Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/16/13, 03:51
Меруерт
Салеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы! Сізге кояр сурагым: Басқа калалардан келген ақылы оқитын студенттерге жатақхана беріледі ме?
Құрметті Меруерт! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттерін жатақханаға орналастыру мерзімі 23 тамыздан басталады. Бұл туралы толық мәліметті ҚазАТУ сайтынан танысуыңызға болады.
7/14/13, 15:16
Кайсар
сәлеметсізбе! мен ұбт-дан физика тандап 82балл орыс тілісіз 61балл жинаган едім. білгім келгені осы баллмен кезкелген мамандыққа грантқа түсе аламынба ?төмен баллды мамандықтарға граттына жете аламын ба?сізден жауап кутеп)рахмет
Құрметті Қайсар! Жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Университетте таңдау бойынша пәні физика болып табылатын 12 мамандық бар, 2012 жылдағы конкурста ол мамандықтар бойынша 69 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Оқу жылына бөлінген мемлекеттік білім гранттарының мөлшері туралы ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінң (www.edu.gov.kz) ресми сайтынан біле аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/14/13, 11:25
Керейгул
сәлеметсізбе! мен ұбт-дан 95, орыс тилсиз 76 балл алдым. Сиздерге кай мамандыкка тусе аламын?
Құрметті Керегүл! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. Сұрағыңызда таңдау пәні қандай екені көрсетілмегендіктен, қай мамандыққа оқуға түсе алатындығыңыз туралы нақты жауап бере алмаймыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, 398-018 е-mail: 711_12@inbox.ru
7/13/13, 19:13
Didar Kuanova
Сәлеметсізбе?) Сізге қояр сұрағым Сіздерде Есептеу техникасыжəне бағдарламалық қамтамасыз ету мамандығында Грант барма? грантка тусу ушин канша балл жинау керек?) жанеде оку акысы канша?)))
Құрметті Didar! Аталған мамандыққа Қазақстан бойынша 540 грант бөлінген, оның ішінде 351-і қазақ бөліміне. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде көрсетілген мамандық бойынша мүмкін болатын 100 баллдан 85 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. 2013-2014 оқу жылына 1 курстың төлем ақысы 346,6 мың теңге құрайды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/13/13, 10:55
Серикбаев Ернур
Ассалаумағалейкум аға.Мен биыл мектепті бітірдім.География пәнін таңдап ,ҰБТ-дан 95 балл алдым. Орыс тілсіз 76 баллмен сіздің университетіңізге қандай факультетке түсуге мүмкіндігім бар? Назарыңызға рахмет.Асыға жауап күтем.
Құрметті Ернұр! География пәнімен экономикалық және жерге орналастыру факультетінің мамандықтарына оқуға түсе аласыз, оқудың төлем ақысы 374,5 мың теңге. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні география болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 85-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/12/13, 16:08
Ибраткулоа Димаш
Салеметсiз бе ректор мырза! Мен УБТдан 87 балл,орыс тiлiнсiз 66балл алдым. Тандау панiм ФИЗИКА. Мен осы балмен осы университетке кандай факультеттерге грантка тусе аламын? Жауабыныз ушiн алдын ала РАХМЕТ!
Құрметті Димаш! Жоғары оқу орындарына тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер қабылданады, ал мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Университетте таңдау бойынша пәні физика болып табылатын 12 мамандық бар, 2012 жылдағы конкурста ол мамандықтар бойынша 69 және одан жоғары балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Оқу жылына бөлінген мемлекеттік білім гранттарының мөлшері туралы ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінң (www.edu.gov.kz) ресми сайтынан біле аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru