Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/14/14, 04:44
Жуманазаров Ерсейт Рахманұлы
Сәлеметсiзбе! мен ҰБТдан орысты қоспағанда 60 жинадъм грант болам ба? Физика 5шi пәнiм
Құрметті Ерсейт! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Биылғы өтпелі баллдар қандай болатынын конкурс нәтижесі ғана анықтайды.
6/13/14, 12:55
Зейнуллина Айдана Амангелдикызы
сәлеметсізбе! Мен Ұлттық бірыңғай тестілеу сынағынан физика пәнін таңдап, 69 балл алдым (орыс тілі пәнін алып тастағанда 56 балл). Физика пәніне байланысты қандай мамандықтар бар? осы балмен грантқа түсе аламын ба?
Құрметті Айдана! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/13/14, 11:52
Сейітмат Айшат
Салеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Сізге қояр сұрағым: мен қазақ мектебінің түлегімін, бірақ оқуға орыс бөліміне тапсыруға болады ма?
Құрметті Айшат! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Ақылы түрде оқи аласыз, ал егер де мемлекеттік білім грантының иегері атансаңыз, грант қай бөлімге бөлінген болса, сол бөлімде оқуға міндеттісіз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/11/14, 19:33
Саримова Малика Конысбаевна
Саламатсыз ба? мен Ақтөбе Ауыл шаруашылық колледжінін биылғы түлегімін. мамандығым Ветеринар сырттай оку боліміне түсеиін деп едім. қандай пәндерден тест тапсыруым керек?және қай уақыттан бастап сырттай оқу боліміне документтерді қабылдайсыздар? қызыл дипломмен жане ғылыми жобаммен барсам маған оқуыма төлеитін қаржы жағынан женілдіктер бола ма? сырттай оқу бөлімінде гранд бар ма?
Құрметті Малика! Ветеринария бағыты бойынша сырттай оқу бөлімі жоқ, себебі БжәнеҒМ 2010 ж. 8 ақпандағы № 40 бұйрығына сәйкес орта кәсіптік білім негізінде де (колледжден кейін) орта білім негізінде де (мектептен кейін) сырттай оқу түрі бойынша дайындықты жүргізу рұқсат етілмейді. Сіз күндізгі бөлімге ғана оқуға түсе аласыз, ол үшін міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырасыз. Кешенді тестілеу 4 пән бойынша өтеді: математика, Қазақстан тарихы, қазақ тілі және таңдау бойынша пән – мамандыққ сәйкес. Кешенді тестілеуге құжаттар 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/11/14, 16:56
Аяулым Райымкулова Болаткызы
Сәлеметсізбе, Ақылбек Қажығұлұлы Күрішбаев мырза! Сізге қояр сұрағым мен ҰБТ дан 73 балл алдым, орыс тілін алып тастағанда 60 +ауылдық квота, таңдау пәнім физика. Сіздің университетке грантка түсу мүмкіндігім барма? және қандай мамандыққа?алдын-ала рахмет!
Құрметті Аяулым! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Биылғы жылдың балл мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/11/14, 16:41
Раисова Карашаш Татибаевна
Саламатсыз ба Ректор мырза! Интернетте сіздердің университеттеріңізде \"С.Сейфуллин ат. Аграрлық–техникалық Университет Колледжі\" бар делінген.Бірақ қабылдау бөліміне қоңырау шалғанда жоқ деп жауап берді.Бұны қалай түсінуге болады? Бар болған жағдайда абитуренттер туралы қай саиттан көруге болады? Қандай бөлімдер,грант туралы, қандай мекен-жайда орналасқаны туралы мағлұмат беруіңізді сұраймын.Рақмет
Құрметті Карашаш! Университетімізде колледж жоқ. Колледж 2012 жылы жабылды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru