Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/6/12, 14:29
ТТурсунқұл Бекжан
Ассалламагалеикум ректор мырза сызден сураитыным сыздерде акылы окитын студенттерге жатаккана карастырылганбекен жане акылы окыгысы келген тулектерге кандаи женылдыктер бар
Құрметті Бекжан! Біздің университетте барлық студенттерге (оқу түріне қарамастан, барлығына бірдей) жатақханаларда бөлмелер бөлінеді. Әрине, ең біріншіден көпбалалы, толық емес отбасынан шыққан студенттерге орын бөлінеді. Бірақ, орын жетпей жатқан жағдайда, студент кезекке тұрып, кейін орналаса алады. Ақылы оқитын студенттерге арнайы жеңілдіктер жоқ.
7/1/12, 09:06
Қашағанова Салтанат
Салеметсіз бе ректор мырза! Мен Маңғыстау облысы Ақтау қаласынан хабарласып отырмын. Мен Ш.Есенов атындағы КМТжИУ ПТИ-н осы жылы бітірдім, енді мен сіздің оқу орынға қысқартылған білім беру (екінші жоғары білім)бағдарламасы бойынша 5В090300 «Жерге орналастыру» мамандығына түскім келеді. Менің қоятын сұрағым осы мамандық бойынша қысқартылған білім беру (екінші жоғары білім) бағдарламасы бойынша гранттар бөлінген бе. Осы мамандықтың күндізгі және сырттай бөлімінде оқу мерзімі қанша жылға созылады, және оқудың төлем ақысы қанша екенін білгім келеді. Сонымен қатар екінші жоғары білімге оқуға қабылдау емтихандары қандай пәндерден өткізіледі және де ол емтихандар ауызша, жазбаша, немесе тест түрінде өткізіледіме, соны білгім келеді. Менің сұрағыма мумкін болса тез арада жауап берсеңіз деп күтемін. Көп рахмет.
Құрметті Салтанат! «Жерге орналастыру» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсу үшін қабылдау комиссиясына құжаттарыңызды тапсырыңыз. Сіздің таңдаған мамандығыңыз базалық біліміңізге сәйкес келмеуі себепті пререквизиттер (пән айырмашылығы) тапсыруыңыз қажет. Магистратурада білім алу тек күндізгі оқу түрінде жүргізіледі. 2012-2013 оқу жылына магистратурада білім алу ақысы 396 000 теңгені құрайды. Қосымша ақпаратты қабылдау комиссиясынан 31-75-56 телефоны арқылы алуыңызға болады.
6/27/12, 13:02
Тастемиров Даурен Есенұлы
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы.Сізге қаитадан ғалам тор арқылы хат жазума тура келді..Әрине егер жеке қабылдауынызға кірсем басым көкке жеткен болар еді. Мен 2011 ж техникалық факултеттің\"050724-Технологиялык машиналар жане жабдықтау\" мамандыгын бітірдім.Енді магистратурага «6M0120 – Кәсіптік оқыту (сала бойынша)», түскім келеді.Менде қанша аиырмашылық болады және соны түскеннен кеиін төлеимін бе? Әлде документ қабылдаганша төлеу керек пе?? Сізден үлкен үмітпен жауап күтемін.Назар аударып оқығанызға рахмет.
Құрметті Дәурен! Сіздің бітірген мамандығыңыз магистратураның «Кәсіптік оқыту» мамандығынан гөрі «Аграрлық техника және технология» мамандығына көбірек сәйкес келеді. Ал егер де «Кәсіптік оқыту» мамандығына құжаттарыңызды тапсырсаңыз, онда Сіздің таңдаған мамандығыңыз базалық мамандыққа сәйкес келмеуі себепті «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» және «Этнопедагогика» пәндерінен айырмашылық тапсыруыңыз керек. Ол үшін 20 шілдеге дейін қабылдау комиссиясына құжаттарыңызды тапсырып, тіркеу кеңсесіне жазғы семестрге жазылуңыз керек. Магистрант магистратураға түсер алдында магистратураның сәйкес кәсіби оқу бағдарламасына қажетті барлық пререквизиттерді меңгеруі қажет. Магистратураның барлық мамандықтары бойынша оқуға түсуші талапкерлерге пререквизиттерді 5 тамызға дейін ақысыз тапсыруға рұқсат етілді. Қосымша ақпаратты қабылдау комиссиясынан 31-75-56 телефоны арқылы алуыңызға болады.
6/25/12, 17:21
Гулзира
Салеметсізбе,Ақылбек Кажигулович! Мен жылуэнергетика мамандығын осы жылы бітірдім. Магистратураға электрэнергетикаға түспекші ем. ол үшін экзаминдерге дейін пререквизит (9 кредит) төлеп оқуым керек. Бұл жүйе студенттер үшін тиімсіз деп ойламайсыз ба? Осы жағдай студенттердің наразылығын тудыруда. Пререквизиттерді магистратураға түскеннен кейін оқыған жөн емес пе? Осы мәселені қарастырсаңыз дейміз.
Құрметті Гүлзира! Магистратураның барлық мамандықтары бойынша оқуға түсуші талапкерлерге пән сәйкестіктерін (пререквизиттер) ақысыз тапсыруға рұқсат етілді және оқуға түсетін талапкерлер үшін жазғы семестр уақыты 2012 жылғы 5 тамызға дейін, ал жазғы семестрге тіркелу мерзімі 20 шілдеге дейін ұзартылды. Жазғы семестрге тіркелу үшін құжаттарыңызды қабылдау комиссиясына тапрсырғаннан кейін тіркеу кеңсесіне жазылуыңыз қажет. Барлық сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына 31-75-56 телефоны арқылы хабарласып ақпарат алуыңызға болады.
6/25/12, 14:44
Искаков Аманат
Құрметті Ректор мырза! Мен ҚазЭҚХСУ-нің \"Қаржы\" мамандығы бойынша бакалавр дәрежесін алдым. Енді магистратурага грантқа түсуге мүмкіндік бар ма? Және грант туралы ақпаратты қалай ала аламын?
Құрметті Аманат! Сіз «Қаржы» мамандығы бойынша магистратураға оқуға түсе аласыз. Жыл сайын мемлекеттік білім беру гранттарын ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. ҚР Білім және ғылым министрлігінен мемлекеттік білім гранттары туралы ақпарат келген жоқ. Қосымша ақпаратты қабылдау комиссиясынан 31-75-56 телефоны арқылы алуыңызға болады.
6/21/12, 16:47
Ахметов Ерік Шәріпбекұлы
Ассалаумағалейкум құрметті А.Қ. Күрішбаев мырза! Мен 050727 \"Азық-түлік тағамдар технологиясы\" мамандығын осы оқу жылында бакалавр дәрежесімен бітірдім. Енді оқуымды жалғастырсам деген ой бар еді, яғни магистратураға тапсыруға.Біздің мамандықта магистратура болмағандықтан, мен өзге мамандыққа тапсырғым келеді. Соған байланысты күрделі сұрақ туындап отыр. Яғни, басқа мамандыққа тапсырғандықтан біз пререквизиттерді тапсыруымыз керек. Қабылдау комисиясының айтуы бойынша біз оны сынақ алдында тапсыруымыз керек екен. Егер де біз сынақтан өтпеген жағдайда төленген ақша қайтарылмайды деп айтылды. Ол қазіргі кредиттер санымен есептегенде 50-70 мың аралығында. Неліктен олай? Өткен оқу жылында магистратураға түскен жағдайда ғана пререквизиттер төленген болатын. Неліктен бұл жылы ол өзгерді? Алдын ала төлеудің логикасы неде? Мысалы былтырғы жылы 200 бакалавр тапсырған, оның ішінде тек 80ге жуығы ғана грантқа түскен. Яғни жартысынан көбі түспеген. Бұл сұрақ көпетеген студенттерді өте қатты мазалауда. Осы сұраққа жауап беруіңізді сұраймын. РАХМЕТ
Құрметті Ерік! Магистратураның барлық мамандықтары бойынша оқуға түсуші талапкерлерге пән сәйкестіктерін (пререквизиттер) ақысыз тапсыруға рұқсат етілді және оқуға түсетін талапкерлер үшін жазғы семестр уақыты 2012 жылғы 5 тамызға дейін, ал жазғы семестрге тіркелу мерзімі 20 шілдеге дейін ұзартылды. Жазғы семестрге тіркелу үшін құжаттарыңызды қабылдау комиссиясына тапрсырғаннан кейін тіркеу кеңсесіне жазылуыңыз қажет. Магистрант магистратураға түсер алдында сәйкес кәсіби оқу бағдарламасына қажетті барлық пререквизиттерді меңгеруі тиіс. Барлық сұрақтар бойынша қабылдау комиссиясына 31-75-56 телефоны арқылы хабарласып ақпарат алуыңызға болады.