Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/18/12, 15:19
Жумагулов Абай
Сәлеметсізба Ақылбек Қажығұлұлы.Мен осы жылы 11сыныпты бітірдім ҰБТ-дан 90 балл алдым орыс тілді алып тастағанда 74 балл сіздің университетіңізге қаржы факультетіне түсе аламба? Tаңдау пәнінен 22,математикдан 17балл алдым.
Құрметті Абай! Құжаттар шілде айының 23-31 күндері аралығында қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/18/12, 12:43
Алишер Кабдыгани
Саламатсыз ба?! Ректор мырза, мен сiздiн университеттегi осы жылгы биологияга байланысты барлык окулардын жылына толем акысын бiлейiн дегем... Алдын ала рахмет!
Құрметті Алишер! Таңдау пәні биология болып табылатын мамандықтардың барлығына жаңа оқу жылында оқудың төлем ақысы 296,6 мың теңге мөлшерінде болмақ. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/18/12, 09:35
Аслан
Ассалаумалейкум,Ақылбек ағай! Мен мектеп бітірушімін. Таңдау пәнім Физика. ҰБТ-дан 82балл алдым, орыс тілін шегергенде 63 болды.тандау пәнім 15. Осы балл бойынша қай мамандыққа түсуге мүмкіндігім мол және өзіңіз қай мамандықты тандауға кеңес берер едіңіз?“Көлік, көлік техникасы және технологиялары”,«Стандарттау, метрология және сертификаттау» жөнінде не айтар едіңіз? Ауылдық квота бар. Бұл қаншалықты көмек бере алады? Және грант иегері болуға мүмкіндік бар ма? Жауабыңызға алдын-ала , Рахмет!!!
Құрметті Аслан! Аталған мамандықтар бойынша грантқа түсе алатындығыңыз немесе түсе алмайтындығыңыз туралы нақты мәлімет бере алмаймыз, себебі мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына талапкерлерден құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейінгі аралықта қабылданады. Ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтар үшін квота белгіленген мамандықтар бойынша конкурс мынадай түрде өтеді: осы мамандықтар мен оқыту тілі бойынша гранттардың жалпы санының 70 пайызы жалпы конкурс тәртібімен беріледі, ал қалған 30 пайыз грантқа конкурс тек ауыл (село) жастары арасынан шыққан азаматтарға өткізіледі. Университетіміздің барлық мамандықтарының түлектері еңбек нарығында үлкен сұранысқа ие, әрине мемлекет тарапынан гранттар қазіргі кезде тапшы мамандарға көбірек бөлінуде, ол техникалық және ауылшаруашылық мамандықтар. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/17/12, 23:50
Сембаева Айкен
Сәлеметсізбе Ақылбек Қажығұлұлы мен Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында Ақпаратық жүйе мамандығы бойынша білім алып шығам. сіз басқаратын универге КТА тапсыру арқылы грантка түсе аламба және неше баллмен. коп рахмет,.
Құрметті Айкен! «Ақпараттық жүйе» мамандығы бойынша грантқа түсе алатындығыңыз немесе түсе алмайтындығыңыз туралы нақты мәлімет бере алмаймыз, себебі мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Кешенді тестілеуге өтініштер 20 маусым 9 шілде аралығында қабылданады. Кешенді тестілеу 17-23 шілде аралығында өткізіледі. Гранттар конкурсына талапкерлерден құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейінгі аралықта қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/17/12, 21:55
Гулжайнар
Құрметті Ректор мырза! мен ҰБТ дан орыс тілді санағанда 78 балл жинадым. соның ішінде тарих 10,математика 7,география 21 балл. ҚазАТУ-дың \"Жерге орналастыру\" факультетіне тусе аламынба? және оку ақысы қанша? алдын ала рахмет.
Құрметті Гулжайнар! Түсе аласыз, егер де орыс тілін санамағанда 50 балл қалса. «Жерге орналастыру» мамандығының төлем ақысы 321,0 мың теңге құрайды. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/16/12, 21:38
Санбаева Зияда Сапарғалиқызы
Салеметсізбе Құрметті Күрішбаев Ақылбек Қажығұлұлы, мен Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің, агроинженерия (қазіргі аты аграрлы техник және технология) мамандығында бакалавр және магистратура бітірген едім, және \"Машина трактор паркін пайдалану кафедрасында\" оқи жүріп жұмыс жасағам, енді Астана қаласында осы жоғарғы оқу орнында жұмыс жасағым келеді. Сізге сұрағым сіздерге өз түйіндемемді жіберсем болама? қажет болған жағдайда Астана қаласына апарып берсем деп едім. Алдын ала рахмет!
Құрметті Зияда! Түйіндемеңізді электрондық поштамен жіберсеңіз болады, қарастыру үшін техникалық факультет деканына жолдаймыз.