Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/20/12, 22:20
Маржан
Курметти Акылбек Куришбаев мырза!Менин сурагым келгени,мен ЕНТдан орыс тилин косканда 74 балл алдым(орыс тилисиз 59,физика 18).Менде ауыл квотасы бар.енди мен кандай мамандыкка конкурска документтеримди тапсыра аламын.Сол жайлы билгим келеди.Улкен РАХМЕТ!!!
Құрметті Маржан! ЕНТ-дан жақсы балл жинағаныңызбен құттықтаймын! Мемлекеттік гранттан үміткерлерден құжат қабылдау басталды. 31-ші шілдеге дейін келіп құжаттарыңызды тапсыруыңызға болады.
7/20/12, 21:59
Илиясова Маржан
салеметсиздер ме,мен ЕНТдан орыс тилисиз 59 балл алдым енди кандай мамандыкка конкурска документ тапсыра аламын,менде физикадан 18 балл.
Қабылдау мәселелері бойынша қабылдау комиссиясының телефондарына қоңырау шалып, хабарласыңыз. Телефондар: 8-7172-317-556 (қабылдау комиссиясы).
7/20/12, 17:24
Нәиев Абай
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы!мен ҰБТ-дан 61 балл алдым,орыс тілін алғанда 53 балл.Математикадан 5 балл,физикадан 17 балл алдым.Мен сіздің жоғарғы оқу орныңызға \"Ақпараттық жүйелер\" фаультетінің ақылы бөлімінде оқи аламын ба?соны білгім келеді...коп рахмет!
Құрметті Абай! «Ақпараттық жүйелер» факультетінде ақылы оқу жүйесі төмендегідей: күндізгі оқу бөлімі – 321,0 мың теңге, сырттай оқу бөлімі – 160,5 мың теңге. Құжаттарды қабылдау басталды.
7/19/12, 19:04
Енлик
салеметсиздерме? окуга тапсырганда проходной баллга жетпей калган жагдайда, ягни КТА-дан 50 балл жинай алмай калган жагдайда, 40балмен сырттай болимге кайта тапсыруга боладыма??
Құрметті Еңлік! Өкінішке орай, тестілеу нәтижесінде кемінде 50 балл жинай алмай қалған оқушылар жоғары оқу орындарына қабылданбайды. Қазіргі кезде Сіз колледжге оқуға бара аласыз, оны аяқтап, техникалық және кәсіптік білім алып, университетке сәйкес мамандыққа қысқартылған бағдарлама бойынша жалғастыра аласыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556
7/19/12, 10:37
курметкан Жанбота
мен ент-дан ,69 бал жинадым орыс тилин алып тастаганда 52 балсиздерде грантка окуга мункиндик барма????? жане грантка жетпей калса платна канша болат екен
Құрметті Жанбота! Жоғары оқу орындарындағы мемлекеттік гранттан үміткерлер құжаттарды 31-ші шілдеге дейін тапсыра алады. Құжаттарыңызды келіп тапсыра беруіңізге болады. Оқу ақысы туралы сұрақ қойған екенсіз, өкінішке орай Өзіңіз таңдаған бейімдік пәнді көрсетпепсіз. Сондықтан, таңдаған мамандығыңыз туралы ақпаратты толық берсеңіз. Оқуға түсуге қатысты барлық сұрақтармен мына телефондар және электрондық пошта арқылы хабарласа аласыз: 8-7172-317-556, 39-80-18, Ресми сайтымыз: www.agun.kz – «Талапкер» бөлімі.
7/18/12, 14:15
Алия Айбарова
Салеметсіз бе ректор мырза! Мен Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан хабарласып отырмын. Мен Ш.Есенов атындағы КМТжИУ-нің экология факультетінің 1 курс студентімін.Мен келесі жылдан бастап сізде оқығым келіп еді.Сізге қалай ауысуға болады?экология группасында орын бар ма?қандай құжатар керек екенін біллуіме бола ма?
Құрметті Әлия! Біздің университетте 5В060800-«экология» мамандығы бойынша мамандар даярлау жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №110 қаулысымен бекітілген «Білім ұйымдарында білім алушыларды қабылдау және ауыстыру ережесіне» сәйкес келесі құжаттар қажет: 1) басқа ЖОО-ға ауысуға ниет білдірген білім алушы білім алып жатқан ЖОО басшысының атына ауысу туралы өтініш береді және ауысуға мөрмен бекітілген жазбаша келісім алып, қызығушылық танытқан ЖОО басшысына өтініш білдіреді; 2) қабылдаушы ЖОО басшысының атына жазылған ауысу туралы өтінішке оқу ісі жөніндегі проректор мен офис-регистратор қол қойған, мөрмен бекітілген трансткрипттің; ұлттық бірыңғай тестілеуді немесе кешенді тестілеуді тапсырғандығы туралы сертификаттың; білім беру грантының иегері куәлігінің (егер грант иегері болса); оқыған ЖОО басшысының атына жазылған өтініштің (басшының қолымен және мөрмен) көшірмелері қоса тіркелуі қажет; Сонымен қатар туындаған сұрақтар бойынша 39-38-47, 39-78-07 телефондары бойынша хабарласуыңызға болады.