Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
8/1/12, 15:27
нурша дархан куандыкулы
салеметсизбе!!мен ент орыс тилисиз.53 балл алдым каз.тарих15.каз тили16.физика16.матем.6. мен электроника немесе радиотехника телекомуникациа мамандыгына акылы окуга тусе аламынба?
Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығына ақылы оқу бағасы төмендегідей: күндізгі оқу бөлімі – 390,0 мың, сырттай оқу бөлімі – 195,0 мың теңге.
8/1/12, 13:02
турусбаева гульзат
салеметсіз бе, осы жылы биотехнология мамандығына неше грант бөлінді магистратура бойынша, алдын ала рахмет!!!
Мемлекет тарапынан қанша білім гранттары жыл сайын бөлінетіндігі жөнінде мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз.
8/1/12, 12:17
*
салематсыз ба?сизде мунай иси бойынша сырртай оку турине миндетти турде УБТнын баллы 50 болу миндетти турде ме??
Құрметті Айдана! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті мұнай саласы бойынша мамандар даярламайды.
7/30/12, 22:17
Каламкас
Сәлеметсіз бе!! Таңдау пәнім физика Телекоммуникация факультетінің оқу ақысы қанша болар екен? 2012.
«Радиотехника, электроника және телекоммуникация» факультетінде күндізгі оқу бөлімі - 390,0 мың теңге, сырттай оқу және қашықтықтын оқыту бөлімдеріндегі оқу ақысы – 195,0 мың теңге.
7/30/12, 09:46
нурша дархан
салеметсизбе!ага мен ОКО хабарласып турмын мен убт 53.тарих 15.матем 6.каз.тили 16.физика16.алдым мен осы универге радиотехника телекомуника.факултетине алде электроэнергетикага тусе аламба?комерсиалыкка?жылына канша?алдън ала рахмет.
Құрметті Азамат! «Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар» және «Электроэнергетика» мамандықтары бойынша таңдау пәні физика болғанымен, математика бейіндік пән болып табылады, сондықтан көрсетілген мамандықтарға грантқа да, ақылы түрге де оқуға түсе алмайсыз. Математикаңыз 6 балл, ал физикаңыз 16 балл болғандықтан, Сіз бейіндік пәні физика болып табылатын мамандықтарға оқуға түсе аласыз, олар «Аграрлық техника және технология», «Технологиялық машиналар және жабдықтар» және «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету». Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
7/28/12, 17:44
Берікжан
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Сұрақты орынды қойып отырмағанда шығармын, алайда мен сіздің жоғары оқу орнынызға оқытушылық қызмет атқарғым келеді. соған орай менің сұрағым жоғары оқу орындарынызда құқықтану пөндерінен бос оқытушылық лауазымдық қызметіңіз бар ма? мен құқықтану магистрімін, онымен қоса туркия елінде докторантурада оқимын.
Құрметті Берікжан! Әрине, Сіздің сұрағыңыз орынды, себебі Астана қаласындағы іргелі оқу орындарының бірінде қызмет атқару әрбір жас маман үшін үлкен абырой екені мәлім. Біздің оқу орнымызда экономикалық теория және құқық кафедрасы бар, бірақ бұл кафедрада әзірге бос орын жоқ. Алайда болашақта босаған орындар болған жағдайда өзіңіз жайында ақпарат беретін түйіндемеңізді жіберер болсаңыз, ол мәселені қарастыруға болатынын мәлімдейміз.