Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/28/12, 07:56
Nakip Abdurahim
Himia tandagan talapkerge kandai mamandiktar bar?
Құрметті Abdurahim! Химия пәнімен келесі мамандықтар бар: «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы». Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
7/26/12, 15:05
Ержан Шораев
Ассалаумағалейкум құрметті А.Қ. Күрішбаев мырза! Ораза айы қабыл болсын. Қасиетті айда айтылған тілектеріңіз періштенің құлағына шалына берсін. Әрқашанда мол табыстарға жете беріңіз. Мен 2012 жылы колледждi математика мамандыгын бiтiрдiм, койайын деген сурагым. Аке-шешем жок 2 топтын мугедекiмiн . Сiздiн оку орнынызга тусе аламын ба? Немесе кандай женiлдiктер карастырылган. Алдына ала рахмет! АЛЛА разы болсын!
Құрметті Ержан! Колледж түлектері жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін міндетті түрде кешенді тестілеу тапсыру қажет, ол тестілеудің нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинау қажет, оның ішінде бейіндік пән бойынша 7 баллдан, ал қалған пәндерден 4 баллдан кем болмауы тиіс. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
7/25/12, 20:41
Асетов Жандаулет
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен магистратураға маркетинг мамандығына тапсырып жатырмын тапсырар алдын 7 гранттан бөлінеді деген еді неге аз 2 ақ грант бөлінді сонда бұл бізді алдағаныма түсінбедім. Жауабыңызды күтем. Назар аударғаныңызға рахмет!
Құрметті Жандәулет! Жыл сайын мемлекеттік білім беру гранттарын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. Университет 2012-2013 оқу жылына магистратураның 6M0511 – «Маркетинг» мамандығы бойынша 7 орынға мемлекеттік білім грантына тапсырыс берген болатын, алайда аталмыш мамандық бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі 2 орынға мемлекеттік білім грантын бөлді.
7/25/12, 15:42
Жараскан Бисембаев
«ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ МАШИНАЛАР ЖӘНЕ ЖАБДЫҚТАР» кафедрасына грантка мункындыкым бар ма.82балл орыс тылын алып тастаганда 65.ОКО ШЫМКЕНТ каласынын тургынымын..
Құрметті Жарасқан! «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша ақылы оқу күндізгі бөлімде - 296,0 мың, сырттай оқу бөлімінде – 148,0 мың теңге. Мемлекет тарапынан бөлінетін білім гранттарына құжаттар қабылдау 31-ші шілде күні аяқталады. Құжаттарыңызды тапсыра беруіңізге болады.
7/24/12, 21:24
Бекмурат Мерует
Салеметсiзбе!Ораза айы мубарак болсын.Менiн кояр сурагым:коп балалы отбасыларга кандай комек бар екен?Мен негiзi УБТ-дан орыс тiлсiз 64 балл алып едiм.Менiн грантка окыгым келедi...
Құрметті Меруерт! Мемлекеттік білім гранттарына құжаттар тапсыру 31-ші шілдеге дейін, құжаттарыңызды өткізуге болады. Грантқа оқу туралы айтар болсақ, мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-31-75-56, e-mail: 711_12@inbox.ru
7/24/12, 20:11
Мухаммед Зулпиев
Ассалаумағалейкум құрметті А.Қ. Күрішбаев мырза! Ораза айы қабыл болсын. Қасиетті айда айтылған тілектеріңіз періштенің құлағына шалына берсін. Әрқашанда мол табыстарға жете беріңіз. Мен ОҚО-нан хабарласып тұрмын - 2012 жыл түлегімін. Мен кешендi тестiлеуден барлығы 74 жинадым! Менiн тортiншi панiм физика болды! Осы 74 балмен Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандыгына грант иегерi бола аламба? Я болмаса кандай мамандыктарга грантка тусе аламын? Алдына ала рахмет!
Құжаттар 2012 жылдың шілде айының 23-31 күндері қабылданады. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана белгілі болады, сондықтан қанша баллмен грантқа ие болатындығыңыз жөнінде нақты айта алмаймыз. Ақылы оқу бөліміне мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер түсе алады. «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» факультетінде ақылы оқу жүйесі төмендегідей: күндізгі оқу бөлімі – 390,0 мың теңге, сырттай оқу бөлімі – 195,0 мың теңге. Оқуға түсуге қатысты сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18.