Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
7/2/13, 17:54
Рысбеков Алиакбар
Сәлеметсіз бе? Құрметті ректор мырза мен 3 курсқа өттім бізге жатақхана беріле ма сол жөніңде сұрайын деген ем ?
Құрметті Алиакбар! С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттерінің жатақханаларға орналасу мерзімі 23 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында өтеді. Егер университеттің 1-2 курс студенттерінен кейін орын қалса, онда студенттің әлеуметтік жағдайына қарап тұрғын үй коммисиясы тиісті шешім шығарады.
7/2/13, 16:34
Абай
Ассалаумагалейкум,орыс тилинсиз 70 осы жылы Азық-түлік өнімдерінің технологиясы немесе Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы ГРАНТКА тусе аламын ба???Рахмет!
Құрметті Абай! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде аталған мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 63-68 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/2/13, 12:44
Наз
Салеметсизбе,72 балмен кандай мамандыкка грантка отуге болады? 5 пан география
Құрметті Наз! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні география болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 85-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/2/13, 12:40
Наз
Салеметсиз бе,72 балмен кандай мамандыкка грантка тусу мумкиншилик бар?
Құрметті Наз! Мемлекеттік білім гранттарына өтпелі баллдар мөлшері конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейін қабылданады. Өтініш беру кезінде талапкер 4 мамандық көрсетуге құқылы. 2012 жылғы конкурс нәтижесінде таңдау пәні география болып табылатын мамандықтарға мүмкін болатын 100 баллдан 85-100 балл жинаған талапкерлер грант иегері атанды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
7/2/13, 11:50
Шалабаева Асем Аманбаевна
Жатақханаға қай уакыттап бастап докуменнтер кабылдайды 17 тамызда барсам жатакханага орналаса алам ба?Актаудан
Құрметті Әсем! Сізді С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті студенттерін жатақханаға орналастыру 23 тамыздан басталады және бұл туралы толық мәліметті ҚазАТУ сайтынан алуыңызға болады.
7/2/13, 10:27
Мустафин Наухан
Сәлеметсізбе! Мен осы жылы «техник-электрик» мамандығы бойынша колледж бітірдім, қоятын сұрағым осы университетке сырттай оқуға түсуге бола ма? Сіздің университетте менің мамандығыма байланысты 4 мамандық бар екен, солар тегін бе?
Құрметті Наухан ! ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысына сәйкес орта кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнына түсу үшін әдістік жиынтық жөн-жосықтарының жүзеге асыру ережелеріне сәйкес, колледж бітірген түлектеріне жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тест өту керек. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады. Кешенді тестілеу 17 шілдеден 23 шілдеге дейін өткізіледі. Қажетті құжаттар тізімі: • аттестат (диплом) түпнұсқа, • 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, • 086-У нысанындағы медициналық анықтама, • жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесi, • тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Сіздің колледжде алған біліміңізге 5В071800 «Электроэнергетика» мамандығы исәйкес келеді, оқу мерзімі 3,5 жыл, оқу құны жылына 175 000 тенге. Байланыс телефондары: 8(7172)31-75-56, 39-80-18 Студенттерді қабылдау бөлімі; 31-80-90, 38-96-62, 39-40-19. Сырттай оқыту факультеті.