Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
3/23/14, 21:48
айдана утепбаева
мамандықтар тізімін жибере аласыздарма?
Құрметті Айдана! Университетіміздің мамандықтары көрсетілген ақпараттық парақты осы жолдап отырған сауалыңызда көрсетілген Сіздің электрондық поштаңызға жіберілгендігін мәлім етеміз, сонымен қатар қажетті мәліметті ресми сайтымыздың «Талапкер» бөлімінен жүктей алатындығыңызды хабарлаймыз. Қосымша сұрақтарыңыз болса, төменде көрсетілген электрондық мекен-жай бойынша авторизация жіберіп, онлайн режимінде жауап алуыңызға болады. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
3/16/14, 17:26
Жібек Азатқызы
Сәлеметсізбе ректор ағай.менің сұрайын дегенім, мен география пәнін таңдап, архитектура факультетіне түсе аламын ба? Және мен: Қазақ тәлі пәнінен-24-25балл, Қазақстан тарихы пәнінен-17-19балл, математикадан-9-12балл, орыс тілі пәнінен-18-20балл және география пәнінен-20-22балл колемінде алып жүрмін. Нақты білімім де осылай деп ойлаймын. Қанша баллмен грантқа түсуге болады? Сонымен қатар шығармашылық жұмыста не жасайды соны нақты мәліметпен айта аласыз ба?Сіздің жауабыңызды күтемін. Алдын-ала үлкен рахмет!
Құрметті Жібек! Сәулет өнері факультетінде 2 мамандық бойынша оқытылады, олар сәулетші және сәулеттік дизайн. Дегенмен, сәулет өнері факультетіне түсу үшін сенің қандай пән таңдағаның ескерілмейді. ҰБТ-ны жақсы тапсырып жоғары балл алғаның дұрыс. Ал, ҰБТ-дағы ескерілетін пәндер Қазақстан тарихы мен Қазақ тілі. Бұдан тыс екі шығармашылық емтихан тапсыруыңыз керек. Шығармашылық емтихандарда сурет (гипстен жасалған бастың суретін конструктивті етіп салу) және сызу (аксонометрия) бойынша бақ сынайсыз. Толыққанды ақпаратты www.kazatu.kz сайтынан, «Талапкер» айдарынан алуыңызға болады.
3/15/14, 17:50
Оспанова Алия
Сәлеметсіз бе Ақылбек Қажығұлұлы! Мен 1-ші курс магистрантымын. Сізге қояр сауалым, биыл 1 курста қосымша оқу гранты бөліну мүмкін бе?
Сәлеметсіз бе, Әлия! Магистратураның барлық мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру гранттарын жыл сайын әрбір жоғары оқу орнына ҚР Білім және ғылым министрлігі тағайындайды. Қабылдау емтихандарының қорытындысы бойынша бөлінген орындарға үміткерлер болмаған жағдайда университеттер бос орындарды қайтадан Білім және ғылым министрлігіне қайтарады. Осыдан кейін бос гранттар жоғары оқу орындарының тапсырыстары негізінде (150 балдан жоғары жинаған үміткерлер болған жағдайда) университтеттер арасында қайтадан бөлінеді. Мұны «қосымша гранттар» деп атайды. Оқу үрдісі кезінде әртүрлі себептермен магистрант оқудан шығып кеткен жағдайда, босаған орынға үміткер, келісімшарт негізінде оқитын және емтихан сессиясын жақсы тапсырған магистранттар арасынан қарастырылады. Кімнің балы жоғары болса, сол магистрант білім беру грантына ие болады. Сіз 1 курс магистранты болсаңыз бұл туралы білуге тиіссіз. Мұндай сұрақтардың жауабын алу үшін кафедра меңгерушісіне немесе жоғары оқу орынан кейінгі білім беру бөліміне хабарласуыңыз керек.
3/13/14, 12:19
Баймахан Шынар
Салеметсизбе!Менин сурайын дегеним физкультура стипендияга влиять етема жокпа,мени сол сурак мазалайды отиниш жауап беринизши!
Уважаемая Шынар! Физическая культура является обязательным предметом, и оценка учитывается при назначении стипендии по результатам сессии.
3/10/14, 16:28
Абу Алиман
Саламатсызба Ректор Мырза! Сіз осының алдында футбол жайлы жауап берген едіңіз. Менің сұрайын дегенім Сарыарка спорткомлексы КазАТУ студенттерине тегін бе, және қандай уақытта ойнауга болады? Және де бизге КазАТУ-да футбол лигасын ұйымдастыруға комегіңізді білдіре аласыз ба? Мұндай лигалар басқа университеттерде жақсы дамып келе жатыр. Бізде футболға қызығатын студенттер өте көп. Рахмет!
Құрметті Абу Алиман! «Сарыарқа» спорт кешені университет студенттерімен дене тәрбиесі бойынша академиялық сабақтарды және спорттық секцияларды өткізуге арналған. Барлық сабақтар тегін өткізіледі. Осы спорт кешеніндегі спорттық іс-шаралар 2013 – 2014 оқу жылының басында жоспарланып, университетте бекітілген кесте бойынша өткізілуде. Университетте футбол лигасын ұйымдастыру бойынша сұрағыңыз келесі 2014 – 2015 оқу жылына арналған спорттық-бұқаралық іс-шаралар жоспарын құру кезінде оқу жылының басында қарастырылатын болады.
3/9/14, 22:58
Жулдыз Хахарманы
Сәлеметсіз бе? Мен 9дан кейін колледжде \"Бастауыш білім беру\" мамандығы бойынша бітіремін. сізге сұрағым мен осыны бітіргеннен кейін жоғарғы оқу орнына түсу үшін ент тапсыруым керек пе? және осы мамандықтан басқа қандай мамандықты таңдасам да бола ма? өтініш жауап күтем сізден!
Құрметті Жулдыз! Колледж бітірген талапкерлер жоғары оқу орнына түсу үшін кешенді тестілеуді келесі 4 пән бойынша тапсырады: математика, Қазақстан тарихы, қазақ немесе орыс тілі (оқу тілі) және таңдау пәні (мамандыққа сәйкес). Тестілеу нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан кем дегенде 50 балл жинауы тиіс, оның ішінде бейінді пән бойынша 7 баллдан, ал қалған пәндер бойынша 4 баллдан кем болмауы тиіс. Колледж бітірген талапкерлер жоғары оқу орындарының күндізгі бөліміне кез келген мамандықтарына оқуға түсе алады, бірақ толық бағдарламаға (оқу мерзімі – 4 жыл), ал егер де колледж мамандығы жоғары білім мамандығына сәйкес болған жағдайда қысқартылған бағдарлама бойынша оқи алады (оқу мерзімі – 3 жыл). Университетіміздің мамандықтары www.kazatu.kz ресми сайтымызда, «Талапкер» бөлімінде көрсетілген, ол жерде мамандықтарға сәйкес таңдау пәндері де нақты айқындалған. «Бастауыш білім беру» мамандығы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылы 21 маусымдағы № 316 бұйрығымен бекітілген «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі кәсіптер мен мамандықтардың жіктеуіші мен Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтары жіктеуішінің сәйкестік кестесі» бойынша университетіміздің «Кәсіптік білім» мамандығына сәйкес келеді. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556