Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/15/14, 19:23
Бекмуратова Айман
Сәлематсыз ба?Ректор мырза.Мен 10 сынып оқимын.Таңдау пәнім физика.Соған қандай мамандықтар бар?Рахмет!
Құрметті Айман! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/13/14, 18:49
Абирахман Султан
Cаламатсызба, Ақылбек Қажығұлұлы! Мен осы жылгы (2014) 11 сынып тулегимин, тандау паним Биология. ЕНТ тапсырганнан кейин кандай мамандык тандай аламын жане неше балл керек?
Құрметті Сұлтан! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің биология пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/13/14, 15:10
ҚазАТУ Студенттік Парламент
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы біз сізді бүгінгі туылған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, сізге ұзақ ғұмыр , әр ісіңізге сәттілік ,отбасыңызға құт-береке тілейміз. БІЗ СІЗДЕЙ ҮЗДІК РЕКТОРЫ БАР УНИВЕРСИТЕТ ЕКЕНІМІЗГЕ МАҚТАНАМЫЗ !!!
Игі тілектеріңізге көп рахмет
4/10/14, 16:15
Ару Сабыр
Саламатсыздар ма, мен бұйыртса биылғы оқу жылының түлегімін.Таңдау пәнім биология болса қандай факультеттерге,кандай мамандыққа түсе аламын?
Құрметті Ару! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің биология пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
4/10/14, 11:55
Айгуль Жампеисова Абдигалимовна
Салеметсиз бе? Менің ұлым ЕНУ-да РЭТ факультетінде оқиды, онда оқу ақысы қымбат болып тұр, сол себебті сіздердің университетке ауыссақпа деп едік, ол мүмкін бе? немесе дистанционна оқуға.Дистанционна оқу сіздер де қарастырылған ба?
Құрметті Айгүл Абдигалимовна! Белгіленген тәртіп бойынша студеттердің өз оқу орнын ауыстыруы тек демалыс уақытында жүргізіледі, пәндер айырмашылығы 5 сабақтан аспауы керек және «РЭТ» мамандығы бойынша академиялық топта орын болған жағдайда ауысуға болады . «РЭТ» мамандығы бойынша қашықтықтан оқыту біздің университетімізде тек жоғары білім негізінде ғана оқытылады (2 ші жоғарғы білім алу) Толық ақпаратты энергетикалық факультеттің деканатынан біле аласыз.
4/3/14, 17:43
жанат
Салеметсіздер менің аты жөнім жанат,білгім келетіні магистратураын қытай елнде оқуға болама? және сол елдін тілінен емтихан болама? бару үшін қандай мамандықта оқу керек?
Сәлеметсіз бе, Жанат! Қытай елінде магистратурада оқу үшін: 1. Қытай тілінің HSK(қытай тілі деңгейн анықтау үшін) емтиханынан 6 балдық нәтиже болу керек. 2. Қазақстан азаматы немесе Қазақстан азаматтығын алу мерзімі 4 жылдан жоғары болу керек. 3. Бакалаврды толық қорғауы керек. Бакалавр дипломы қытай немесе ағылшын тіліне аударылып, нотариуспен расталуы қажет. 4. Екі доцент деңгейінен жоғары мамандардың мінездемесі керек. 5. Медициналық анықтама болуы керек. 6. Мамандықты өзіңіз таңдайсыз. 7. Документтерді қабылдау мерзімі - Наурыз айы. Қытай елінде оқу жөнінде басқа сұрақтарыңызға ҚазАТУдың Қазақ -Қытай ғылым және білім орталығы жауап береді. Байланыс телефоны: 48-18-60