Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/22/14, 11:49
Гүлмира
сәлеметсіз бе? мен биыл кәсіптік оқыту бойынша сыртай бөлімді бітірдім, жазда магистратураға түспекпін, емтихан қашан болады? қандай пәндерден емтихан тапсырамын, дайындалуға материалдарды қайдан алғаным дұрыс? Рахмет
Құрметті Гүлмира! Қабылдау комиссиясы 2014 жылдың 10 шілдесінен 30 шілдеге дейінгі аралықта жұмыс істейді. Магистратураға түсу үшін емтихан 10 тамыздан 20 тамызға дейін болады. Магистратура және PhD докторантураға түсуші азаматтар түсу емтихандарын шет тілі (ағылшын, француз, неміс) және мамандық бойынша тапсырады. Шет тілінен жыл сайын ҚР БжҒМ Ұлттық тестілеу орталығы белгілейтін өтпелі баллды жинау керек. (шет тілінен түсу емтихандары туралы ақпаратты www.testcenter.kz сайтынан алуыңызға болады). Ал мамандық бойынша емтиханның сұрақтарын университет сайтынан www.kazatu.kz («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімі» – «Магистратура») алуыңызға болады.
4/18/14, 16:17
Мейіржан
Саламатсызба құрметті Ақылбек Қажығұлұлы, мен 4 курс студентімін, осы жылы ҚР Президентінің Халықаралық \"Болашақ\" бағдарламасы бойынша магистратураға түсейін деп жатырмын. Бағдарламадағы магистратураға түсу шарты бойынша оқу бітіргеннен кейін біздің университетімізде жұмыс жасайды деген құжат қажет екен.Сол құжатты алу үшін университетімізге жұмысқа қалай орналасуға болады.Осы сауалға жауап берсеңіз.Алдын ала рахмет.
Құрметті Мейіржан! ҚР Президентінің халықаралық «Болашақ» бағдарламасы бойынша магистратураға түсу үшін сіз жұмысқа орналасуыңыз керек. Жұмысқа орналасу үшін, сіз кафедраға лаборант немесе кіші ғылыми қызметкер ретінде орналасуыңыз қажет. «Болашақ» бағдарламасы жайында толық мәліметті университеттің халықаралық ынтымақтастық бөлімінен білуіңізге болады (Бас ғимарат, 611 кабинет, телефон 31 77 19).
4/18/14, 15:44
Дина Алданазарова
Сәлеметсіздерме? Ауылдық квотамен мұғалімдік оқуға түсіп, оқуды бітірген сон маған қандай міндеттер жүктеледі? мен ауылдық квотамен оқуға түскенім үшін, оқуды бітірген соң мені тиісті ауыл мектебіне жіберема? оған бару шартпа? бармаған жағдайда не болады?
Құрметті Дина! Университетімізде «Білім беру» бағыты бойынша 5В012000 – «Кәсіптік білім» мамандығынан ғана дайындау жүзеге асырылады. Аталған мамандықтан ауылдық квота бойынша мемлекеттік білім гранттары негізінде оқуға түскен студенттер, оқуды аяқтаған соң міндетті түрде ауылдық мекендерге жұмысқа жіберіледі. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысымен бекітілген Білім беру грантын беру ережесіне сәйкес: - ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға ұсынылған квоталар шегінде оқуға түскен білім беру грантының иегерлері ауылдық (бұдан әрі-ауыл) жерге жұмысқа жіберіледі; - педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға ұсынылған квоталар шегінде оқуға түскен білім беру гранты иегерлері үшін білім беру қызметтерін ұсынуға арналған шарт жасасқан кезде олардың оқу орнын аяқтағаннан кейін кемінде үш жыл ауылда орналасқан білім беру ұйымдары мен медициналық ұйымдарда жұмысты өтеу міндетті шарт болып табылады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/18/14, 09:26
Aidar
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен ҚазАТУ-дың 4-ші курс студентімің қойар сұрағым жақында мамандық бойынша 4 сабақтан мемлекеттік емтихан тапсырдым жақсы деген бағаға енді мені мазалаған жағдай дипломға қай баға тусеі? Яғни мен мемлекеттік емтихан тапсырған пәнді 3 курста оқығам 3 курста 80 балл алдым ал сол сабақтан мемлекеттік емтихан тапсыру қорытындысы бойынша 82 алдым осы баллдардың қайсысы дипломға түседі Рахмет!!!
Құрметті Айдар ! Сіздің сұрағыңыз бойынша диплом қосымшасына мемлекеттік емтихан тапсырған пәніңіздің 3 және 4 курстағы бағасы кіреді. 3 курста пән ретінде оқып емтихан тапсырсаңыз, 4 курста мемлекеттік емтихан ретінде қаралады.
4/17/14, 19:26
Құрбанбай Шарипа Бахытбайқызы
Сәлеметсіз бе, Ақылбек Қажығұлұлы?! Қызыл дипломға қатысты талаптар (GPA бағасы 3,5 жоғары, С \"қанағаттанарлық\" болмау керек, мемлекеттік етихандар үздік бағада болу керек) өзгеріссіз қалды ма? 2014 жылдың бакалавр түлектеріне де осы талап қойыла ма? Алдын ала алғысымды білдіремін!
Құрметті Шарипа! Сіздің сұрағыңыз бойынша қызыл диплом алу талаптары өзгеріссіз қалады, яғни: - Мемлекеттік емтихандарды және диплом жобасын тек «үздік» бағамен қорғау қажет; - Барлық оқу жыл барысында «қанағаттанарлық» бағаның болмауы; - Барлық оқу жыл барысында бағаны түзету, көтеру мақсатында «қайта тапсыру емтихан парақшаларының» болмауы; - Барлық оқу жыл барысындағы сабақ үлгерімінің GPA баллы – 3,5 жоғары болуы қажет.
4/17/14, 11:17
Әділжан Тілеуұлы
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы! менің сізге сұрағым, 4ші курсты бітіргеннен соң, шет елге магистратура оқуға баруға мүмкіндігім қаншалықты? (ағылшыннан білім деңгейім жақсы. және оган грант боладыма? рахмет.
Құрметті Әділжан! Казіргі уақытта университетті бітіріп жатқан және шет тілді жақсы меңгерген студенттерге арналған әр түрлі халықаралық бағдарламалар бар. Әр бағдарламаның талаптары әр түрлі және сіздің мамандығыңызға байланысты. Берілген бағдарламалар жайында толық мәліметті халықаралық ынтымақтастық бөлімінен білуіңізге болады (Бас ғимарат, 611 кабинет, телефон 31 77 19).