Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/2/14, 16:00
Сайлаубекова Фариза Ерболовна
Қайырлы күн! Саламатсызба! Менің сізге қояр сұрағым бар,жалпы мен 2-ші курсты бітірдім (экономика мамандығын). Жағдайымды айта кетсем, 1-ші курстын жарты жылын КазАТУ-да агрохимия почвоведения мамандығында оқыдым (орыс группасынды) өзім негізі қазақ мектебінде оқыған болатынмын, 2-ші семестрда КИТА (Қазақ Инженерлік-Техникалық Академияға)ауыстым, сол жерде мамандығымды экономикаға ауыстырдым және қазақ тобына ауыстым, жалпы түскенде 65, орыс тілісіз 51 бал, сізге қояр сауалым, менің Қазақ Агро техникалық университетке экономика мамандығына 3-ші курсқа түсуіме, ауысуыма мүмкіндігім бар ма? (осы жағдайды ескере отыра) бола ма? және, оқудын ақысы қанша? 375 деп естідім, сізден нақтылап сұрап алайын деп едім. Рахмет! Жауабынызды күтудемін
Құрметті Фариза! Білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 Қаулысы бойынша баска ЖОО-ға ауысу үшін қажет құжаттар тізімі: 1. Студент оқитын ЖОО-ның ректорының атына аудару туралы жазылған өтініші, өтініште ректордың рұқсаты және ЖОО-ның мөрі болуы қажет; 2. Сынақ кітапшасының көшірмесі; 3. Транскрипт түпнұсқа; 4. ҰБТ сертификатының көшірмесі (бейіндік пәндер бойынша математика пәнінен 7 баллдан кем емес, «ӘМС» мамандығы үшін 7 баллдан кем емес) Сіз бізге өзіңіздің құжаттарынызды әкеліп беріңіз, біз сол құжаттарды тексеріп сізге толық жауап береміз. Оқудың ақысы 3 – ші курста 2013-2014 оқу жылында 418 409 теңге болды.
6/1/14, 19:23
Рысмуханов Арман Серикович
Салеметсізбе!Ректор Мырза.Менің платонустағы журналдағы бағалар түгелі қойылған,бірақ транскрипт нұсқауында 1-ші семестірдің дене шынықтыру пәнінен 0 деген баға тұр,сондықтан менин GPA 2,8.Айталық,менин 1-ші семестірдің дене шынықтыру пәнінен қорытынды бағам 4,0.1-ші семестір GPA 3.33 болу тиіс,2-ші семеістр 3,33 ,1 курс GPA 3,33 тұру керек.Деканаттың қателігі деп түсінемін.Менің өтінішімді қарастыруыңызды сұраймын! Энергетикалық факультет,108-РЭТ студенті.
Құрметті Арман! Сіздің сұрағыңызға орай айтарым; Платонус жүйесі бойынша сабақтарға бағаны әр оқытушы өзі енгізеді. Деканаттың Платонус жүйесіндені бағаны қоюға немесе бағаны өзгертуге ешқандай құқығы жоқ. Сондықтан дене шынықтыру пәнінен алған бағаға орай келіспеушілік туындаған жағдайда Академиялық мәселелер жөніндегі департаменті-тіркеуші кеңсесіне (ректорат, 619 кабинет) хабарласуыңыз қажет.
5/30/14, 21:01
Нико
Сәлеметсізбе! Менің сізге коятын сурағым осы семестр барлық сабақ бес алайда тек бір ғана сабақ төрт. Бұндай жағдайда повышка алуға болама? Жок алде барлық сабақ 5 болу керек пе?
Құрметті Нико! Емтихан сессиясының нәтижелері бойынша тек «өте жақсы» деген бағалары бар студенттерге 15% жоғарылатылған стипендия беріледі.
5/30/14, 18:18
Мейрам Сатыбалдиев
Ассалаумағалейкум Ақылбек Қажығұлұлы, мен 3 курстын орыс группасын битирдим. Енди 4 курста казак группасына аусуга мумкундик бар ма? Мен грантта окимын. Грант, стипендия сактала ма? Дипломдык жобаны кай тилде жазу керек болады? Жауабынызга рахмет!
Құрметті Мейрам! Қазақ тобында бос орын болған жағдайда грантыңыз бен стипендияңызды сақтай отырып, ауысуыңызға болады. Дипломдық жобаны қай топта оқисыз, сол тілде жазуды жөн көріп тұрмын.
5/29/14, 11:58
Ұлданай
қайырлы күн!менің сізге қояр сұрағым физика пәнінен кыздарға лайық мамандықтар барма?
Құрметті Ұлданай! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік гранттар физика пәніне жеке бөлінбейді, таңдау бойынша пән физика болып табылатын мамандықтарға бөлінеді. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
5/28/14, 18:25
Гулмира
саламатсыз ба.менин койайын деген сурагым сиздерде сыртткай оку болими барма.оган колледжди битирген адам калай тапсырады онын устине 2009 жылғы бирирген және 11 сынып 2004 жылы битирген адам еш жерде окымаган адам калай тапсырады.ол үшін ҰБТ ға барып серитфикат алу керекпа или сиздер аркылы ма отинем жауап бериниздерши.менин мамандығым жерге орналастырушы мамадык средный ары карай жоғарыны сырртай битиргим келеди
Құрметті Гүлмира! Колледж бітірген талапкерлер жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеуді келесі 4 пән бойынша тапсырады: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау пәні (мамандыққа сәйкес). Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинауы тиіс, оның ішінде бейінді пән бойынша 7 баллдан, ал қалған пәндер бойынша 4 баллдан кем болмауы тиіс. Колледж бітірген талапкерлер жоғары оқу орындарының күндізгі бөліміне кез келген мамандықтарына оқуға түсе алады, бірақ толық бағдарламаға (оқу мерзімі – 4 жыл), ал егер де колледж мамандығы жоғары білім мамандығына сәйкес болған жағдайда қысқартылған бағдарлама бойынша оқи алады (оқу мерзімі – 3 жыл). Университетіміздің мамандықтары www.kazatu.kz ресми сайтымызда, «Талапкер» бөлімінде көрсетілген, ол жерде мамандықтарға сәйкес таңдау пәндері де нақты айқындалған. Ал мектепті өткен жылдары бітірген азаматтар тек қана күндізхгі бөлімге толық оқу бағадрламасына түсе алады, ол үшін кешенді тестілеу тапсырады. 2010 жылдан бері Қазақстан Республикасы бойынша орта білім негізінде (мектеп негізінде) сырттай оқу түрі бойынша қабылдау жүргізілмейді (БжәнеҒМ 2010 ж. 8 ақпандағы № 40 бұйрығы).