Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/17/14, 18:46
Махмутова Фариза
Саламатсыз ба?! менің сізге сұрағым: оқуға төлем арқылы түскен жағдайда төлем ақысы жыл сайын көтеріліп отырады ма?
Құрметті Фариза! Келісім шартта көрсетілгендей жыл сайын тек қана инфляцияға байланысты оқу ақысы көтеріледі.
5/16/14, 19:54
Мадина
Сәлеметсізбе, менің сізге қояр сұрағым Сәулет факультетінде жоғарғы математика оқытылады ма
Сәлеметсізбе, Мадина ! Сәулет өнері факультетінде жоғарғы математика пәні оқытылмайды
5/16/14, 19:18
Жансая Бақтиярова
Мен 10- сынып оқушысымын. Химия пәнін таңдап жүрмін! Фармацевтика саласында оқығым келеді.Ол үшін ҰБТ- дан қанша бал жинауым керек? Және осы сала бойынша оқу орындары қай жерлерде орналасқан? Және бұл сала жайлы не айтар едіңіздер, қиын ба?
Құрметті Жансая! Фармацевтика саласында оқығыңыз келсе, аталған мамандық бойынша дайындықты жүзеге асыратын оқу орындарына - медициналық жоғары оқу орындарына хабарласыңыз. Университеміздің таңдау пәні химия болып табылатын мамандықтар: 5В072700 – «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы», 5В072800 – «Қайта өңдеу технологиясы». Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 балдан 73 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
5/13/14, 19:53
Акишева Жулдыз
Сәлеметсізбе Ректор мырза! GPA баллдары қалай есептеледі және Президенттік шәкіртақыға тек ҮЗДІК бағалардың болуы шарт па әлде GPA баллдары болуы шарт па?
Құрметті Жұлдыз! Қазақстан Республикасы Президенті стипендиясын тағайындау туралы Ереженің 5 тармағына сәйкес Президенттік стипендия мемлекеттік білім беру гранты және ақылы келісім-шарт негізінде оқитын барлық оқу кезеңінде тек «үздік» (А, А-) бағалары бар жоғары курс (3-4 курс) студенттеріне тағайындалады.
5/13/14, 11:40
Молдабай Тлеуберды
Сәлеметсіз бе құрметті Ақылбек Қажығұлұлы. Мен Архитектура факультетінің Дизайн мамандығының 2курс студентімін.Қоятын сұрағым, менің барлық сабағым жақсы. Бір ғана пәннен 4 бар. ФОП-та домбыра үйірмесіне қатысамын. Концерттік бағдарламаға да қатысып жүрмін. Осыған байланысты грант болама? Тағы бір өтінішім әкем жоқ, жалғаз басты аналарға университеттен көмек бере ала ма? Толық емес отбасы ретінде.Көмек болса қандай көмек бере аласыздар?
Құрметті Молдабай! 2013-2014 оқу жылы бойынша «Дизайн» мамандығы бойынша мемлекеттік гранттан орын босаған жоқ, университетте Ректор гранты қарастырылмаған. Мемлекеттік гранттан орын босаған жағдайда ҚР БжҒМ бекіткен Ережеге сәйкес жалпы байқауға қатысасыз, ол үшін біліміңіздің деңгейі GPI (4.00) баллға жуық болуы тиіс. Өзіңіз айтқандай университет қабырғасында өткізіліп жатқан іс-шараларға белсенді қатысып жүргеніңіз құптарлық екен. Көп балалы отбасыларға берілетін көмектер туралы толық ақпаратты тәрбие істері жөніндегі департаменттен білу үшін ректорат, 615 бөлмеге хабарласқаныңыз дұрыс.
5/13/14, 00:21
Қасиет
Сәлеметсізбе, Ақылбек Қажығұлұлы. Сізге қояр сұрағым осындай: бір ғана үш шығып тұрса, оны қалай дұрыстауға болады? және барлық пәннен төрт пен бес деген баға шықса грант алуға бола ма?
Құрметті Қасиет! Сіздің курсыңызда мамандығыңыз бойынша білім гранты негізінде оқитын студент оқудан шығарылған жағдайда, Сіз осы босаған орынға белгіленген тәртіппен конкурстық негізде құжаттарыңызды тапсыра аласыз. Жоғары білім алу үдерісінде босаған бос білім гранттарын тағайындау туралы университеттің ішкі Ережесіне сәйкес (СМЖ 11010.24-2012) бос білім гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде үлгерімінің орташа балының көрсеткіштері барлық оқу кезеңі ішінде тек қана А, А-(«үздік»), содан соң А, А-(«үздік») бағаларынан В+, В, В- («жақсы») бағалары бар білім алушылар басым құқыққа ие болады. Демек, мемлекеттік білім беру грантын тағайындау тәртібі барлық оқу кезеңіндегі оқу үлгерімінің көрсеткішіне (GPA) байланысты. Оқытудың кредиттік технологиясы ережесіне сәйкес пән бойынша бағаңызды жоғарылату мақсатымен жазғы семестрде ақылы негізде пәнді қайта оқи аласыз.