Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/12/13, 11:09
Дуйсембаева Айжан
Салеметсіз ба! Сұрайын дегенім,бауырым сіздердін университеттерінізге грантка түсті. Құжаттарды қашан өткізу керек және жатакханаға қандай құжаттар керек, қай уақыт аралығында өткізу керек? Талдықорған қаласынан боламыз.
Құрметті Айжан! Жатақхана алу туралы толық мағлұматты және тиісті құжаттар тізімін университеттің kazatu.kz сайтынан алуыңызға болады. Биылғы оқуға түскен студенттер үшін жатақханаға орналасу мерзімі 22 тамыздан 24 тамызға дейінгі аралықта болады.
8/12/13, 00:46
Какенова Акжунис Ерланкызы
Салеметсиз бе! Мен Агрономия факультетинин 2 курс студентимин. 2 курстарга жатакхана кай кундер аралыгында берилетинин билуге болады ма екен? Алдын ала жауабынызга улкен Рахмет!
Құрметті Ақжүніс! 2 курс студенттерін жатақханаға орналастыру мерзімі 26-28 тамыз аралығында болады.
8/11/13, 19:19
Еркебұлан
Саламатсызба Ахылбек Кажигулович!менің сізге қояр сұрағым Мен қазір Жылуэнергетика мамандығына грантқа түстім Егер мен Жылуэнергетика мамандығынан радиотехника,электроника жане телекомуникация мамандығына ауыссам грант сакталама? Алдын ала рахмет
Құрметті Еркебұлан! Бір мамандықтан екінші мамандыққа ауысқан жағдайда мемлекеттік білім гранты сақталмайды. Демек, Сіз 5В071900-Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар мамандығында ақылы негізде оқуыңызды жалғастыра аласыз.
8/11/13, 01:38
Тенизбаева Айжан
Салеметсизбе, Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мен биыл ұбт тапсырдым. \'Алтын белгі\' ақтадым 100/ 90 бал алдым. Таңдаған пәнім география пәні еді.Бірақ грантқа түсе алмадым. Енді КазАТУ-ға құжаттарымды тапсырмақшымын буйырса. Сіздерде Алтын белгілерге ректорлық грант барма және ректорлық грантқа басқа конкурс болама немесе грантқа ауысуға басқадай жеңілдіктер болама соны білгім келеді. Жауабыңызды асыға кутемін...
Құрметті Айжан! Ректорлық гранты университетте жоқ. Оқу барысында білім беру гранты бойынша орын босаған жағдайда белгіленген тәртіппен құжаттарыңызды конкурсқа тапсыруыңызға болады.
8/10/13, 18:45
Оразбай Анар
Сәлеметсиз бе,Ақылбек Қажығұлұлы.Мен сіздің университетінізге тустім.Енді мені ойландыратын мәселе ол жатақхана. Мен Қызылорда облысы, Сырдария ауданынан едім.Жатақханаға қалай орналасуға болады?
Сәлеметсіз бе Анар! Сіздің жатақхана алу мәселесі туралы сұрағыңызға жатақханаға орналасу үшін құжат қабылдау уақыты 1 курстар үшін 22 тамыздан 24 тамызға дейін болатынын есіңізге саламын. Сондықтан факультетіңізге тезірек келіп, өтінішіңізді, қажетті құжаттарды өткізуіңіз керек. Кейін тұрғын үй комиссиясы қарап, тиісті шешім шығарады. Жатақхана алу туралы толық мағлұматты және тиісті құжаттар тізімін университеттің kazatu.kz сайтынан алуыңызға болады.
8/9/13, 10:36
Дархан Ыбашов
Salemetsizbe osi jili 4 kurs studentteri kop balali otbasinan bolsa jatakhanaga wyga alama?
Сәлеметсіз бе Дархан! Сіздің хатыңыз бойынша төмендегідей жайтты есіңізге салғым келеді. Биылғы жылы университетке оқуға қабылданып жатқан студенттердің көптігінен, 4 курс студенттерін жатақханаға орналастыру мүмкін болмайды.