Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/30/13, 20:04
Айдан
салеметсизбе Ақылбек Қажығұлұлы!!! мен биыл орыс тилисиз 84 БАЛЛ жинадым осы баллмен казАТУ га стандартизация сертификация жане метрология мамандығы бойынша грантка тусе аламба 2012 жылы канша баллмен тускен еди????рахмет
Құрметті Айдан! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданды. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы еді. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде көрсетілген мамандыққа мүмкін болатын 100 баллдан 88 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/26/13, 21:14
Аманжол Жандарбек
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы,СОПР-ларға(Колледжден кейін түсетін студенттерге) әскери кафедера болама? Алдын-ала рахмет.
Құрметті Жандарбек! 2013 жылдың 11 ақпандағы № 118 «Азаматтарды әскери қызметке дайындау, ұйымдастыру және өткізу ережесі және бастауыш әскери дайындықтың оқу-материалдық базасын құру» Үкімет Қаулысына сәйкес 6-ші тарау 78-шы тармағында көрсетілгендей, студенттерді әскери дайындық ЖЖО-ның оқу жоспарына, оқу жылының өз алдына жеке оқу пәні болып енгізіледі. Ол теориялық және тәжирібелік курстардан құрылады, ЖОО-нын бітіруге 1 жыл қалғанда оқу жиынымен аяқталады. Осыған байланысты, Сіз әскери дайындықтың толық курсын өтуге үлгермейсіз.
7/26/13, 12:05
Абдикулова Багжан
салеметсіздерме! Мен кешенді тестен 73 балл жинадым,тандау панім(физика),0сы балмен кандай мамандық бойынша грантқа түсуіме болады.жауап асыға күтем.рахмет
Құрметті Багжан! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 69-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/24/13, 13:36
Садықова Айнұр Шайұзаққызы
Сәлеметсіз бе,менін қызым кешенді тесттен орыс тілінсіз 59ұпай жинады,менің білгім келіп отырғаны 5в071900 радиотехника бөліміне ақылы түрде түсе алады ма,ақшасын жартылай төлей аламыз ба
Құрметті Айнұр! Оқуға Ұлттық бірыңғай және кешенді тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл, оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 баллдан кем емес жинаған талапкерлдер қабылданады. Аталған мамандық бойынша оқудың төлем ақысы 390,0 мың теңге құрайды. Бастапқы төлем мөлшері 50 % құрайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/23/13, 16:01
Дуйсенбек Айсулу Дилдабеккизи
Салеметсизбе Ақылбек Күрiшоб мырза сиздерде ауыл балаларин жатахханамен камтамасиз ету карастирилган ба.
Құрметті Айсұлу! Ауыл балаларын жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі университет басшысы ретінде менің басты назарымда. Жатақханаға студенттерді орналастыру тәртібі бекітілген ережеге сәйкес жүзеге асады. Арнайы құрылған Тұрғын үй комиссиясы студенттің оқитын курсын, әлеуметтік жағдайын, мемлекеттік грант иегері болуын ескереді. Жатақханаға орналастыру мезгілі 22 тамыздан басталады.
7/16/13, 20:22
Айым
Сәлеметсіз бе,Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Қазақ Агротехникалық Университетінің, ВжМШТ факультетінің 2курс студентімін. Былтыр №5 жатақханада тұрғанмын.Жатақхана ережелерін сақтадым,ескертулер болған жоқ. Биыл 2013-2014 оқу жылдарында жатақхана алуға мүмкіндік бола ма?
Құрметті Айым! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттерінің жатақханаларға орналасу мерзімі 23 тамыздан басталады. Сіздің мәселеңізді студенттердің жатақханаға орналасу тәртібімен айналысатын Тұрғын үй коммисиясы қарап, тиісті шешім шығарады.