Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/17/14, 16:58
Шектібаева Айгерім Қуандыққызы
сәлеметсізбе!!! менің әр пәннен жинаған балым 4 балдан кем емес,,,қазақ тілі 19 орыс тілі 11 математика 9 қазақстан тарихы 13 және таңдау пәнім(физика)7,,,барлығы 59 балл!!! менде жоғарғы оқуға түсуге мүмкіндігім барма???
Құрметті Айгерим! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/17/14, 01:42
jumabekova madina aidunkizi
Salemetsizbe rektor.menin koiain degen suragim men Ubt dan barligi74 ball aldim oris tilsiz 60 ball tandagan panim ximya. ximyadan 21 ball aldim osi balmen Univerge tuse alamin ba?otiniw jauap jazinizwi.Raxmet
Құрметті Мадина! Таңдау пәні химия болып табылатын мамандықтар: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу технологиясы». Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-73 балл жинаған (қалалық мектеп бітірген) және 51-61 балл жинаған (ауылдық мектеп бітірген) талапкерлер грант иегері атанды. Ал биылғы жылғы балл мөлшері тек қана конкурс нәтижесінде анықталатын болады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/15/14, 21:10
jumabekova madina aidunkizi
салеметсізбе менің қояйын деген сұрағым мен ҰБТ дан барлығы 74 балл жинадым орыс тілсіз 60 балл таңдаған пәнім химия одан 21 балл алдым сол балмен қандай универге түсе аламын.Рахмет
Құрметті Мадина! Таңдау пәні химия болып табылатын мамандықтар: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу технологиясы». Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-73 балл жинаған (қалалық мектеп бітірген) және 51-61 балл жинаған (ауылдық мектеп бітірген) талапкерлер грант иегері атанды. Ал биылғы жылғы балл мөлшері тек қана конкурс нәтижесінде анықталатын болады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/15/14, 13:38
Жұманғали Айгерім Айтжанқызы
Сәлеметсізбе!Мен ҰБТ-дан 66 балл(орыс тілін алғанда 58)жинадым.Шет ел тілдері кафедрасына грант ,не ақылы оқуға түсе аламын ба?Грантқа өту баллы қанша?
Құрметті Айгерім! Біздің университетте «Шет тілдері» мамандығы бойынша дайындық жүргізілмейді. Университетіміздің «Шет тілдері» кафедрасының оқытушылары техникалық, ауылшаруашылық, экономикалық және сәулет өнері бағытында оқитын студенттерімізге «Шет тілдері» сабақтарын жүргізеді. Аталған мамандық бойынша оқытуды педагогикалық жоғары оқу орындары жүзеге асырады. Мамандықтар туралы мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтынан, ал мемлекеттік білім гранттарына межелік өту балдары туралы мәліметті Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/14/14, 10:06
Муханова Айгерим Оралбай кызы
Сәләматсыз ба? ! Және мен) Сельская квота калай болады? Оған балл қосыады ма? Атестатта 4пен 5...
Құрметті Айгерим! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Ауылдық квота арқылы ауылдық мектептерді бітірген түлектер мемлекеттік білім гранттарына ие бола алады. Ауылдық квота шеңберінде мамандыққа бөлінген жалпы гранттар санының 30 % ауылдық мектеп түлектеріне беріледі, ондай мамандықтар тізімі ҚР БжәнеҒМ бекітіледі. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/14/14, 04:50
Муханова Айгерим Оралбай кызы
Сәләматсыз ба?! Мен осы жылы ҰБТ-дан 102/80 ұпай жинадым..таңдау пәнім физика..қандай мамандықтар бар (мемлекеттік грантқа) иа жыл сайын өзгеріп отырады грант ұпайы дегенмен алдыңғы жылдардағымен айтыңызшы және ол мамандықпен қыз балдар қандай жұмыс жасай алады? алдын ала рахмет..
Құрметті Айгерим! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru