Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/13/12, 15:55
Қанат Марғұлан
Сәлематсыз ба??? Қалыңыз қалай??? Менің көкейімде жүрген бір сұраққа жауап беруіңізді өтінемін! Мен \"Өсімдік қорғау және карантин\" мамандығы бойынша сіздерге грантқа түскен болатынмын!! Енді ЖАТАҚХАНАҒА орналасу үшін ҚАНДАЙ ҚҰЖАТТАР, ҚАЙ УАҚЫТҚА дейін тапсыру керек??? Және ЖЫЛДЫҚ БАҒАСЫ қанша??? Алдын ала үлкен РАХМЕТ!!! Алғысым шексіз!!
Құрметті Марғұлан! Егер біздің университетке оқуға түссеңіз, жатақхана алуға өтініш беруге мүмкіндігіңіз бар. Жатақхана алуда көп балалы отбасы деген анықтама қажет болады. Өйткені жатақхана алуда студенттердің әлеуметтік жағдайы ескеріледі. C. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттік жатақханасынан орын алуда талап етілетін құжаттар: 1. Студенттің жеке куәлігінің көшірмесі – 1 дана; 2. Студенттің әлеуметтік жағдайын растайтын анықтамасы; 3. 3*4 сурет – 3 дана; 4. Студенттің тіркелген жерін растайтын үй кітабының көшірмесі (нотариуспен бекітілген); Комиссия шешімінен кейін: 5. Жатақханада тұру үшін төленген төлем түбіртегі (1 айға 2285 теңге). Студент төлемді 1 оқу жылына, яғни 10 айға толық (22850 теңге) төлеу керек. Төлем Темірбанкке немесе Халықтық банктің кез келген филиалында жасалады (мекенжайы: Ақжайық көшесі, 16-үй); 6. Барлық жатақханада іске қосылған Интернет желісін пайдалану үшін төленген төлем түбіртегі (1 айға 750 теңге). Студент интернет желісі үшін 9 айға (6750 теңге) толық төлеу керек; 7. Университеттің медициналық орталығынан анықтама (медициналық тексеріс әр жатақхананың ішінде ұйымдастырылады); 8. Құжаттарды тігу үшін скоросшиватель. Жатақхана алуға қатысты толық ақпаратты университет сайтынан біле аласыздар (www.agun.kz. «Тәрбие ісі жөніндегі департамент»→ «С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-дың студенттік жатақханалары»)
8/13/12, 13:51
Гулнур
Саламатсыз ба, Акылбек Кажигулович! Мен Экология, Биотехнология және Аграрный факультеттерінің бағасын білейін деп едим. Келесі сұрағым, ақылы бөлімде оқысам, маған жатақхана беріле ма? Мен грантқа түсе алмай қалдым, бірақ 1 курстан жақсы бітірсем, менің грант ұтып алуға мүмкіндігім бар ма??? Рахмет!
Құрметті Гүлнұр! Жатақхана алуда әлеуметтік жағдайларға назар аударылады. Мәселен, көп балалы отбасы, әлеуметтік жақтан аз қамтылған отбасы, жетім, мүгедек студенттер жағдайы. Жалпы, жатақхана алуға өтініш жаза аласыз. Барлық мәселе комиссия шешімімен қаралады.
8/12/12, 23:57
Жаннур
саламатсыз ба? мен оку акысы жонінде сурак кояйын деп едім, келісім шартта оку акысы келеси курста 10%дан аспайды деп жазылган. Бирак осы курста неге 20%ға дейін бірден оскен?
Құрметті Жаннур! 2012-2013 оқу жылының оқу ақысы 2011-2012 оқу жылының оқу ақысымен салыстырғанда 5,5% артты.
8/12/12, 18:39
Raushan Bekturlinova
саламатсыз ба! мен биылгы окуга тускели жаткан талапкерлердин биримин. Алдагы максатым гылыми жумыстармен айналысып,универди кызылга биритирп,билим,гылым жолын куу.. Сиздердин университтеринизге тусип,универдин намысын коргап талай жарыска катыскым келеди.. кандай шет елдермен байланыс жасайсыздар? колик,коликтик техника и технология факультетинин акшасы жылына канша??? рахмет
Құрметті Раушан! «Көлік, көліктік техника және технологиялар» мамандығы бойынша 1 курстың оқу ақысы 296 000 теңгені құрайды.
8/12/12, 15:59
Жаныл
Сәлеметсізбе! Менің қояр сұрағым Мен Алматыдагы аграрлық университетінде оқимын.Егер де Астанаға сол мамандыққа ауыссам грант сақтала ма?
Құрметті Жаңыл! Сіздің мамандығыңыз оқу орнымыздағы мамандыққа сәйкес келген жағдайда қысқы және жазғы сессия демалыс уақыты аралығында грантыңызды сақтай отыра ауыса алатындығыңызды хабарлаймыз.
8/12/12, 15:48
мания
Сәлеметсіз бе!мен 2 курста окып жургенимде академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша 1 семестрге басқа университетке кеткен болатынмын,енді оқуым аяқталды.қайтып келгенде маған жатақхана беріле ме?
Құрметті Мания! 2-3-курстар үшін жатақхана 27-29 тамыз аралығында қаралады. Жатақхана бөлуде арнайы комиссия жұмыс жасайды. Комиссия шешімімен жатақханаға орналаса аласыз.