Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/18/12, 23:42
Арайлым
Құрметті Ректор Мырза!Осы жылы мемлекеттік жоғары оқу орындаарына 70 балл орыс тілісіз дейді. Сіздің университетіңізге де қатысты ма? Мен ҰБТ-дан 71 балл, орыс тілісіз 56 балл. Математикадан 5 балл,физикадан 19 балл,тарих пен қазақ тіліден 16 балл,орыс тіліден 15 балл жинадым. Ақпараттық жүйелер кафедрасына ақылы түрде оқуға түсе аламын ба?
Құрметті Арайлым! Өкінішке орай, «Ақпараттық жүйелер» мамандығына Сіз бара алмайсыз, себебі бұл мамандықтың бейіндік пәні математика болып табылады, яғни ол 7 баллдан төмен болмау қажет. Сізде физика пәні 7 баллдан жоғары болғандықтан, тек қана бейіндік пәні физика болып табылатын мамандықтарға оқуға түсе аласыз, олар: «Технологиялық машиналар және жабдықтар», «Аграрлық техника және технология» және «Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету». Құжаттар 23-31 шілде аралығында қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/18/12, 23:22
Асанов Жанбоз
Cаламатсызба! Ректор мырза! Мен ҰБТ-дан 50 балл жинадым. осы 50 баллмен сіздің ЖОО-ға ақылы оқу бөліміне тусе алам ба?
Құрметті Жанбоз! Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (4 пән бойынша) кемінде 50 балл жинаған оқушылар ғана жоғары оқу орындарына қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/18/12, 19:03
Enlik
кеширниз тагы бир сурагым, колледждан кейин высшийга заочно тусу ушин кандай документтер жинау керек?? кандай кунменкай айларда?? бул ушинде тестилеуден оту керекпе??
Құрметті Еңлік! ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №111 қаулысына сәйкес орта кәсіптік оқу бағдарламалары бойынша жоғары оқу орнына түсу үшін әдістік жиынтық жөн-жосықтарының жүзеге асыру ережелеріне сәйкес, колледж бітірген түлектеріне жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тест өту керек. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер 20 маусымнан 9 шілдеге дейін қабылданады. Кешенді тестілеу 17 шілдеден 23 шілдеге дейін өткізіледі. Қажетті құжаттар тізімі: • аттестат (диплом) түпнұсқа, • 3х4 көлемiндегi 8 фотосурет, • 086-У нысанындағы медициналық анықтама, • жеке басын растайтын құжаттың көшiрмесi, • тестілеу нәтижесі көрсетілген (ҰБТ немесе ТКТ) сертификаты. Біздің мекен-жайымыз: Астана қ, Жеңіс даңғылы 62, Бас ғимарат. № 530, 531, 532 кабинеттері. Анықтама телефондары: 8-(7172) 31-75-56, 39-80-18. Біздің сайт: www.agun.kz және E-mail: 711_12@inbox.ru.
6/18/12, 16:39
Жака
Ассалаумагалейкум ага!мен осы универге туссем калай болад?52 балл алдым ,орыс тилин алсак 45 боп калад,сол:сиздин университетке кирип кетейн,матем:8,физика:17,каз тили:14,каз тарих:6,орыс тили:кай факултетке кирсем болад?
Құрметті Жака! Өкінішке орай, тестілеу нәтижесінде кемінде 50 балл жинай алмай қалған оқушылар жоғары оқу орындарына қабылданбайды. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/18/12, 15:36
Нурсагиева Енлик
алла амандыгын берсин, ректор мырза, салеметсизбе. мен шахтинск каласында телекоммуникация мамандыгы бойынша колледж битрген едим. битирер кезде НОК дегенди тапсырып сертификат алгам. аграрный универге тусу ушин тагыда тестилеуден оту кереекпе? 4жылдык окуды, кыскартып 3 жыл окитын база барма екен?? тез арада жауап беруинизди сураймын. рахмет, алла разы болсын
Құрметті Еңлік! Колледжді бітірген азаматтар жоғары оқу орындарына түсу үшін міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырады. Кешенді тестілеу келесі 4 пән бойынша өтеді: математика, Қазақстан тарихы қазақ немесе орыс тілі және таңдау бойынша пән (мамандыққа байланысты). Сіздің жағдайыңызда, колледждегі мамандыққа сәйкес келетін мамандыққа баратын болсаңыз, физика пәнін тапсырасыз. Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинау қажет, математика 7 баллдан төмен болмау қажет, ал қалған пәндер бойынша 4 баллдан кем болмау керек. Мұндай жағдайда қысқартылған мерзім бойынша оқу мүмкіндігіне ие бола аласыз. Күндізгі бөлім – 3 жыл (толық академиялық топ жинақталған жағдайда), сырттай оқу бөлімі – 3,5 жыл. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/18/12, 15:35
Уалихан Матаев
Саламатсызба, Акылбек Кажыгулулы?! УБТ дан алган балл 84, орыс тилсиз 71.тандау паним физика, осы баллмен грантка тусуге мумкиндик бола ма?
Құрметті Уәлихан! Мүмкіндік бар не жоқ екендігі туралы нақты мәлімет бере алмаймыз, себебі мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына талапкерлерден құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейінгі аралықта қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.