Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
6/16/12, 20:09
Ұлдана Тухбаева
Сәлеметсізбе!мен ҰБТ-дан 88балл, орыс тілсіз 69 балл жинадым,ауыл квотасымен грантка түсе аламынба?таңдау пәнім биология
Құрметті Ұлдана! Грантқа түсуге мүмкіндігіңіз бар не жоқ екендігі туралы нақты мәлімет бере алмаймыз, себебі мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына талапкерлерден құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейінгі аралықта қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/16/12, 19:25
меруерт
Құрметті Ахылбек Қажығұлулы :мен ҰБТ дан орыс тілінсіз 65 балл жинадым,мен сіздің университетіңізге грандқа құжат тапсыра алам ба?
Құрметті Меруерт! Тапсыра аласыз, егер, таңдау бойынша пәніңіз біздің мамандықтардың таңдау бойынша пәндеріне сәйкес келсе, олар мынадай: география, физика, химия және биология. Гранттар конкурсына талапкерлерден құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейінгі аралықта қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/15/12, 20:58
Елдос
Сәлеметсізбе.Мен УБТ-дан 92 алдым.Тандау пәнім география орыс тілін алып тастаганда 74.Сіздерге грантқа түсуге мүикіндік бар ма?
Құрметті Елдос! Мүмкіндік бар не жоқ екендігі туралы нақты мәлімет бере алмаймыз, себебі мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына талапкерлерден құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейінгі аралықта қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/15/12, 18:05
Гулим
Салеметсi3бе!Мен биыл битирдм.2 си куни тест тапсырдм.Химия пани бойынша кандай мамандыктар бар?жалпы фармацефтика мен педагокикага канша балл кажет етеди,нактырак айтсаныз,алдын ала рахмет
Құрметті Гүлім! Химия пәнімен келесі мамандықтарға оқуға түсе аласыз: «Азық-түлік өнімдері технологиясы» және «Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы». Жалпы фармацевтика және педагоика мамандықтары біздің университетте жоқ. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, 398-018, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/15/12, 15:18
салтанат
Сәлематсыз ба!Мен,биыл ҰБТ тапсырдым.Жыл бойы үздіксіз ҰБТ-ға дайындалғанмен,орыс тіліні алып тастағанда 47 балл.Арманым грантқа түсу еді,ол ойым іске аспайтын сияқты.Сізден сұрайтыным,\"кешенді тестілеу\" деген не,оны кімдер тапсырады және жоғарғы оқу оындарына құжаттарды қай уақытта тапсырады? Рахмет.
Құрметті Салтанат! Кешенді тестілеуді колледж түлектері мен мектепті алдыңғы жылдары бітірген талапкерлер тапсырады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.
6/15/12, 09:32
Айбек
Сәлеметсизбе Ректор мырза.Мен осы 2012 жылы 11 сыныпты бітірдім.Жинаған баллым 91,орыс тілін алып тастаганда 76.Таңдау пәнім география.Осы жинаған баллыммен сиздерге «геодезия және картография» мамандығына грантқа тусе аламынба?Рахмет.
Құрметті Айбек! «Геодезия және картография» мамандығы бойынша грантқа түсе алатындығыңыз немесе түсе алмайтындығыңыз туралы нақты мәлімет бере алмаймыз, себебі мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл деңгейі конкурс нәтижесінде ғана анықталады. Гранттар конкурсына талапкерлерден құжаттар шілде айының 23-нен 31-не дейінгі аралықта қабылданады. Анықтамалар үшін: тел. 8-7172-317-556, e-mail: 711_12@inbox.ru. Ресми сайтымыз: www.agun.kz – Талапкер бөлімі.