Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/22/12, 18:07
ramankulov chingizkhan
Salemetsizbe,Akilbek Kajigululi.Men jerge ornalastiru mamandiginin 1kursin ayaktadim.2kurstan keyin shetelge okuga yagni gemanyaga,tapsirgim kelip edi.Sizderde germanianin kanday universitetimen kelisim shart bar jane kanday shetelge tapsirudin bagdarlamalari bar.Konil bolgeninizge rahmet
Қайырлы күн Раманкулов Шынгызхан, Халықаралық бағдарламалар соның ішінде Алманиялық бағдарлама байқаулары туралы ақпаратты Халықаралық ынтымақтастық және көптілді оқытуын дамыту орталығынан алыңыз: Тел:31 77 19 немесе электрондық почта: oms_604@mail.ru
7/21/12, 22:10
Амангелдиев Данияр
Мен бухгалтерлік учет мамандығы бойынша колледжді қызыл дипломға бітірдім. Кешенді тесттен /география/ 51 бал жинадым. Қаржы бөліміне университетке сырттай бөліміне грантқа түсе аламын ба?
Құрметті Данияр! Саламатсызба! С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне қош келдіңіз. Біздің университетке талапкерлер оқуға жалпы орта білім және орта техникалық және кәсіптік білім негізінде мемлекеттік білім гранттары және ақылы келісім шарт негізінде қабылданады. Факультет «Экономика» - күндізгі оқу бөліміндегі оқу ақысы – 374,5 мың, сырттай оқу ақысы – 187,3 мың теңге. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы)
7/21/12, 21:52
Тунгышбаева Шырын
Сәлеметсіз бе Ақылбек мырза! Ораза айы қабыл болсын. Қасиетті айда айтылған тілектеріңіз періштенің құлағына шалына берсін. Әрқашанда мол табыстарға жете беріңіз. Мен ОҚО-нан хабарласып тұрмын, 2012 жыл түлегімін. Мен ҰБТ-дан барлығы 80, орыс тілін алғанда 59 жинадым. Аттестатымда барлық пәндерім 5, тек ҰБТ қорытындысы бойынша математика мен Қазақстан тарихы-3, ал таңдау пәнім физика-4 болып қалды. Мен осы нәтижеммен сіздің ЖОО-ға грантқа түсе аламын ба? Егер иә болса, қай мамандықтарға нұсқау берер едіңіз?Жауап күтемін. Алдын ала рахмет.
Құрметті Шырын ! Білім беру гранттарын беру жөніндегі конкурсты білім саласындағы уәкілетті орган құратын Комиссия өткізеді. Білім беру гранттарын талапкерлер өтініш білдірген нақты мамандықтар, тіл бөлімдері және оқу нысандары бойынша мамандықтар кезектілігіне сай білім беру грантын беру туралы куәлікті берумен қоса бірыңғай ұлттық немесе кешенді тестілеудің нәтижелері бойынша сертификаттар баллдарына сәйкес конкурстық негізде беріледі. Білім беру грантын алу конкурсында қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша балдар ескеріледі. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50 балл жинау қажет, оның ішінде бейіндік пән бойынша кемінде 7 балл, ал қалған пәндерден - кемінде 4 балл. Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды және 31 шілдеге дейін жалғасады. Анықтамалар үшін: тел.: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы).
7/21/12, 19:42
Гулмира
Саламатсыз ба!!! мен МАнгыстау политехникалык колледжді кызыл дипломмен битирдим! кешенді тестілеуден 55балл жинадым! мамандыгым программист! физикадан 9балл жинагам математика 12,казак тілі 14, казакстан тарих 18, окага тусе алам ба?Кызыл дипломнын комегі болама?
Гүлмира кешенді тестіден алған баллыңыз біздің университетті біліміңізді жалғастыруға жетеді. «Программист» мамандығын күндізгі бөлімде оқу-321,0, сырттай оқу ақысы-124,7 теңге болады. Құжаттарды қабылдау басталды.
7/21/12, 19:17
Азамат Сағынайов
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы! Мен комплекстік тестілеуден 56 балл алып едім (математика 4, физика 17, қазақ тілі 16, тарих 19).Ақпараттық жүйе кафедрасына ақылы түсе аламын ба?
Құрметті Азамат! Ақпараттық жүйе кафедрасында ақылы оқу, күндізгі бөлімде – 321,0 теңге. Сырттай оқу бөлімі – 160,5 теңге. Құжаттарды қабылдау басталды.
7/21/12, 16:36
Өтеуов Мұхит
Саламатсыз ба,ҚазАТУ ректоры! Мен Ақтау қаласынанмын,cізге осыған дейін хат жолдаған едім, жауап күтіп жүрмін. Мен сіздің университетке \"геодезия және картография\" мамандығына тапсырғым келеді.ҰБТ-дан орыс тілін қоспағанда 57 балл алдым.Сұрағым мынадай: Ақылы бөлімге құжат тапсыру мерізімі қандай және оған қабылданатын студенттер саны шектеулі ме? Астанадан қашықтау болғандықтан, мен 20-тамызда барсам үлгермей қалам ба деп уайымдап отырмын.
Құрметті Мұхит Өтеуов! Геодезия және картография мамандығында жылдық оқу ақысы; күндізгі бөлімде – 321,0 теңге, сырттай оқу бөлімі – 160,5 теңге. Құжаттарды қабылдау басталды. 8-7172-317-556 телефоны арқылы хабарласуға болады.