Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/6/14, 01:16
Турсынбеков Нуркен Жандарбекулы
Салеметсизбе,курметти ректор мырза!(кеширим суранам,казакша шрифт жок)Менин сурагым,мен ВиТЖ факультетинин битируши тулегимин.Ары-карай окуымды жалгастыру максатында,\"Болашак\" багдарламасы бойынша,магистратурага тапсыргалы жатырмын.\"Болашак\"багдарламасымен,университет арасында кандай байланыс бар.Естуимше,еки жак арасында келисимшарт болады екен.Осы жонинде толык магулмат берсениз.Рахмет!
Кұрметті Нұркен! Келісім шарт С.Сейфуллин Қазақ агротехникалық университетімен және «Болашақ» Халықаралық бағдарламалар орталығымен, үміткерлермен жасалады. Толық мәліметті www.bolashak.gov.kz сайтынан немесе университтіқ Халықаралық ынтымақтастық бөлімінен алуға болады. Байланыс телефон +7 7172 317719, кеңсе 611, e-mail: agun.katu@gmail.com
6/5/14, 19:44
Лесбек Мария Пернебек
Сәлеметсіздерме! Менің сіздерге қояр сұрағым мен 2014 жылғы ҰБТ-дан 79,орыс тілінсіз 70 балл жинадым. Таңдай пәнім химия.Мен енді грантқа түсе алам ба? Грантқа түсу үшін қай қалаларға тапсыруым керек. Алдын ала рахмет!
Құрметті Мария! Таңдау пәні химия болып табылатын мамандықтар: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу технологиясы». Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-73 балл жинаған (қалалық мектеп бітірген) және 51-61 балл жинаған (ауылдық мектеп бітірген) талапкерлер грант иегері атанды.
6/5/14, 19:25
Алимбек балым Алмасбекқызы
Менің ұлым ҰБТ-ден орыс тілін алып тастағанда 38 (50) ұпай жинады. Шығармашылық жұмыс тапсырып, архитектура саласына немесе құрылыс мамандығы бойынша ЖОО-на түсе алады ма?
Сәлеметсіңбе Балым! Сәулет факультетіне түсу үшін сіз тапсырған ҰБТ-дің тарих және қазақ тілі пәндерінен алған балл ескеріледі және екі шығармашылық емтихан тапсырасыз. Шығармашылық емтихандар: 1-Сурет гипстен жасалған «бас». 2- Сызу, заттың екі көрінісі беріледі, үшінші жағын табу және аксонометрияда салу керек. Барлық ақпарды мына сайттан көре аласыз: www.kazatu.kz
6/5/14, 18:41
Молдахмет Гулжанат Асылбеккызы
салеметсіз бе? мен ҰБТ-дан орыс тілінің балын алғанда 68 бал жинадым.тандау пәнім биология. қандай мамандыққа грантқа оқуға тусе алам???
Құрметті Гүлжанат! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің биология пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556
6/4/14, 19:44
Алматова Нуршат Ерболкызы
Сәлеметсіз бе? Мен кеше ғана ұбт тапсырдым тандаған пәнім биология 5 пән бойынша 73 балл алдым. Осы универдегі бір мамандыққа тандаған пәнім бойынша грантқа түсуге мүмкіндігім барма? биология пәнінен 5 деген баға алдым.
Құрметті Нұршат! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің биология пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Биылғы жылдың балл мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады.
6/4/14, 00:50
sandugash rahim murat
Сәлеметсізбе? Мен ҰБТ-дан 64 балл алдым,орыс тіліесіз 56 балл болып тур.Осы баллмен ЖОО түсе алам ба? Таңдау пәнім биология,ӨТІНІШ ЖАуАП ЖАзыП ЖІберіңіздер.
Құрметті Сандуғаш! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің биология пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Биылғы жылдың балл мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru