Басты бет / Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Басшыға сұрақ
Тіреуов Қанат Маратұлы
Экономика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі
«С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КеАҚ Басқарма төрағасы

Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті - Қазақстан Республикасындағы ауыл шаруашылығы және техникалық бағыттағы ең ірі университет.

Университет отандық жоғары оқу орындарының көшбасшыларының біріне айналды. 2012 жылы QS халықаралық агенттігінің рейтингі бойынша университет 601+ қатарына кірді. Қазақстандық үздік сегіз ЖОО мен жыл сайынғы Шығыс Еуропа мен Орталық Азия ЖОО рейтингінде QS UniversityRankings:  EECA 2018 университет топ + 200 қатарына кіреді.

Басшыға сұрақ
Вопросы и ответы
3/9/14, 15:54
aidana Skakova
Салеметсизбе Акылбек агай ! мен 11 сынып битируши тулегимин! мен казир орыс тилин алып тастаганда 65 баллмен кандаи мамандык бойынша оки аламын ! менин тандап откан паним физика!
Құрметті Айдана! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556
3/6/14, 20:03
Айпарша
Салеметсыз бе? Мен 11-сынып окимын. менын 5-шы панiм биология. биология паныне кандай мамандыктар бар жане кандай оку орындарына туссем болады жане канша балмен?
Құрметті Айпарша! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің биология пәніне сәйкес мамандықтары бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 711_12@inbox.ru
3/5/14, 17:22
аскарова гаухар
салеметсизбе, сизге отиниш жасайындеп ем мен курмангазы коледжна окуга актериса мамандыгына туским келеды ол ушин кандай китап пан керек жане кандай тапсырма болу керек
Құрметті Гаухар! Сіз бұл сауалыңызды өнер саласына мамандарды даярлайтын арнайы оқу орындарына жолдағаныңыз дұрыс болар. Олардың қатарында Қазақ ұлттық өнер университеті, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық Консерваториясы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер Академиясы және т. б. бар.
3/3/14, 02:04
Шынгыс
Құрметті Ақылбек Қажығұлұлы. Мен энерго факультетінің 2-курс студентімін. Сізге қояр сұрағым... баска университетке өзімнің мамандығым бойынша ауысуыма болама және мемлекеттік грант сакталама?Отінемін толығырақ айтып өтсеніз,, Алдын ала рахмет!
Құрметті Шыңғыс! Сіз басқа университетке демалыс уақытында сессияны толық жапқаннан кейін ауысуыңызға болады. Сіз білім алып жатқан мамандыққа ауыссаңыз, Сіздің білім грантыңыз сақталады.
2/26/14, 17:39
Дінмұхаммед
Саламатсызба.Мен 11-сынып түлегімін.Физика пәнін таңдадым.Қандай мамандық бар және грантқа орыс тілінсіз неше балл қажет?
Құрметті Дінмұхаммед! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Таңдау пәні физика болып табылатын мамандықтар бойынша оқыту келесі факультеттерде жүзеге асырылады: Техникалық факультет: - 5В071300 - Көлік, көліктік техника және технология; - 5В072400 - Технологиялық машиналар және жабдықтар; - 5В073200 - Стандарттау, метрология және сертификаттау; - 5В080600 - Аграрлық техника және технология; - 5В090100 - Көлікті пайдалану, жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру; Компьютерлік жүйелер және кәсіптік білім беру факультеті: - 5В012000 - Кәсіптік білім; - 5В070300 - Ақпараттық жүйелер; - 5В070400 - Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету; Энергетикалық факультет: - 5В071700 - Жылу энергетикасы; - 5В071800 - Электр энергетикасы; - 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация; - 5В081200 - Ауыл шаруашылығын энергиямен қамтамасыз ету. Көрсетілген мамандықтар бойынша 2013 жылғы конкурс нәтижесінде мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 69-97 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556
2/26/14, 17:35
Әсел
Сәлеметсізбе.Биыл мен 11-сынып түлегімін.Биология пәнін таңдадым.Грантқа түсуге сенімді болу үшін кемінде неше балл орыс тілінсіз жинауым қажет?Алдын-ала рақмет.
Құрметті Әсел! Мамандықтар тізімін университетіміздің www.kazatu.kz ресми сайтынан, «Талапкер» бөлімінен қарай аласыз. Университетіміздің таңдау пәні билогия болып табылатын мамандықтарымыз: Биотехнология, Агрономия, Мал шаруашылық өнімдерін өндіру технологиясы, Топырақтану және агрохимия, Аңшылықтану және аң шаруашлығы, Балық шаруашлығы және өнеркәсіптік балық аулау, Өсімдік қорғау және карантин, Ветеринарлық медицина, Ветеринарлық санитария. 2013 жылғы конкурс нәтижесінде осы көрсетілген мамандықтарымыз бойынша мүмкін болатын 100 баллдан (орыс тілінсіз) 73-87 балл аралығында жинаған талапкерлер грантқа ие болды. Мемлекеттік білім гранттары конкурсына өтініштер 23-31 шілде аралығында қабылданады, талапкер өтінішті таңдау пәні бірдей 4 мамандыққа бере алады. Сонымен қатар, жыл сайын мемлекеттік білім гранттарына өтпелі балл мөлшері жоғарылап отыратындығын ескертеміз. Анықтамалар үшін: телефон: 8-7172-317-556, е-mail: 1_12@inbox.ru