Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/15/13, 11:38
Жибек
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы!Мен энергетикалық факультетінде 2-ші курсты бітірдім. Осы жылы інім Экономикалық факультетіне ақылы түрде оқуға түсті, мен өзім де ақылы түрде оқимын. Алдынғы 2 жылда жатақханада тұрдым, ішкі ережелерін бұзған жоқпын. Сізге қояр сұрағым: қаржылық жағдайға байланысты мен осы жылы жатақхана ала аламын ба? Және сол жағдайларға байланысты қандай да бір құжаттар көрсету керек пе?
Құрметті Жібек! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 1 курс студенттерін жатақханаға орналастыру жұмысы 22 тамыздан 24 тамызға дейін қарастырылады. Ал өзіңіз, жатақханаға орналастырудағы мәселелерге түсіністікпен қарап, биылғы түскен жас іні-сіңілілеріңізге орын бересіз деген сенімдемін.
8/14/13, 19:12
Есетова Жанар
Сәлеметсіз бе,ректор мырза! Менің қызым сіз басқарып отырған университете оқығысы келеді.Биотехнология,экология мамандықтары үшін оқу ақысы қанша,алғашқы кезеңге қанша пайызын төлеу қажет және жатақхана беріле ме? Алдын-ала рахмет!
Сәлеметсіз бе, Жанар?! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 1 курс студенттерін жатақханаға орналастыру мерзімі 22 тамыздан 24 тамыз аралығында қарастырылады. Мүмкіндік болса, көрсетілген уақыттан кешікпей келуге тырысыңыз.
8/14/13, 00:46
Аманбаева Гаухар
Сәлеметсіз бе, қүрметті Ақылбек Қажығүлүлы! Мен КЖжКББ факультетінің 2-ші курс студентімін, биылғы жылы №7 жатақханаға орналастыру жүріп жатқан жөндеу жұмыстарына байланысты тек қазан айында ғана болады деп естідік, сол мәлеметтің нақтылығын өзіңізден сүрайын деп едім. Рахмет !!!
Құрметті Гаухар! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 2 курс студенттерін жатақханаға орналастыру мерзімі 26 тамыздан 28 тамыз аралығында комиссия қойған талаптарға сәйкес қарастырылады. Жатақханаға орналастыру уақытында басталады.
8/13/13, 18:21
Асылжан Туреханов
Салеметсізбе! Мен, СОПР Балык шаруашылыгы 2 курс студентимин. Сиздерге кояр сурагым, №6 жатакханадан орын алайын деп едим,Кызылордадан 1 ай бурын билет алсамда жакын кунге таппай 30 на алдым,Сондыктан жатакхананын документ тапсыруына улгермейтин болгандыктан берип жиберем керекти кужаттарымды группаласымнан, бирак ол жакта озим болмагандыктан медосмотрдан осы жактан отсем ол жарайма екен? Жане сиздерге отиниш бизге орын карастыруларынызды отинемин.Ол жакта туыстарым болмагандыктан жатакханадан баска мумкиндигим болмай тур,сиздерден жауап кутемин.
Құрметті Асылжан! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің 2 курс студенттерін жатақханаға орналастыру мерзімі 26 тамыздан 28 тамызға дейін қарастырылады. Университеттің студенттік жатақханасынан орын алуда талап етілетін құжаттардың ішінде университеттің медициналық орталығынан анықтама (әр жатақхананың ішінде ұйымдастырылады) алуыңыз керек. Басқа медициналық орталықтың анықтамалары жарамайды. Сіз жатақхананың ішкі тәртіп ережесін сақтағаныңыз үшін, жатақхананың студенттік кеңесі ұсынған тізімінде барсыз. Мүмкіндік болса, уақытында келгеніңіз дұрыс.
8/13/13, 16:04
Жармаханова Жайна Асқарқызы
Саламатсыздар ма? Мен осы университеттің техникалық факультетінің 5В071300-Көлік,көлік техникасы және технологиялар мамандығының 3 курс студентімін. Отбасы жағдайыма байланысты 2013-2014 оқу жылының төлем ақысын төлей алмаймын.Осы жағдайға байланысты қояр сұрағым: 1.Осы университеттің мемлекеттің тарапынан тегін оқуға мумкіндігім бар ма? (Оқу үлгерімім өте жақсы) 2. Осы университеттің сырттай оқу бөліміне ауысуға мүмкіндігім бар ма? 3.Оқу ақысы төмендеу басқа да жоғарғы оқу орындарына сырттай оқу бөліміне ауысуға болады ма?
Құрметті Жайна! Университет есебінен тегін оқу мүмкіндігі қарастырылмайды. Жалпы орта білім беру негізінде сырттай оқыту нысаны жоқ, сондықтан сырттай оқу бөліміне ауыса алмайсыз. Екінші деңгейдегі банктерден білім беру несиесін алу мүмкіндігіңіз бар.
8/12/13, 14:26
Тайшиева Гульшарат
Сәлеметсіз бе! Жатақхана алуға арыз жазғанда қандай құжаттар керек екендігін айта аласздар ма? Басқа қала студенттері пропискадан шығып келуі қажет пе?
Құрметті Гүлшарат! Жатақханаға орналасу туралы толық мағлұматты және тиісті құжаттар тізімін университеттің kazatu.kz сайтынан кең танысуыңызға болады. Ал басқа қаладан келген студент өзі тіркелген тұрғылықты жерінен шығуы міндетті емес. Тек студенттің тіркелген жерін растайтын үй кітабының көшірмесін (нотариуспен бекітілген) Жатақхана комендантына өткізуі тиіс.