Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/11/14, 15:41
Nurgalieva Diana Nurgalikyzy
Салеметсизбе! мен УБТдан 56 бал алдым. казак тили 14 орыс тили 11 тарих 18 математика 9 жане химия 15. КазАТУ га грантка немесе акылы турде окуга тусе аламын ба? жане кандай мамандыктар даярлайсыздар?
Құрметті Диана! Таңдау пәні химия болып табылатын мамандықтар: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу технологиясы». Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-73 балл жинаған (қалалық мектеп бітірген) және 51-61 балл жинаған (ауылдық мектеп бітірген) талапкерлер грант иегері атанды. Ал биылғы жылғы балл мөлшері тек қана конкурс нәтижесінде анықталатын болады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/10/14, 01:02
Маликова Айнурым
Сәлеметсіз бе! Мен биыл ҰБТ-ден 43 балл алдым, орыс тілсіз 33 балл жинадым тандау пәнім биология 7 балл,тарих 11 балл,казак тілі 9 балл, математика 6 балл мен бұл университетке қандай да болса мамандыққа түсе аламын ба? Сельский балл косылса грант болама?
Құрметті Айнурым! Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларына сәйкес: 37. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестiлеу нәтижелерi бойынша мынадай пәндерден: мемлекеттiк немесе орыс тiлiнен (оқу тiлi), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен кемінде 70 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтар тобы бойынша кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл, оның ішiнде бейiндi пәннен кемiнде 7 балл (әрбiр шығармашылық емтихан бойынша кемiнде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемiнде 4 балл жинаған, ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешендi тестiлеуге қатысушылар қабылданады. 38. ҰБТ немесе кешендi тестiлеу шеңберiнде тапсырылған пәндердiң бiреуiнен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негiзде оқуға қабылдануына немесе бiлiм беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берiлмейдi.
6/10/14, 00:18
Жумагулова Жанар
Саламатсыз ба!УБТ тапсыру кезинде томендеу балл жинаган окушы кайтадан жогаргы окуга тусу ушин Кешенди тестилеуден отуге бола ма? Жогаргы упайды арким ар турли жагдайда алатыны белгили, биреулер оз билимимен, ал биреулер комек аркылы... Тандау пани физикадан билими жаксы, жалпы балл 78 орыс тилсиз 61. Бул баллмен грант иегери болу мумкин еместигин билемин. Сурап отырганым КТ тапсыруга бола ма? Егер КТ-ден натижеси жаксы болса, грантка оте ала ма?
Құрметті Жанар! Биылғы жылы ҰБТ тапсырған түлектер кешенді тестілеуді тапсыра алмайды, себебі кешенді тестілеуді колледж түлектері мен мектепті өткен жылдары бітірген түлектер тапсыруға құқылы. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/9/14, 23:35
Оңталап Феруза Мирамбек
Саламатсыз ба,Ақылбек Қажығұлұлы!Мен 2014 жылғы мектеп түлегімін.ҰБТ қорытындысы бойынша 91 балл жинадым.Орыс тілсіз 71 балл.Таңдау пәнім физикадан-12,математикадан-15,Қазақстан тарихынан-21 және қазақ тілінен -23 балл жинадым.ҚазАТУ-ға осы көрсеткішпен грантқа түсуге мүмкіндік бар ма?Және қай мамандықты таңдауға кеңес бересіз?
Құрметті Феруза! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Ал биылғы жылғы балл мөлшері тек қана конкурс нәтижесінде анықталатын болады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/9/14, 14:27
Жауынбай Жанибек Жанболатулы
Саламатсызба. Мен осы жылы мектеп битирдим УБТ дан 90 балл жинадым орыс тилди алыптастаганда 67 балл калды. Мен КазАТУ га туским келеди. 5 паним физика сизге кояр сурагым 67 балл мен КазАТУ дын кандай факультетине грантка тусе аламын. Жауабынызды кутемин.
Құрметті Жәнібек ! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Ал биылғы жылғы балл мөлшері тек қана конкурс нәтижесінде анықталатын болады.
6/8/14, 19:23
Шектібаева Айгерім Қуандыққызы
Салематсызба ағай!!! 06.06.2014жылы өткен ҰБТ-да 59 балл жинадым. Орыс тілін қоспағанда 48 балл. Физика пәнін таңдадым...қазақ тілінен 4 алдым,ал қалған пәндерден 3 алып қалдым...48 балмен сіздерге ақылы оқуға түсе аламынба??? жауабын күтемін)))
Құрметті Әйгерім! Жоғары бiлiм берудiң кәсiптiк оқу бағдарламаларын iске асыратын бiлiм беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгi қағидаларына сәйкес: 37. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға тестiлеу нәтижелерi бойынша мынадай пәндерден: мемлекеттiк немесе орыс тiлiнен (оқу тiлi), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәнінен кемінде 70 балл, ал «Білім беру», «Ауыл шаруашылығы ғылымдары» және «Ветеринария» мамандықтар тобы бойынша кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кемінде 55 балл, оның ішiнде бейiндi пәннен кемiнде 7 балл (әрбiр шығармашылық емтихан бойынша кемiнде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша кемiнде 4 балл жинаған, ҰБТ-дан өткен жалпы орта білім беру ұйымдарын ағымдағы жылы бітірушілер, кешендi тестiлеуге қатысушылар қабылданады. 38. ҰБТ немесе кешендi тестiлеу шеңберiнде тапсырылған пәндердiң бiреуiнен 4 балдан кем жинаған тұлғалардың ақылы негiзде оқуға қабылдануына немесе бiлiм беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуына жол берiлмейдi.