Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/28/14, 11:14
Қуаныш
Ассалаумағалейкум Ақылбек Қажығұлұлы! Мен Қазақстан Ресей Университетінің 1 курс студентімін, мамандығым дизайн, оқу үлгерімім жақсы. Сізге қояр сауалым Қазақ агротехникалық университетінің сәулетші мамандығына түсу үшін, қандай талаптар, қай күнге дейін орындалуы тиіс, және тиісті құжаттар тізімі қандай болуы керек?
Сәлеметсіңбе Қуаныш! Сәулет мамандығында 2 курс тобы толық, сіздің үлгеріміңіз жақсы болса транскрипт және сынақ кітапшасының көшірмесін бізге әкеліп салыстыру керек. Айырмашылық 5 пәннен аспауы тиіс. Егер оқуға қайта түскіңіз келсе шығармашылық емтихандар тапсырасыз. Сәулет факультеті туралы толық ақпаратты www.kazatu.kz сайтының факультеттер деген бөлімінен таба аласыз.
5/26/14, 19:26
Мирас
Құрметті Ақылбек аға мен сұрағым мен 2012 жылы ент тапсырғам сол сертификат бойынша жоғарғы оқу орнына түсуіме бола ма?
Құрметті Мирас! Биылғы жылы жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін Сіз міндетті кешенді тестілеу (математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі және таңдау пәні – мамандыққа байланысты) тапсыруыңыз керек, тестілеу нәтижесінде мүмкін 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинауыңыз қажет, оның ішінде бейіндік пән бойынша кем дегенде 7 балл, ал калған пәндер бойынша 4 баллдан төмен болмауы керек. 2012 жылы алған сертификатыңыз сол жылдың аяғына дейін ғана жарамды болды.
5/23/14, 21:42
Бектұрғанова Айгерім
Сәлеметсіз бе? Ректор мырза! Мен Экономикалық факультеттің 1 курсын бітірдім.Сізден сұрағым келгені:жақында менің әкем қайтыс болған еді. Отбасымызда анам ғана жұмыс жасайды. Мен ақылы оқитын едім. Осығын байланысты қандай да бір оқу ақысы жөнінен жеңілдіктер бола ма? Рахмет!
Сәлеметсіз бе, Әйгерім! Қайғыңызға ортақпыз. Бірақ, өкінішке орай, бакалаврды мақсатты дайындау келісім-шарты бойынша оқу ақысына ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған.
5/22/14, 10:13
appak
ветеринарлык санитарияга канша баллмен грантка тусуге болады
Құрметті Appak! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. 2013 жылғы конкурс нәтижесінде «Ветеринарлық санитария» мамандығы бойынша мүмкін болатын 100 балдан (орыс тілінсіз) 81 баллдан жоғары жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады, талапкер өтінішті таңдау пәні бірдей 4 мамандыққа бере алады. Сонымен қатар жыл сайын мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл мөлшері жоғарылап отыратындығын ескертеміз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
5/20/14, 23:31
Мараатұлы Нұрлан
Сәлеметсіз бе құрметті Ақылбек Қажығұлұлы.Мен энергетикалық факультетінің жылуэнергетика мамандығының 2 курс студентімін.Қояр сұрағым осы.Барлық пәннен 5 бир сабақ 4.Грантқа документтерди қашан тапсырса болады?Және қандай документтер тапсыру қажет?
Құрметті Нұрлан! Босаған білім гранттарына құжаттарды беру бекітілген тәртіптерге сәйкес каникул уақытында жүзеге асырылады. Босаған білім гранттары конкурсына қажетті құжаттар: жеке куәлік көшірмесі, транскрипт, өтініш. Толығырақ ақпаратты энергетикалық факультеттің деканатында біле аласыз.
5/18/14, 17:25
Асем Конилова
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы! Биыл ҰБТ тапсыратын едім, биология пәніне қатысты қандай мамандықтар бар? Жалпы қандай өзгерістер бар 2014 жылға?! Жылдық ақысы қандай, жатақана барма? Универ биыл жабылып қалмайма?
Құрметті Асем! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің биология пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 балдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Университетіміздің мамандықтары бойынша 2013-2014 оқу жылында жылдық оқу ақысы 350-375 мың теңге болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru