Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
4/3/14, 00:22
Жанымханова Улболсын Ержановна
Cәлеетсіздерме! сұрақ: дене тәрбиесі және спорт факультетіне грантқа түсу үшін қанша ұпайдан жоғары жинау керек және шамамен қанша грант бөлінеді бұл факультетке?
Құрметті Ұлболсын! Біздің университетте «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша дайындық жүргізілмейді. Университетіміздің «Дене шынықтыру» кафедрасының оқытушылары техникалық, ауылшаруашылық, экономикалық және сәулет өнері бағытында оқитын студенттерімізге «Дене шынықтыру» сабақтарын жүргізеді. Аталған мамандық бойынша оқытуды педагогикалық жоғары оқу орындары жүзеге асырады. Мамандықтар туралы мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтынан, ал мемлекеттік білім гранттарына межелік өту балдары туралы мәліметті Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтынан таба аласыз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
3/31/14, 23:55
Арай
Сәлеметсіз бе! Мен қазіргі таңда 10 сынып оқимын бірақ аудармашы мамандығын таңдағалы отырмын! Грантқа түсу үшін қанша балл алуым қажет ж/е бұл мамандық бойынша қандай оқу орын бар қай қалада алдын ала рахмет!
Құрметті Арай! Біздің университетте «Аудармашы» мамандығы бойынша дайындық жүргізілмейді. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
3/29/14, 19:39
Қанат Гүлайым
Сәлеметсіз бе? Мен Алматы мемлекеттік технологиялық және флористикалық колледжді бітіремін биыл. Мамандығым Оператор ЭВМ. Бұл колледж 1 жыл бұрын №8 лицей болған. Ал енді сұрақ мен сіздердің университеттеріңізге лицейдің дипломымен 3 курсқа қабылдана аламын ба? Рахмет!
Құрметті Гүлайым! Лицей түлектері жоғары білім мамандықтарына тек толық оқу бағдарламасына қабылданады (оқу мерзімі – 4 жыл), себебі кәсіптік-техникалық лицей орта білім беретін мекемелердің қатарына жатады. Оқуға түсу үшін міндетті түрде кешенді тестілеу тапсырады, келесі 4 пән бойынша: математика, Қазақстан тарихы, оқу тілі (қазақ немесе орыс тілі) және таңдау бойынша пән (мамандыққа сәйкес). «Ақпараттық жүйелер», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарының таңдау пәні физика болып табылады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
3/28/14, 15:36
Ақжол
Ассаламугалейкум!«Ақпараттық жүйелер» мамандыгына бесинши пан географияны тандау арқылы тусе аламынба?
Құрметті Ақжол! «Ақпараттық жүйелер» мамандығының таңдау пәні физика болып табылады, себебі бұл мамандық техникалық ғылымдар бағытына жатады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
3/26/14, 20:53
Ернар
Салеметсіздер менің аты жөнім Ернар мен Сәулет өнерін таңдау үшін сызу таңдасам боладыма ЕНТ да ,,және Астана қаласында аталған мамандық оқу орындары бар ма...мен өзім кішігірім уй пландарын сызам суретке өте жаксымын барлык компьютерлік программаларды игергем,,,жалпы оқуға ҰБТ тапсырып тускен оңай ма алде кешендік пе
Құрметті Ернар! Егер Сіз мектептің 11 сынып оқушысы болсаңыз, онда биылғы жылы жоғары оқу орындарына оқуға қабылдану үшін міндетті түрде ҰБТ тапсырасыз, ал егер колледж түлегі болсаңыз, міндетті түрде кешенді тест тапсырасыз. ҰБТ тапсырған жағдайда, ҰБТ шеңберінде міндетті болып табылатын 5 пәннің барлығын тапсырасыз, ал таңдау пәні ретінде мамандықтарға сәйкес кез келген пәнді тапсыра аласыз, себебі Сәулет немесе Дизайн (шығармашылық мамандықтар) мамандығына оқуға түсу үшін талапкерлер екі шығармашылық емтихан (Сурет және Сызу) тапсырады. ҰБТ шеңберінде Сызу пәнін таңдай алмайсыз, себебі ол ҰБТ пәндеріне жатпайды. Кешенді тестілеуді тапсырған жағдайда шығармашылық мамандықтарға оқуға түсетін талапкерлер 2 пән ғана тапсырады: Қазақстан тарихы мен қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі). Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
3/24/14, 01:19
Ғалымжан Сериков
Сәлеметсіз бе? менің қарындасым журналистика факультетіне түсуді жоспарлап отыр! Енді ол мамандыққа түсу үшін ҰБТ дан тек қана қазақ тілі мен Қазақстан тарихы ескеріле ме немесе барлық пән ескеріле ме және шығармашылық емтихан тапсырады ғой?! конкурс калай өтеді грантқа және өткен жылы грантқа қанша балдан бастап түсті? Рахмет
Құрметті Ғалымжан! Университетімізде журналистика мамандығы жоқ. Сондықтан Сіздің сауалыңызға нақты жауап бере алмаймыз, аталған мамандыққа оқытуды жүзеге асыратын бірнеше жоғары оқу орындары бар, солардың қабылдау комиссияларына хабарласқаныңыз дұрыс болар. Мамандықтардың таңдау пәні бойынша мәліметті ҚР Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтынан немесе Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтынан таба аласыз.