Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/7/13, 22:39
Эльмира
Сәлеметсіз бе ректор мырза!Мен Қызылорда қаласындағы Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтында Құрылыс мамандығы бойынша 1курсты бітірдім, енді 2 курста сіздердің университеттеріңізге Құрылыс мамандығына ауысайын деп едім,соған бұрынғы ҰБТ балы әсер ете ме және қандай құжаттар қажет екенін сұрайын деп едім.Алдын-ала рахметімді айтамын.
Құрметті Эльмира! Біздің оқу орнында «Құрылыс» мамандығы бойынша оқытылмайтындығын хабарлаймын.
8/3/13, 18:42
Кылышбекова Айгерим
Салеметсиз бе!)Мен сиздердин универинизге туским келеди. ЕНТ-дан 77, ор/сыз 61 балл алдым. 5 пан геогафия. Орман ресурсы жане шарушылыгы факультетине грантка тусу мумкиндигим бар ма?
Құрметті Айгерим! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданды. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы еді. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде көрсетілген мамандыққа мүмкін болатын 100 баллдан 74 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
8/3/13, 18:28
Айберген Жаксыгалиев
салеметсізбе! менин кояр сурагым мен КРУда дистанцонныйда оким 1курс 2курсты баска универге ауысуыма болама иштей.сосын ентдан алган балга караима?
Құрметті Айберген! Ауысу барысында ҰБТ балы ескерілетіндігін хабарлаймын және ауысу мәселесімен тіркеуші кеңсесіне хабарласуыңызды сұраймын. Байланыс телефоны: 8(7172) 39-75-08.
8/3/13, 18:18
Талшын
Салеметсиз бе! Сиздин университет мемлекеттик университеттер катарына жата ма?
Құрметті Талшын! Біздің университет акционерлік қоғам болып табылады, бірақ акциялардың 100 % мемлекет үлесінде. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
8/2/13, 17:11
Амангелдиева Акмарал
Салеметсізбе! Мен ВиТЖ факультетінің 2 курс студентімін. Осы жылы жатақхана алу күні қашан екенін білгім келеді)))2 Курстарға кай күні беріледі?
Құрметті Ақмарал! 2-курс студенттерін жатақханаға орналастыру 27.08.13-29.08.13 аралығында қарастырылады.
8/2/13, 01:26
Досанова Анель Әбілтайқызы
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің 1 курс студентімін.Мамандығым кәсіптік білім,мемлекеттік грант бойынша білім алудамын. Оқу табыстарым өте жақсы!Мен осы мамандық бойынша КазАТУ-не ауысқым келеді.Мен өз грантымды сақтап қала аламын ба? .Жауабынызды үмітпен күтудемін,назарынызға көп-көп рахмет!!!!
Құрметті Анель! Білім беру ұйымдарының үлгісі бойынша білім алушының ауысу мен қайта қабылдау ережесіне сәйкес («19» қаңтар 2012 жыл № 110 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген) білім беру гранты бойынша оқитын білім алушы білім беру грантын сақтай отырып басқа жоо-на ауыса алады. Жекелеген жоо-на бөлінген мақсатты орындарға, сондай-ақ квота шеңберіндегі педагогикалық мамандықтарға білім беру грантымен түскен білім алушы басқа жоо-на білім беру грантын сақтай отырып, ауысуына жол берілмейді. Басқа білім беру ұйымына ауысуға ниеттенген білім алушы өзі оқитын білім беру ұйымы басшысының атына ауысу туралы жазбаша түрде өтініш береді, ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қалаған білім беру ұйымының басшысына барады. Жоғарыда аталғандардың негізінде Сіз университетіңіздің басшысына барып, егер сіздің грантыңыз университетке бөлінген квотаға кірмейтін және «Кәсіптік білім» мамандығы педагогикалық мамандыққа жататын боса, онда Сізге келісім беруі мүмкін. Білім алушының бір жоо-нан басқасына ауысу рәсімі келесі тәртіппен жүзеге асырылады: 1) басқа жоо-на ауысуға тілек білдірген білім алушы өзі оқитын жоо-ның басшысының атына өтініш тапсырып, ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алған соң қалаған жоо-ның басшысына барады. 2) қабылдайтын жоо-ның басшысының атына жазылған өтінішке ректордың (немесе оқу ісі бойынша проректордың) және тіркеу бөлімінің қолдары қойылған, мөрмен бекітілген транскрипт; бірыңғай ұлттық тестілеу немесе кешенді тестілеу тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесі, білім беру гранты иегері куәгерінің көшірмесі, өзі оқыған жоо-ның атына жазылған өтініш (басшының қолы және мөрмен бекітілген), орта білім туралы аттестаттың (немесе колледж бітіргені туралы дипломның) көшірмесі, жоо-ның лицензисы мен қосымшасының көшірмелері, жеке куәліктің көшірмесі тіркеледі; 3) қабылдайтын жоо-дағы факультет деканы ұсынылған құжаттардың негізінде есептеу ведомісін құру жолымен меңгерілген пререквезиттермен сәйкес оқу жоспарындағы пәндер айырмашылығы мен оқу курсын анықтайды, білім беру бағдарламасына сәйкес меңгерген кредиттер санын қайта есептейді және білім алушының жеке оқу жоспарын тіркеуші бөлімінің келісімімен бекітеді. Бакалавриат үшін сол курсқа ауысу мен қайта қабылдау егер оқу жоспарындағы айырмашылық міндетті компоненттің бес пәнінен артпаса, жүзеге асырылады. Ауысу туралы құжаттар 25 тамызға дейін қаралады. Байланыс мәліметтері: 8-717-2-38-40-02, 8-717-2-38-40-03, e-mail: alfiya_askarova@mail.ru