Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/8/14, 16:48
Sagidolla moldir Молдир Омарбеккызы
Салеметсиз бе?Мен осы жылы убт тапсырдым.97 балл жинадым.орыс тилинсиз 83балл.биологиядан 23 жинадым.мен осы балмен жалпы медке тусе алам ба?
Құрметті Мөлдір! Бұл сұрағыңызды медициналық жоғары оқу орындарына жолдағаныңыз дұрыс болар. Біздің университеттің мамандықтары тізімін www.kazatu.kz ресми сайтымыздан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің биология пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Биылғы өтпелі баллдар қандай болатынын конкурс нәтижесі ғана анықтайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
6/7/14, 14:45
Қасымбек Ерсін Нұрболат
саламатсызба мен 54 балл алдым енди кандай универге тусе алам грантка тандаган паним биология жауабын кашан алам
Құрметті Ерсін! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің биология пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Биылғы жылдың балл мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады.
6/7/14, 00:38
Мухамбетярова Айслу Сакенкызы
Сәлеметсізбе! Менің қояр сұрағым, мен ҰБТ-дан 95балл (орыс тілсіз 80 балл) жинадым.Осы баллмен мен \"Өсімдік қорғау және карантин\" кафедрасына грантқа түсе аламынба?
Сәлеметсізбе Айсұлу! Сіздің сұрағыңыз бойынша 5В081100 – «Өсімдік қорғау және карантин» мамандығына мемлекеттік грант негізінде оқуға түсу баллы оқуға түсуге тілек білдірген талапкерлердің санына және олардың жинаған орташа баллына байланысты жыл сайын өзгеріп отырады. Сондықтан сіздің сұрағыңызға нақты жауап беру мүмкін емес. Дегенмен үмітті үзуге болмайды, аталған мамандық бойынша қазіргі таңда 1 курста 4 топ бар (2 қазақ және 2 орыс тобы, әр топтағы студенттердің саны 30-дан кем емес) және барлығы мемлекеттік білім гранты негізінде білім алады.
6/6/14, 23:13
Қасымбек Ерсін Нұрболат
саламатсызба мен тесттен 64 балл алдым енди кандай уни тусе алам
Құрметті Ерсін! Сұрағыңызда таңдау пәніңіз көрсетілмегендіктен Сізге нақты жауап бере алмаймыз. Қосымша тілді алып тастағанда кем дегенде 50 балл ұлттық емес жоғары оқу орындарына оқуға түсуге мүмкіндік береді. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556
6/6/14, 14:33
Мұқан Динара Нұрдаулет
Сәлеметсіз бе? Таңдау пәнім Химия. Осы 2014 жылда оқуға грантқа түсуге кем дегенде ҰБТ дан қандай балл жинау керек? Және химиядан қандай мамандықтар бар?
Құрметті Динара! Таңдау пәні химия болып табылатын мамандықтар: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу технологиясы». Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-73 балл жинаған (қалалық мектеп бітірген) және 51-61 балл жинаған (ауылдық мектеп бітірген) талапкерлер грант иегері атанды. Ал биылғы жылғы балл мөлшері тек қана конкурс нәтижесінде анықталатын болады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556
6/6/14, 11:40
Раисова Карашаш Татибаевна
11 сыныпты жақсы бағамен бітірдік, бірақ ЕНТ да 49 бал болды.Таңдаған пән физика болатын. Шығармашылық емтихан тапсырып сіздердің университеттеріңізге ақылы бөлімге түсуге болады ма? Сіздің жауабыңызды күтеміз, мен үшін өте қажет.
Құрметті Карашаш! Университетіміздің Сәулет немесе Дизайн (шығармашылық мамандықтар) мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер екі шығармашылық емтихан (Сурет және Сызу) тапсырады. ҰБТ пәндерінен 2 пән алынады: Қазақстан тарихы мен қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі). Барлық пәндерді (Сурет, Сызу, Қазақстан тарихы және тіл) қосқанда мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинауы тиіс. Шығармашылық емтихан бойынша 10-25 балл аралығында жинаса ғана тапсырылған болып есептеледі. Сондықтан талапкер жеткілікті деңгейде дайындықпен келуі тиіс, кез келген талапкер арнайы даындығы болмаса өте алмайды.