Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/18/12, 12:47
Тлеубаева Арайлым
Құрметті ректор мырза!Сіздің университетіңізге түсу үшін қандай қүжаттар керек? Және У-086 справкасында флюрографияның суреті болуы керек пе? Ауруханада берілген жоқ,тек шет елдерге түсетін түлектерге беріледі деді
Арайлым! Университетке түсу үшін қажетті құжаттар: аттестат (диплом) түпнұсқа, 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, 086-У нысанындағы медициналық анықтама, жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесi, тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Анықтама телефондары: (8-7172) 317-556 (қабылдау комиссиясы).
7/18/12, 10:33
Мығымбаева Әсел Мешітбекқызы
Салеметсизбе ректор мырза! Мен 2012 жылғы Қызылорда қаласы, Сырдария ауданы, С.Сейфуллин ауылындағы 137 мектеп түлегімін. Қызылорда қаласында 3 маусым күні ҰБТ тапсырдым. Орыс тілі пәнін қоспағанда 57 балл жинадым. математика пәнінен 6 балл, физика пәнінен 15 балл жинадым. менде қандай мүмкіндіктер бар?
Құрметті Әсел! Құжаттар 2012 жылдың шілде айының 23-31 күндері қабылданады. Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана белгілі болады, сондықтан қанша баллмен грантқа ие болатындығыңыз жөнінде нақты айта алмаймыз. Ақылы оқу бөліміне мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинаған талапкерлер түсе алады. Сіздің ҰБТ-да алған баллыңыз ақылы оқу бөліміне қабылдауға мүмкіндік береді, қазіргі таңда құжаттар қабылдау басталды.
7/17/12, 22:31
Жуманова Айымжан
Салеметсизбе! Маган 2011 жылгы грант саны коп болинген жане ен аз балл мен тускен мамандыктарды жаза аласызба? Алдын ала коп рахмет
Құрметті Айымжан! Мемлекеттік грантқа құжаттар тапсыру басталды және 31-ші шілдеге дейін жүргізіледі. Мемлекет тарапынан қанша білім гранттары бөлінгені туралы ақпаратты ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz ресми сайтынан таба аласыз.
7/16/12, 14:24
Асыл
Сәлеметсіз бе! Сіздін оқу орнындағы \"технологиялық машиналар және жабдықтар\" мамандығын бітіргендер тек ауыл шаруашылығы саласында жумыс жасай ма әлде басқа салаларда да жұмыс жасай бере ме,мысалы транспорт саласында
Құрметті Асыл! «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығын бітірген бакалаврлар ауыл шаруашлығында ғана емес, сонымен қатар машина жасау, транспорт, тау-кен салаларында қызмет жасай алады.
7/13/12, 08:48
Аксеитова Асем
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы.Сізге бір сұрағым бар еді. Мен 2010 ж осы университеттің ветеринария факултеттің -\"051201Ветеринариялық медицина\" мамандыгын бітірдім. Енді магистратураға «ветеринариялық санитарияға\" түскім келеді.Менің өтінішімім осы магистратураны \"кешкілік оқуға\" ауыстыруға болмайма сағат 5-тен кейін? Сізден үлкен үмітпен жауап күтемін.Назар аударып оқығанызға рахмет.
Құрметті Әсем! Сіз магистратураның «Ветеринарлық санитария» мамандығына түсе аласыз. Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрінің 2011 жылғы «17» маусымдағы № 261 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім. Магистратура. Негізгі ережелер. (ҚР МЖМБС 5.04.033-2011)» ережесінің 4.6 тармағына сәйкес магистратурада білім алу тек қана күндізгі оқу түрінде жүргізіледі. Қосымша ақпаратты қабылдау комиссиясынан 31-75-56 телефоны арқылы алуыңызға болады.
7/9/12, 18:05
Салтанат
Сәлеметсізбе? Менің сізге магистратура бойынша бір қоятын сұрағым бар еді. Менің атым Салтанат. Мен осы жылы Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университеті Педагогикалық Технологиялар Институты \"050116- География\" мамандығын қызыл үздік дипломмен бітірдім. Бұйырса мен сіздің оқу орынға магистратураға түсейін деп едім. Менің сізге қоятын сұрағым: сіздің оқу орындағы \"6M0903 – Жерге орналастыру\" мамандығы бойынша магистратураға түсуге мүмкіндік бар ма? немесе осы менің бітірген мамандығыма сай сіздің оқу орында қандай магистратура бар. Тағы бір қоятын сұрағым магистратура бойынша қашықтықтан оқыту түрі бар ма? Менің сұрағыма жауап бересіңіз деген үміттемін. Алдын-ала көп рахмет!!!
Құрметті Салтанат! «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсу үшін қабылдау комиссиясына құжаттарыңызды тапсырыңыз. Сіздің таңдаған мамандығыңыз базалық біліміңізге сәйкес келмеуі себепті пререквизиттер (пән айырмашылығы) тапсыруыңыз қажет. Магистратурада білім алу тек күндізгі оқу түрінде жүргізіледі. 2012-2013 оқу жылына магистратурада білім алу ақысы 396 000 теңгені құрайды. Қосымша ақпаратты қабылдау комиссиясынан 31-75-56 телефоны арқылы алуыңызға болады.