Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/24/12, 10:33
Ахметова Гулжихан
Сәлеметсіз бе? Акылбек Қажығулұлы !!! Мен ҰБТ-дан 86 балл, Қазақстан тарих 22, Қазақ тілі 20, Орыс тілі 18, Математика 10, физика 16. Орыс тілін алғанда 68 балл жинадым.Менің таңдаған пәнім Физика, жылу энергетикасы кафедрасы мамандағына грантқа түсе аламын ба? Және де оқу ақысы қандай?Алдын ала рахмет!
Құрметті Гүлжихан ! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады, талапкерлерден құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейінгі аралықта қабылданады. Ақылы оқуға түсетін талапкерлер үшін ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған, себебі мамандықтарымыздың төлем ақысы көл жетімді деңгейде. «Электроэнергетика» факультетінде ақы ақысы: күндізгі оқу бөлімі – 346,6 мың теңге, сырттай оқу бөлімі – 173,3 мың теңге. Мемлекет тарапынан бөлінген гранттар саны туралы мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан біле аласыз. Университетте ректорлық грант қарастырылмаған. Ресми сайтымыз: www.agun.kz
7/24/12, 08:04
Жандаулет
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы!Мен Маркетинг мемандығына тапсырған едім қанша грант бөлінгенін нақты білуге болама? Назар аударғаныңызға рахмет!
Жандәулет граннтар туралы толық ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан біле аласыз.
7/23/12, 18:44
Абзал Аль-Мұхит
Саламатсыз ба, университет ректорі!Маңғыстаудан хабарласып отырмын. Мен сіздің университетке 12-тамыздан кейін (яғни грант болмаған жағдайда)ақылы бөлімге құжат тапсырсам үлгерем ба? Күндізгі ақылы бөлімге құжаттар тапсыру уақыты қашан аяқталады? Онда да конкурс бола ма? Группаға қабылдайтын студенттер санына шек бар ма? Әлде оқуға ақылы оқығысы келетін студенттер түгел қабылдана ма?
Құрметті Абзал ! Ақылы бөлімге құжат тапсырып үлгіресіз, мемлекеттік грантқа құжаттар қабылдау 31-ші шілде күні аяқталады. Мамандықтарымыздың тізімімен университет сайтының «Талапкер» бөлігінен таныса аласыз. Студенттерді қабылдау барысы туралы ақпарат үшін 8-7172-317-556 студенттерді қабылдау бөліміне хабарласа аласыз.
7/23/12, 17:11
Әмірхан Айдын Амангелдіұлы
- Сіздердің университетте күндізгі бөлім оқу ақысы қанша және сырттай оқу ақысы қанша? - Колледжден кейін \"Орман ресурстары және орман шаруашылығы\" мамандығы бойынша сырттайғы бөлімде қанша жыл оқиды? Сырттайғы бөлімде грант бола ма?
Құрметті Әмірхан Айдынұлы! «Орман ресурстары және орман шаруашылығы» мамандығы бойынша сырттай оқу бөлімінің оқу ақысы - 124,7 мың теңге, сырттай оқу бөлімінде грант жоқ.
7/22/12, 22:07
Казбек Дастан
Саламатсыз ба? Физика пани бойынша кандай мамандыктарга грант коп болинген. УБТдан алган балым 88. Орыс тилин алганда 67 балл. Инженер мамандыгы бойынша толык курс бересиз бе? Алдын ала рахмет!
Құрметті Дастан ! Мамандықтарымыздың тізімімен университет сайтынан «Талапкер» бөлігінен таныса аласыз. Мамандықтар кестеде, таңдау бойынша пәндері келтіріліп, көрсетілген. «Инженер» мамандығы туралы ақпаратты біздің сайттағы «факультеттер» деген бөлімнен қарауыңызға болады. Мемлекет тарапынан қанша білім гранттары жыл сайын бөлінетіндігі жөнінде мәліметті (оның ішінде физика пәні бойынша да) ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз. Мемлекеттік грантқа құжаттар тапсыру басталды және 31-ші шілдеге дейін жүргізіледі. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (студенттерді қабылдау бөлімі).
7/22/12, 19:55
Жақыпбекова Тұрсынай
сәлеметсізбе? мен кешенді тестілеуден 75 балл алдым. таңдау пән биологиядан 20 балл алдым.осы баллмен грант иегері бола аламба?
Саламатсызба, Тұрсынай! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Мемлекеттік гранттан үміткерлер құжатты тапсыру басталды. Шілде айының 31-не дейін келіп құжат тапсыруыңызға болады. Анықтама алу үшін 8-7172-317-556 телефонына хабарласуға болады.