Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
5/12/14, 19:10
Дарибаев Марат
Ассалаумағалейкум Ақылбек аға! Мен экономика факультетінің 1-ші курс студентімін.Аллах қаласа қарындасым биыл мектеп бітіргелі отыр,таңдау пәні биология,бізде осы пәнге байланысты қандай мамандықтар бар,және қаншалықты сұранысқа ие?
Құрметті Марат! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтының «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің биология пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Барлық мамандықтарымыз бойынша түлектер сұранысқа ие. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
5/8/14, 16:53
Айдана
Салеметсизбе! Менің сұрайын дегеним, жоғары оқу орнын биыл бітіремін. Мамандығым ГЕОГРАФИЯ. енді осы мамандық бойынша магистратураға тағы қандай мамандыққа түсе аламын? Әлде міндетті түрде әрі қарай тағыда география мамандығын таңдауым керкпе?
Сәлеметсізбе Айдана! C.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «География» мамандығы бойынша магистрлерді дайындамайды. Осы мамандық бойынша сізге гуманитарлық жоғарғы оқу орындарына түсу керек.
5/1/14, 14:53
Мәулен
Ассалаумағалайкум, мен Алматыдағы Қазақ ұлттық аграрлық университетінде 1-курыс грант бөлімінде оқыймын. Менің сіздердің университетте оқығым келеді. Егер ауысып барсам 2-курыстант бастап грантпен жалғастыра аламынба?
Құрметті Мәулен! Егер біздің университетке өзіңіз оқып жатқан мамандыққа ауыссаңыз, оқуыңызды мемлекеттік білім беру гранты негізінде жалғастыра аласыз.
4/30/14, 23:22
Сабыржан Болатханұлы
Сәлеметсізбе құрметті Ақылбек Қажығұлұлы?, мен энергетикалық факультетінің 1 курс студентімін,менің сізге қояр сұрағым биылғы оқу жылында әскери кафедраға қанша орын бөлінді? Және әр факультетке қанша орын бөлінді?
Құрметті Сабыржан! Әскери дайындыққа тартылатын студенттердің санын ҚР Үкіметінің 2013ж.11.02 № 118 Қаулысының 77т. сәйкес іріктеу комиссиясының отырысы басталар алдында Қорғаныс министрлігі анықтайды (көктемгі сессия аяқталғаннан кейін). Қазіргі уақытта үміткерлер медициналық куәландырудан, психологиялық іріктеуден өтті. Келесі кезең – дене дайындығы бойынша нормативтер тапсыру (кестелер деканаттарда бар). Әр факультет бойынша орындар іріктеу комиссиясының іріктеу нәтижесі бойынша анықталады.
4/27/14, 10:38
Күртебай Мейрамбек
Cәлеметсізбе! География пәні бойынша мамандыктарынын жылдык оку акысы канша!
Құрметті Мейрамбек! Таңдау пәні география болып табылатын мамандықтардың жылдық оқу ақысы 2013-2014 оқу жылында 374,5 мың теңге құрады.. Анықтамалар үшін телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/22/14, 23:52
4і курс студенті Нурсултан О.
Қайрлы күн Ақылбек Қажығұлұлы! Сізге қояр жалғыз сұрағым бар. Бұл сұрақты өтініш десе де болады. Күн жылығанда, өзімнің қала ішінде велосипедпен жүргендіктен, оқуға да әрдайым велосипедпен келіп тұрамын. Осы оқу жылының соңына дейін, университеттің барлық корпустардың айналасына велосипедті тұрақ қойсаңыз деген өтінішім бар. Өйткені келген сайын, велосипедті не ағашқа, не бағанға байлап қойып жүремін. Ойлап қарасаңыз, велотұрақты қоятын болсақ, адамдар велосипедпен көбірек жүретін болады, бұл деп отырғанымыз, олар өз денсаулықтарына пайдалы әсер тигізеді
Сәлеметсіз бе, Нұрсұлтан! Университет мүмкіндігінше агрономиялық факультетінде велотұрақ орнатып қойған. Келешекте университеттің әр ғимараттың алдында велотұрақ орнату қаралуда.