Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/20/12, 23:26
Бахтин Аскар КазАТУ
Ассалаумагалейкум, курметти ректор мырза! Мен осы жылы жылуэнергетика 050717 мамандыгын битирдим! Осы мамандык бойынша магистратура ашылады дейди, бул нактыма, осы жылы магистранттарды кабылдауга улгереме? Осы жайлы накты акпарат берсениз! Маган магистратурага тусуге кандай мумкиндиктер бар?
Құрметті Асқар! Магистратурада «Жылу энергетикасы» мамандығын ашу үшін жауапты кафедра қажетті құжаттарды дайындап жатыр. Құжаттарды қабылдау мерзімінің аяғына, яғни 20 шілдеге дейін аталмыш мамандық бойынша университет лицензия алып үлгерген жағдайда ғана оқуға түсушілерден құжаттар қабылданады. Қосымша ақпаратты университет сайтынан www.agun.kz («Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру және біліктілікті көтеру бөлімі» – «Магистратура») алуыңызға болады.
6/20/12, 18:37
Бақтияров Әлібек
Cаламатсызба! ветеринарлық медицина факультетіне,ақылы оқу бөліміне 25 ші маусымда құжаттарымды тапсырсам болама? қай мезгілден бастап қабылданады? рахмет!!!
Құрметті Әлібек! Егер де Сіз ҰБТ шеңберінде биологияны таңдап тапсырған болсаңыз, нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кемінде 50 балл алған болсаңыз, «Ветеринарлық медицина» мамандығына ақылы оқу бөліміне құжаттар 2012 жылдың тамыз айының 10-нан 20-на дейін қабылданады. Бірақ алдын ала құжаттарды мемлекеттеік білім гранттары конкурсына тапсыруыңызға болады, оған құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Конкурс нәтижелері тамыз айының 8-12 күндері аралығында белгілі болады. Ал егер де Сіз колледждің түлегі болсаңыз, міндетті түрде кешенді тестілеу тапсыруыңыз қажет, оған, құжаттар 2012 жылдың 20 маусымынан 9 шілдеге дейін қабылданады. Әрі қарай конкурсқа қабылдау мерзімі барлығына бірдей. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/20/12, 11:42
Азамат
Сәлеметсізбе ! Мен Қызылорда қаласындағы агро-техникалық колледжін бітірдім, енді сіздердін оқу орындарынызға түскім келеді Теміржол мамандықтарына экзамен кашан және оқу ақысын білгім келеді. Рахмет!
Құрметті Азамат! Колледж бітірген түлектер міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырады. Кешенді тестілеу келесі 4 пән бойынша өтеді: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі және таңдау бойынша пән (мамандыққа байланысты). Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кемінде 50 балл жинаған талапкерлер оқуға қабылданады. Колледж мамандығы университет мамандығына сәйкес келген жағдайда талапкер оқуға қысқартылған бағдарлама бойынша қабылданады. Оқу мерзімі: күндізгі бөлім – 3 жыл, сырттай оқу бөлімі – 3,5 жыл. Сұрағыңызда колледж мамандығы көрсетілмегендіктен, университетіміздің қай мамандығына сәйкес келетіндігі жөнінде мәлімет бере алмаймыз. Оқудың төлем ақысы: күндізгі бөлімде – 296,6 - 374,5 мың теңге аралығында, сырттай оқу бөлімінде – 148,3 - 187,3 мың теңге аралығында болмақ. Құжаттар 2012 жылдың 20 маусымына 9 шілдеге дейін өтеді. Тестілеу шілде айының 17-23 аралығында өтеді. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/19/12, 19:14
Жумабаева Марина Абдировна Проф-лицей №10 кзылорда
Сәлеметсіз бе ректор мырза!Менің қызым 57 балл алды,орыс тілін қоспағанда.Бірақ математикадан 6 балл, физикадан 15 балл,тарихтан 15 ,қазақ тілден 21балл алды Бейіндік пән кейбір мамндықтарға физика екен .Біздің таңдау пәніміз физика.Енді грант таңдауға болады ма, болса қандай мамандықтар.
Құрметті Марина! Бейіндік пән бойынша нәтижесі 7 баллдан кем болмау керек. Математикасы 5 балл, ал физикасы 15 балл болғандықтан Сіздің қызыңыз университетімізідң келесі мамандықтарына бара алады: 5В072400 – «Технологиялық машиналар және жабдықтар», 5В080600 – «Аграрлық техника және технология» және 5В081200 – «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету», себебі бұл мамандықтарбойынша бейіндік пән физика болып табылады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/19/12, 18:09
Салтанат
Сәлеметсіз бе, мен 2012 жылы ҰБТ тапсырып орыс тілінсіз 88 ұпай жинадым. Сіздерде стандарттау, сертификаттау факультетіне түсе аламын ба?
Құрметті Салтанат! Әрине, түсе аласыз. Мемлекеттік гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-31 аралығында қабылданады. Конкурс нәтижесі тамыз айының 8-12 аралығында белігіл болады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/19/12, 12:17
Гүлжайна
Салеметсизбе Ақылбек аға!менин сизге қояр сұрағым бар еді,мен биыл бітірдім жинаған балым 69 алғанда 55 тандау паним биология мен биология саласындағы дифектология мамандығына түсе алам ба?жәнеде қай қалада бар осы маман?жақсы жауап күтем және алдын ала рахмет жауабыңызға алланын нұры жаусын сізге!
Құрметті Гүлжайна! Өкінішке орай, университетімізде «Дефектология» мамандығы жоқ. Мұндай біліктілік бағыты медициналық мамандықтар шеңберінде дайындалады, сондықтан медициналық жоғары оқу орындарына хабарласыңыз. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.