міндетті түрде тіркеуден өтіп, аталған пән бойынша кредитті төлеуіңіз керек.
5/13/15, 20:22
Нуржан Арманбек Галымжан
Cәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Менің сізге қояр сұрағым - Мен ҰБТ қорытындысы бойынша 4-пәннен 50-баллдан аса алмасам сіздердің универлеріңіздің ақшалай бөліміне түсе аламын ба? Осы сұраққа жауап берсеңіздер!
Құрметті Нұржан Арманбек! ҰБТ қорытындысы бойынша 50 баллдан төмен алсаңыз С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне ақылы түрде де оқуға түсе алмайсыз. Себебі университетіміздің жалпы ережесі бойынша 50 баллдан төмен болмауы тиіс. Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531 кабинеттері: қабылдау комиссиясы. Анықтама телефондары: 8-(7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.kazatu.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru
5/2/15, 16:40
Аманбек Айдана Нұрланқызы
Cәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы!Сабақ үлгірімі жағынан өте жақсымын,ғылыми конференцияларға қатысып,патентті жіберуге әзірленіп жатырмын,кейбір себептерге байланысты грантқа түсе алмадым,сабақ үлгірімі жақсы,өнер жағынан жетістіктері болып жатса университет грант бөліп жатыр,мен осындай мүмкіндікке жете аламын ба,магистратураның екінші жылын грантта оқуға мүмкіндігім бар ма? университет маған грант бере ала ма??өнер мектебін бітіргенмін,университеттің өсуіне барын саламын! Аманбек Айдана Нұрланқызы С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің \"Көлік,көлік техникасы және технолгиясы\" мамандығының 1 курс магистранты!
Құрметті Айдана Нұрланқызы! Сабақты жақсы оқып, ғылыми конференцияларға қатысып жүргеніңіз және өнер жағынан да университет өміріне үлес қосып жатқаныңыз құптауға тұраралық іс, алайда магистранттарға университет тарапынан грант бөлінбейді. Тек қана өзіңіздің оқып жатқан мамандығыңыз бойынша босаған грант болса ғана осы орынға конкурс жарияланады.
4/22/15, 11:27
Базарбаев Дiнахмет
Салеметсiздерме ! Осы университетке Архитектура және дизайн факултетине түсу үшін Творческий тапсыру уакытын кашан белгілейсіздер және калай білуге болады. Және қойар сұрағым Архитектура мен архитектура дизайн не айырмашылығы бар ? 2 түрлі мамандық па әлде бір мамандық па ? Осы сұраққа жауап берсеңіздер! .
Құрметті Дінахмет! Сәулет өнері факультеті «Сәулет» және «Сәулеттік дизайн» мамандарын дайындайды. ҰБТ тапсыру барысында Қазақстан тарихы және қазақ (орыс) тілінен алған балл ескеріліп, оған шығармашылық емтиханда алған бағаңыз қосылады. Шығармашылық емтихандар Сәулет өнері факультетінде өткізіледі. Құжаттар маусым айының 20-нан 1-шілдеге дейін қабылданады. Емтихан 2-7 шілде аралығында өтеді. Қосымша ақпараттарды 39 75 59 телефоны арқылы сәулет өнері факультетінің деканатынан ала аласыз.
4/21/15, 22:28
Акимова Лаула Дархановна
Салеметсизбе құрметти ректор, Архитектура мамандығына қазақ группасына түсу үшін кандай пәндерді тапсыру керек, және грант бұл мамандыққа берилеме? карағанды экономика және статистика колледжинин графикалық дизайн мамандығының дипломымен 5жыл оқуым керекпе алде 4жыл? Алдын ала Рахмет! (и сколько будет стоит все обучение на платной основе?)
Құрметті Лаула! Сәулет өнері факультетіне түсу үшін сізге әуелі ҰБТ тапсырып, сосын шығармашылық байқаудан өту қажет. Құжаттар 20-шы маусымнан 1-ші шілдеге дейін қабылданады, ал шығармашылық сынақтар 2-7 шілде аралығында өтеді. Мемлекеттік гранттар жылда бөлініп отырады. Ақылы бөлімде білім алу құны - 373 754 тг. Колледж бітіргендер 5 жыл оқиды, қысқартылған оқу бағдарламасы тоқтатылған.