Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/8/12, 10:56
Андас Несібелі
Сәлеметсіз бе! 2012 жылғы грант иегерлерінің тізімін қандай сайттан алсам болады?
Құрметті Аңдас! Республикалық білім гранттарын беру конкурсы нәттижелерін ҚР Білім және ғылым министрлігі үстіміздегі жылдың 15 тамызына дейін жариялайды. Конкурс нәтижелері республикалық газеттерде шығады.
8/8/12, 09:56
Аманкос
грантка откендердин тизимин калай билуге болады
Құрметті Аманқос! Республикалық білім гранттарын беру конкурсы нәттижелерін ҚР Білім және ғылым министрлігі үстіміздегі жылдың 15 тамызына дейін жариялайды. Конкурс нәтижелері республикалық газеттерде шығады.
8/5/12, 03:03
Дана
саламатсызба? Менин сурагым государственный и жартылай государственный универлерде анамнын жоктыгына байланысты женилдик жасалама? Конкурс натижелери кашан шыгады?
Құрметті Дана! Сіздің сауалыңыз бойынша тіркеуші кеңсесіне хабарласуыңызды сұраймын. Телефон: 8 / 7172/-39-75-08
8/2/12, 23:01
Салтанат
Мен сiздiң ЖОО-дың 4 мамандығына тапсырып қойдым. Грант болмаса да, ақылы оқығым келедi. Атырау обл.-нанмын, жатақхана бола ма? Рахмет.
Салтанат жатақхана алу үшін оқуға келген кезде деканатқа хабарласып, өтініш жазасыз. Әлеуметтік қорғау туралы айтар болсам, бүгінгі таңда университет балансында жалпы саны – 7 жатақхана бар. Олардың 4-еуінде студенттер, қалған 3-еуінде ұстаздар мен қызметкерлер тұрады. Жатақханаларда тұрмысқа қажетті барлық жағдай жасалған. Сонымен қатар, оқу ғимараттары мен жатақханаларында 10 тамақтандыру нысаны бар.
8/2/12, 11:18
Назгул
Сәлеметсіз бе. Мен 2курска кайта восстановиться етейін деп едим ,мен кайта акша толеуім керекпе? Алдына ала рахмет.
Назгүл оқуға қайтып түсу туралы сұрақтармен деканатқа хабарласуыңыз керек. Сол жерде оқу ақысы, пәнаралық айырмашалықтар туралы толық және нақты ақпарат ала аласыз. Қосымша ақпаратты 8 /71 72/ 31 75 62 телефоны арқылы тіркеуші кеңсесінен сұрауыңызға болады.
8/2/12, 10:44
Ибраева Анара
Сәлеметсіз бе! сіздің университетіңізде ректорский грант деген бар ма? сол туралы айтып беріңізші. мен Алла жазса сіздің университетке түсемін. Географиядан халықаралық олимпиадалардың жеңімпазымын.
Құрметті Анар! Университет ректорының гранты деген жоқ. Мемлекеттік гранттарды тағайындауда жеңілдік квоталар келесідей: жетім балалар үшін квота (1%), I, II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар арасынан шыққан азаматтар үшін квота (0,5%) және Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға квота (2%). Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556