Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/10/12, 17:20
Алтынай
Саламатсыз ба! Акылы окуга тусушилерге жатахана толык камтыла ма? Кай уакыттан бастап бериледи? Сау болыныз!
Құрметті Алтынай! Студенттерді жатақханамен толық қамти алмаймыз. Жатақхана бөлуде студенттердің әлеуметтік жағдайы ескеріледі. І курс үшін жатақхана 23-25 тамыз аралығында қаралады.
8/9/12, 23:17
Абдрахманова Индира
Саламатсыз ба Акылбек Кажигулович! Осы 2012-2013 о.ж. магистратура бойынша стандартизация және сертификация мамандығына канша грант бөлінді КАТУ бойынша?
Құрметті Индира! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне 2012-2013 оқу жылына магистратураның 6M0732 – «Стандарттау және сертификаттау» (сала бойынша) мамандығы бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі 4 орынға мемлекеттік білім грантын бөлді.
8/9/12, 17:23
Узагалиева Айсулу
Саламатсыз ба Ақылбек Қажығұлұлы!Сизге кояр бір сурагым бар еді,егер мен 1курста\"аграрлық техника жөне технология\" мамандыгы бойынша окып,келесі жылы (2курста) \"Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар\" мамандығына ауыса аламын ба?
Құрметті Айсұлу! Сіз қысқы және жазғы сессия демалыс уақыты аралығында ауыса алатындығыңызды хабарлаймыз. Ауысу барысында пән айырмашылығына байланысты кредит сағаты төленеді (1 кредит – 7870 теңге). Қосымша сұрақтар бойынша тіркеуші кеңсесіне хабарласуыңызды сұраймын. Телефон: 8 / 7172/-39-75-08.
8/9/12, 14:12
Тагаева Галия
Саламатсызба Ахылбек Кажигулович! Меніѕ ќызым Тагаева Салтанат \"Азыќ-тїлік ґнімдерініѕ технологиясы\" мамандыєы (гр.208 ТПП) бойынша 3 курсќа ґтті.Ќызымныѕ ќўлаєы ауырады (есту ќабіліті 70%).Шымкентке жылына 1 рет Санк-Петербургтан врачтар келіп операция жасайды, біз сол операциєа жазылып ќойдым. Ґйткені емдеп жїрген врач осы жолы жасатпасаѕыздар ќиын болады деді.2011 жылы сабаєынан ќалып ќояды деп жасатќан жоќ едік. Операция жасаєанда 3 кїн больницада жатады,3 апта амбулаторныйда болады екен. Аныќтамасы болады. Соєан Сіз, бізге сабаєынан босатуєа рўќсат берсеѕіз, 28 август кїні ќызым сабаєына,яєни жатаќхана алуєа,орналасуєа барады. Врач Хасан Диабтан келген жауапты сізге жіберемін.Сізден їлкен ґтініш ата-ана ретінде.Жауабыѕыщды кїтеміз.Раќмет!
Құрметті Ғалия! Тиісті құжаттарыңызды деканатыңызға алып барып, декандарыңызға менің атыма өтініш жазыңыз.
8/9/12, 14:03
Сариева Бахыт
саламатсыз ба? ректор мырза агрономия факультеті бойынша агрономия мамандығы бойынша 2 курс оқу ақысы қанша екенін білгім келеді.
Құрметті Бахыт! Агрономия мамандығы бойынша 2 курстың оқу ақысы 263 117 теңгені құрайды.
8/9/12, 10:37
тураков сатыбалды Аманхосұлы
Сәлеметсізбе! грантты қашан хабарлайсыздар рахмет
Құрметті Сатыбалды! Республикалық білім гранттарын беру конкурсы нәттижелерін ҚР Білім және ғылым министрлігі үстіміздегі жылдың 15 тамызына дейін жариялайды. Конкурс нәтижелері республикалық газеттерде шығады.